Home » Мақалалар » Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі «Алматы БАЛАFEST» фестивалі

Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі «Алматы БАЛАFEST» фестивалі

Кобельдесова Сайраш Турсынгалиевна
Алматы қаласы
 Жетісу ауданы
№ 110 мектеп-гимназия
директордың тәрбие жұмысы
 жөнінің орынбасары   

Фестивальдің мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа тарту; қалада мерекелік атмосфера құру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл – өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз ететін ерекше мүмкіндік.

Балалардың бойындағы  сол дарындылықты  қолдау мақсатында  халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында 2022 жылдың 5 мамырында Алматы қаласында алғаш рет ауқымды шара – «Almaty BALAFEST» қалалық балалар фестивалі басталды Кітап-білім бұлағы байқауы алдымен мектеп кезеңі – 5 мамырдан 14 мамырға дейін; аудандық кезең – 16 мамырдан 24 мамырға дейін; өтті. Мектепішілік кезеңнен өткен оқушылар аудандық «Жұлдызды сәт», «Open Air Спорт; Хакатон – IT Universe; «Өнерлі бала» «Кітап – білім бұлағы»  атты байқауларға қатыса алды.Қалалық 7 бағыттың бірі «Кітап-білім бұлағы» атты байқауы №110 мектеп-гимназияда өтті. Фестиваль аясындағы әр байқаудың бағыттары бойынша жеңімпаз атанған мектеп оқушыларымен оқушылар жас ерекшеліктеріне сай іріктеліп, қалалық кезеңге жолдама алды. «Кітап-білім бұлағы» байқауының ашылуы кезде қазақ эстрада жұлдызы Жебе тобының әншісі Данияр Жақсылық оқушыларға ән тарту етті.

Мектеп-гимназия директоры Абитова Жанара Нукабаевна  байқауға қатысқан оқушыларды құттықтап қалалық кезеңге жолдама алған балаларға сәттілік тіледі.

Халқымыз үшін жас ұрпақ тәрбиесі қашан да елеулі тақырыптардың қатарында. Ұлттың бүгіні мен болашағы тәрбиелі әрі білімді ұрпаққа байланысты. Осы тұста «Almaty BALAFEST» қалалық балалар фестивалі – баланың қиялын ұштап, білімін шыңдап, ойын кеңітіп, бойын сергітер ең таңдаулы жоба. Жаһандану дәуірінде сәт сайын даму үдерісіне ілескен бала тұлғасын әдебиет пен мәдениетке, ой мен дене еңбектерін шыңдауға баулу, кәсіп пен сапалы еңбекке дұрыс бағыт беру, алға жетелеу – біздің үлкен борышымыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.