Райымбек батыр атындағы
№50 «Қазғарыш» мектеп – лицейінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
зерттеуші — педагог мұғалімі
Ермағанбетова А.К.
Эссе деген не ? Бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма. Сонымен қоса, эссе – білім алушының пәндік білімі мен білігін танытатын қорытынды жазба жұмыс түрі.Бүгінгі жалпыға бірдей оқыту стандартында оқу бөлімдерін қорытындылауда эссе кең түрде қолданылады. Оқу бағдарламасы бойынша оқыту мақсаттары (эссе жазу) 5-9 сыныптарда өзіндік ерекшелігі бар.
Соның ішінде 9- сыныптың оқу мақсатына назар аударамыз. 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргуменативті эссе)
Эссе үш құрылым кезеңнен тұрады. Кіріспе – эссеннің мақсаты, негізгі бөлім – реттілігі, қорытынды – жалпылау.
Эссе түрлері
- Сипаттамалық
- Анықтамалық
- Хабарламалық
- Салыстырмалы немесе кереғар
- Дәлелдеме
- Аргументтік
- Әдеби
Аргументтік эссе
Аргументативтік эссе көбінесе қарама – қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.
Эсседе қарсы пікірді жазып, оны дәлелдер келтіру арқылы жоққа шығару – жазба жұмысының негізі міндеті.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субьективті; негізгі мақсаты – авторды жан — жақты ашу, таныту. 2) обьективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау- ойлану – жоспарлау — жазу – тексеру.
Эссе жазу барысында қатаң сақталануы тиіс талаптар:
- Жеке көзқарастың көрінісі
- Фактілі дәлелдер (аргументтер)
- Теоритикалық негіздеме
- Терминдерді қолдану
- Цитаталарды келтіру
- Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу
- Логикалық заңдылықтың сақталынуы
- Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану
- Сауаттылық (пункт., орфография.)
- Юмор, сарказм
Эссенің жазылу құрылымы:
- Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.
- Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелде, аналогия, ассоциация, теңеу, сұрақтар қою, т. б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация) .
- Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».
«Мен оқыған бір кітап …» оқырмандарға ұсынудың орны қандай?
«Кітап – жан азығы» — дейтін халық даналығы бүгінгі күнге дейін құндылығын жойған емес. Оған айтар уәжіміз, бүкіл республика көлемінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы былтырғы оқу жылынан енгізіліп, тәрбие жұмысының бір тармағына айналды. Бұдан түсінетініміз, кітап оқу адам зейінін ширатып қана қоймай, оқу сауаттылығын да арттыра түсетіндігі. Осыған қарамастан, бүгінгі күні жастарымыз әлеуметтік желілерге байланғандықтан, кітап оқудың төмендегенін айтады. Бірақ осы пікірмен кей адамдар келіспейді. Менің ойымша, кітап өз құндылығын ешқашан түсірмейді.
Атап айтсам, мен ұстаздық қызмет істейтін мектебімізде кітапханашы Алмагүл Қуандыққызы мен оқу тәрбиесінің орынбасары Гауһар Тәттіханқызының бастамасымен 10 жыл көлемінде «Мен оқығанды ұнатамын» жобасы 1- 11 сыныптар оқушыларымен жыл көлемінде әр тоқсан бойынша жүйелі түрде жүргізіледі.
Ал Нұр – Сұлтан қалалық Білім басқармасы Білім беруді жаңғырту орталығы «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында биылғы жазғы демалыста бірнеше мәрте «Мен оқыған бір кітап» атты READx форматындағы іс- шара ұйымдастырды.Спикерлер өздері оқыған және өздері құрастырып, басып шығарған кітаптарын көпшілік назарына қызықты етіп ұсынады.
Спикер қатарында мектеп директоры Болатаева Роза Әбләкімқызы өзі оқыған кітабы авторы Сәуле Досжан «Тағдыр мен қасірет» өте әсерлі баяндап бергендіктен,тыңдармандардан «Оқимын» деген парақшаны көтергендер саны 99 % құрады. Бұл оқырмандар арасына тың серпін туғызғаны.
Осы жобада спикер қатарында Нұр-Сұлтан қаласының
Абай Құнанбаев атындағы №86 мектеп- гимназияның 5-8 сынып оқушылары болды. Олар жазғы демалыс кезеңіндегі «Кітап ғажайыптары еліндегі жазғы оқиғалар» іс –шара көлеміндегі білім басқармасы ұсынған 5-9 сыныптар үшін Бауыржан Момышұлы «Біздің семья»., Ақберен Елгезек «Болмаған балалық шақ» кітаптарын тамсана әңгімелеп бергендерінде, тыңдармандары зор шапалақ құрметіне бөлендірді. Көрермендер кітап әлемінің сиқырына енгендей, «Оқимын» деген ішкі сұраныстары жүздерін шарпып өтті.
Қорытындылай келе айтарым, «Мен оқыған бір кітап..» атты READx іс – шара тыңдармандарға кітап оқуды әдетке айналдыруды ұсынады, сонымен қатар кітап әлемінің саяхатына шақырады. Әр кітап оқушы оқырманын жаңа бір идея мен шығармашылыққа әкеледі.Кітап әр адамның рухани жан азығы екенін түсініп, тәннің қажетін ғана өтемей, жанды қоректендіріп отыру міндеті екенін түсінді. Сондықтан да оқыған кітабымызбен бөлісуде «Мен оқыған бір кітап …» іс –шарасының кезекті спикері болуға шақырамын.
Пайдаланған әдебиеттер:
- https://melimde.com/astana-alasi-nazarbaev-ziyatkerlik-mektebi-aldiiz-esbolatizi-b.html
- Орта білім беру ұйымдарында 9 — сынып білім алушыларын қорытынды аттестаудан өткізу туралы нұсқаулық
- Эссе жазу жөніндегі әдістемелік нұсқау. Астана 2013.
- Физика- математика бағытындағы НЗМ қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі,мұғалім – эксперт Бешімбаева Қ.Е. «Эссе жазу әдістері» дәрістері 2016.