Избакиева Майгуль Турсуновна
Алматы қаласы Жетісу ауданы
№101 мектеп-гимназия
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі – өнер. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Әрбір адамның табиғат сыйлаған дарыны болады. Балалардың бойындағы сол дарындылықты қолдау мақсатында халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында 2022 жылдың 5 мамырында оңтүстік астанада алғаш рет ауқымды шара – «Almaty BALAFEST» қалалық балалар фестивалі басталды. Фестивальдің мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа баулу, қалада мерекелік атмосфераны құру.
Фестиваль аясында 7 қалалық байқау ұйымдастырылып, оған ерекше білім беруді қажет ететін балалар да қатысады. Фестивальдың байқаулары келесі бағыттардан тұрады: 1. «Жұлдызды сәт» (музыкалық шығармашылық және хореография). 2. ««Open Air Спорт»» (спорт және салауатты өмір салты). 3. «Бояулар купиясы» (бейнелеу өнері). 4. Хакатон – IT Universe (IT, дрондар және робототехника). 5. «Өнерлі бала» (қолданбалы өнер). 6. «Кітап – білім бұлағы» (әдебиеттік оқу). 7. «Жасыл Алматы» (экология және қоршаған орта).
Қалалық жарыстар үш кезеңде өтеді: мектеп кезеңі – 5 мамырдан 14 мамырға дейін; аудандық кезең – 16 мамырдан 24 мамырға дейін; қалалық кезең – 26-28 мамыр аралығында. 16 мамыр күні «Алматы Балафест» фестивалі аясында №101 мектеп-гимназияда Жетісу аудандық «Өнерлі бала» байқауы болып өтті. Байқауға ауданның 21 мектебінің 72 оқушысынан сұраныс түсті. Байқау 8 номинация бойынша өткізілді.
1.Сәндік қолданбалы шығармашылық номинациясы-14 оқушы
- Кестелеу номинациясы- 6 оқушы
- Фельтинг номинациясы-11 оқушы
- Тоқу, патч, квилт, патч тігісі номинациясы -11 оқушы
- Бисермен өру номинациясы-14 оқушы
- Мозаика номинациясы-4 оқушы
- Тоқу, қағаз түтіктерден тоқу номинациясы-11 оқушы
- Авторлық қуыршақ номинациясы-1 оқушы
Фестивальға қатысушы оқушылар мен жетекшілері жұмыстарды тапсырып, байқау барысында оқушылардың жұмысын бағалайтын комиссия мүшелері — Кудаков Қанағат Қалиұлы-148 мектеп-гимназия мұғалімі, МамыровЕрікбай Оразалинович — 3 жалпы білім беретін мектеп мұғалімі, Ибрагимова Фарида Ашымжановна — 118 мектеп мектеп-гимназия мұғалімі жұмыс істеді. Комиссия шешімі бойынша әр номинация бойынша І орынға бір оқушы, ІІ орынға 2 оқушы, үшінші орынға 3 оқушы ие болды. Бірінші орынға ие болған оқушылар қалалық байқауға жолдама алды. Атап өтетін болсақ, «Сәндік қолданбалы шығармашылық» номинациясы бойынша- Аспандияров Алижан Куаталиевич №108 ЖББМ, І орын, «Кестелеу» номинациясы бойынша- Фархатжанқызы Аделя №110МГ, «Фельтинг» номинациясы бойынша- Еркінова Акмарал Болатбекқызы №108 ЖББМ, І орын , «Тоқу, патч, квилт, патч тігісі» номинациясы бойынша- Сеитова Адилям №66 ЖББМ, Тулегенова Сабина 66 ЖББМ, композиция, «Бисермен өру» номинациясы бойынша -Турдиева Ирада №66 ЖББМ , І орын, «Мозаика» номинациясы бойынша Алтынбекова Диана Мадиевна № 148МГ,І орын , «Тоқу, қағаз түтіктерден тоқу» номинациясы бойынша — Исахан Арайлым Ерғаліқызы №110 МГ І орын, «Авторлық қуыршақ» номинациясы бойынша- Исеев Данил Розахунович №101МГ, Варталевская Милана Денисовна №118 ЖББМ, І орын.
Өнердің шынайы келбеті сол өнерлі жанның өмірін нұрландырып, соның игілігіне қызмет етеді. Біз әрбір баланы болашақ белесін бағындыру жолында барымызды аямағанымыз дұрыс.