Home » Мақалалар » «Ана- аса қымбатты жан!»

«Ана- аса қымбатты жан!»

Калыкова Асима Нурсаиновна
Талдықорған қаласы
№8 Күншуақ бөбекжай- балабақшасы
Тәрбиеші

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әжелер, қонақтар және де әріптестер. Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге арналған «Қуаныш» тобының дайындаған «Ана-аса қымбатты жан» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. «Қуаныш» тобының балаларын қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Балалар бүгін кімнің мерекесі?

Балалар: Аналарымыздың мерекесі

Жүргізуші: Аналарымыздың мерекесіне сыйлықты қайдан алуға болады?

Балалар: Сауда үйінен аламыз.

Жүргізуші: Ендеше сыйлық алу үшін сауда үйіне поровозға отырып барайық.

(балалар залға поровоз болып кіреді)

Жүргізуші: Сәлеметсізбе. Біз анамызға арнап сыйлық іздеп жүр едік.

Сатушы: Сәлеметсізбе. Қош келдіңіздер. Өздеріңіздің мерекеге дайындықтарыңыз қалай?

Жүргізуші: Біздің балалар аналарға арнап ән жаттады.

Ән: «Ақ гүлім»

Сатушы:  Өте жақсы

Жүргізуші: Қуаныш тобының балалары өлең шумақтарында біледі.

Хатидже:  Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.

Аянат:  Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.

Нұрсәуле:  Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл — қызың.

Ақбота: Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.

Аминат: Ақ сүт берген балаңа
Күш — жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған

Арзу: Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым

Аниса: Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.

Асылай: Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.

Арсен: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.

Ермек: Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

Алиша: Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.

Әдемі: Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.

Сатушы: Жақсы жаттапсыңдар балалар.

Жүргізуші: Балалар анамызбен бірге бүгін кімнің мерекесі?

Балалар: әжеміздің мерекесі

Ән: «Менің әжем»

Жүргізуші: балаларымыздың жаттап келген тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Аспандияр: Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым

Айлин:  Көктем күнін бастайтын,
Сегізінші наурыз бұл,
Құтты болсын бұл мейрам,
Жаудыратын тілек, жыр.

Айзере: Әжетайым асылым,
Жүзіңде мұң болмасын.
Құтты болсын мерекең,
Қуаныш тапсын жалғасын.

Медина: Әр күніңіз жайнасын,
Бұлбұл құстар сайрасын.
Сегізінші наурыз бұл,
Қуанышын арнасын.

Кемел:  Нұрын төккен мейірлі

Жақсы көрем анамды

Бөбегім деп сүйгенде

Мөлдірейді жанары.

Алинұр: Ардақты анамыз

Өмірлік панамыз

Есейіп кетсек те

Біз сізге баламыз.

Айсұлу: Анашым, аялаған

Құшағың сая маған

Әлемнің бар асылын

Мен үшін аямаған.

Амир: Айналайын анашым

Маған қорған панасың

Мейірімді жан өмірде

Жалғыз өзің ғанасың.

Азира: Айналайын анашым

Ақылдысың данасың

Ең сұлу жан әлемде

Жалғыз өзің ғанасың.

Мадияр: Анашым ақ тілегім

Өзіңе бақ тіледім

Сезінем әрқашан да

Жүректің тәтті лебін.

Сатушы: Өте жақсы екен. Дайындықтарыңыз жақсы екен.

Жүргізуші: Біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз. Енді бізге сыйлық табуға көмектесіңіз.

Сатушы: Міне бізде кір жуатын машина бар. Кірді өзі жуады, өзі сығады, суды өзі төгеді, өзі кептіреді, өзі үтіктейді. Мүмкін соны аларсыздар?

Балалар: Жоқ, біз өзімізде кір жуа аламыз.Ондай сыйлықтың қажеті жоқ.

Би ұлдар: «Кір жуу»

Жүргізуші: бұл түрлі заттар сататын бөлім екен.

Сатушы: Бізде аналарыңызға қажетті заттардың түрлері өте көп. Ол аналарымызға ұнары сөзсіз.

Балалар: біз аналарымыздың заттарын өзімізде реттей аламыз.

«Ажыратайық» ойыны

Шарты: себетке жиналған түрлі заттар ішінен аналарымыздың сөмкесіне қажетті заттарды жинақтау.

Жүргізуші: бұл жерден де анамызға арналған сыйлық таба алмадық. Ары қарай аралап көрейік.

Сатушы: мүмкін аналарыңызға газ плита аларсыздар. Ол жерде аналарыңыз түрлі тәтті дәмдіні пісіреді.

Жүргізуші: жоқ балаларымыздың өздеріде тәттілерді пісіре алады.

«Кім жылдам?» ойыны

Шарты: балалар екі бөлініп тәттілерге қосатын заттарды ретімен қоса отырып тез ойнап шығуы керек.

Сатушы: балалар біздің жұлдызды әлем деп аталатын бөлімімізден сыйлық көрерсіздер.

Балалар: жоқ аналарымыз үшін біз жұлдыз болып жанамыз,

Қыздар биі: «Кішкентай жұлдыздар»

Жүргізуші: балалар, біз ешқандай сыйлық таба алмадық, балабақшамызға қайтып өз қолымыздан жасалған сыйлығымызды сыйласақ қайтеді? Сау болыңыз.

Сатушы: Сау болыңыздар.

(балалар поровозға отырып балабақшаға қайтады)

Сыйлықтарын беру.

Жүргізуші: осымен «Ана-аса қымбатты жан» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.