Home » Оралда бата беру байқауы өтті

Оралда бата беру байқауы өтті

Ұлтымыздың ұлттық құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту және кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында Орал қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сай мектептен тыс жұмыстар орталығының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі аясында «Батаменен ел көгерер…» атты бата беру байқауы өтті.

Байқауға 6 жастағы оқушыдан бастап, 40 жасқа дейінгі ата-ана, ұстаздар – жалпы 41 үміткер қатысты.  Шарапатты шара ата салтын ардақтап, дәстүрімізді дәріптеуге бағытталды. Қатысушылар салиқалы сөз саптап, үлкендерден көргенін үлгі етті. Бірінші кезеңде өздерінің таңдаулары бойныша бата берсе, екінші кезеңде жеребеге сәйкес түскен тақырыптар бойынша түрлі бата-тілектерді жатқа айтты. Осылайша, түрлі үлгідегі ақ батаны жаудырып, тыңдарманның дәстүрлік танымы мен өнер өрісін молайтуға себепші болды.

Қазылар алқасы бата берушілердің өнерін бағалауда бата беруімен қатар, сахна мәдениеті, әртістік шеберлігі,  мазмұнын ескеріп, жас ерекшеліктеріне сай екі топта жүлдегерлерді анықтады. Қатысшылардың барлығы мектептен тыс жұмыс орталығы атынан алғыс хаттарға ие болса, жүлдегерлер қалалық білім беру бөлімінің дипломдарымен және арнайы сыйлығымен марапатталды.

Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.