Home » Ашық сабақтар » Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Үлгі бойынша санау. 4 және 5 сандарын салыстыру. Нақты заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру

Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Үлгі бойынша санау. 4 және 5 сандарын салыстыру. Нақты заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру

Туребаева Айзада Оспановна
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Шайыр ауылы
«Қызғалдақ» бөбекжайы» МКҚК
педагог-модератор санатты тәрбиеші

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Үлгі бойынша санау. 4 және 5 сандарын салыстыру. Нақты заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру»

Мақсаты: геометриялық денелермен шынайы заттарды салыстыру; цифрды заттар санымен сәйкестендіру. 4 және 5 сандарын салыстыруды үйрету, заттар тобының тең және тең еместігі туралы ұғымдарын дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: цифрлар карточкасы, жемістердің суреті, қыстыруға арналған құрал.

Сөздік жұмыс: Сандар,  сандар таңбасы, пішіндер.

Билингвалды компонент: Сан — цифр, дөңгелек — круг, ұшбұрыш — триугольник, төртбұрыш — прямоугольник.

Шаттық шеңбері:

Кел, санамақ санайық

Саусақтарды даралап,

Бас бармағым алғашқы.

Балан үйрек жалғасы.

Ортан терек кезекші,

Шылдыр шүмек көмекші.

Шынашағым балапан,

Бәріне ортақ алақан.

Балалар шаттық шеңберді педагогпен бірге қайталайды.

Тәрбиеші: Өткен ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай тақырыпты өттік? 1,2,3,4 сандарымен сандар таңбасымен таныстық.

Дұрыс айтасыңдар, балалар, экранға карап балалар сандарды санап айтады. 1,2,3,4

Тәрбиеші: Балалар, олай болса, біз бүгін 5 саны және таңбасы, заттарды сандармен сәйкестендіруді, пішіндердің қандай затқа ұқсайтынымен танысатын боламыз.  Осы кезде сайқымазақ кіріп келеді

Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме, балала,р мен қайда келдім?

Неткен әдемі балалар.

Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз математика әлеміне келдіңіз.

Сайқымазақ: Балалар, менің қолымда корап бар, ішінде сыйлық бар, бірақ бұл қорап ашылмайды себебі, тапсырма орындау керек, ал мен болсам ол тапсырмаларды орындай алмаймын, сіздер маған көмектесесіздер ме?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Олай болса, балалар, сайқымазаққа көмектесейік. Тапсырманы педагог оқиды.

1-тапсырма: Сандарды ретімен орналастыр. Дидактикалық ойын «Есту арқылы тап»

Балалар: Балалар 5 санына дейінгі сандарды ретімен орналастырып шығады.

2-тапсырма: Заттарды сандар мен сәйкестендір қыстырғыштың көмегімен.

Балалар: Тапсырманы қыстырғыштың көмегімен орындайды.

Сайқымазақ: Неткен ақылды балалар. Жарайсыңдар.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосқанда,

Болып шықты он саусақ.

3-тапсырма: Пішіндерді айналадағы заттардан тап. Ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

Балалар: Пішіндерді лупа пішінінің көмегі арқылы тауып сәйкестендіреді.

4-тапсырма: 4 және 5 сандарын салыстыр. Қайсы кем немесе тең екендігін тап.

Балалар: Алма, банан, апельсинді салыстырып кем немесе тең екенін табады.

Сайқымазақ: Жарайсыңдар, өте ақылды балалар екенсіңдер. Қорабым ашылды алақай, алақай деп қуанады.

Тәрбиеші: Иә, ақылды балалар, тапсырманы тез әрі мұқият орындап шықтыңыздар. Сайқымазақтың қорабын ашып бердіңдер. Сайқымазақта көңілді рахмет балалар.

Қорытынды: Сұрақ-жауап.

—  Сонымен, балалар, біз бүгін неше санымен таныстық?

—  Заттарды немен сәйкестендірдіңдер?

— Қандай пішіндермен таныстыңыздар?

Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

  • Не білдік, не үйрендік?
  • Бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге.

Ал енді біз қонақтарымызды шығарып салайық.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек:  Балалар санауды және цифрды.

Нені игереді:   Сандарды ретімен орналастыруды.

Нені білді:    Заттарды сандармен сәйкестендіруді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.