Туребаева Айзада Оспановна
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Шайыр ауылы
«Қызғалдақ» бөбекжайы» МКҚК
педагог-модератор санатты тәрбиеші
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Үлгі бойынша санау. 4 және 5 сандарын салыстыру. Нақты заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру»
Мақсаты: геометриялық денелермен шынайы заттарды салыстыру; цифрды заттар санымен сәйкестендіру. 4 және 5 сандарын салыстыруды үйрету, заттар тобының тең және тең еместігі туралы ұғымдарын дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар: цифрлар карточкасы, жемістердің суреті, қыстыруға арналған құрал.
Сөздік жұмыс: Сандар, сандар таңбасы, пішіндер.
Билингвалды компонент: Сан — цифр, дөңгелек — круг, ұшбұрыш — триугольник, төртбұрыш — прямоугольник.
Шаттық шеңбері:
Кел, санамақ санайық
Саусақтарды даралап,
Бас бармағым алғашқы.
Балан үйрек жалғасы.
Ортан терек кезекші,
Шылдыр шүмек көмекші.
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Балалар шаттық шеңберді педагогпен бірге қайталайды.
Тәрбиеші: Өткен ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай тақырыпты өттік? 1,2,3,4 сандарымен сандар таңбасымен таныстық.
Дұрыс айтасыңдар, балалар, экранға карап балалар сандарды санап айтады. 1,2,3,4
Тәрбиеші: Балалар, олай болса, біз бүгін 5 саны және таңбасы, заттарды сандармен сәйкестендіруді, пішіндердің қандай затқа ұқсайтынымен танысатын боламыз. Осы кезде сайқымазақ кіріп келеді
Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме, балала,р мен қайда келдім?
Неткен әдемі балалар.
Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз математика әлеміне келдіңіз.
Сайқымазақ: Балалар, менің қолымда корап бар, ішінде сыйлық бар, бірақ бұл қорап ашылмайды себебі, тапсырма орындау керек, ал мен болсам ол тапсырмаларды орындай алмаймын, сіздер маған көмектесесіздер ме?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Олай болса, балалар, сайқымазаққа көмектесейік. Тапсырманы педагог оқиды.
1-тапсырма: Сандарды ретімен орналастыр. Дидактикалық ойын «Есту арқылы тап»
Балалар: Балалар 5 санына дейінгі сандарды ретімен орналастырып шығады.
2-тапсырма: Заттарды сандар мен сәйкестендір қыстырғыштың көмегімен.
Балалар: Тапсырманы қыстырғыштың көмегімен орындайды.
Сайқымазақ: Неткен ақылды балалар. Жарайсыңдар.
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда,
Болып шықты он саусақ.
3-тапсырма: Пішіндерді айналадағы заттардан тап. Ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Балалар: Пішіндерді лупа пішінінің көмегі арқылы тауып сәйкестендіреді.
4-тапсырма: 4 және 5 сандарын салыстыр. Қайсы кем немесе тең екендігін тап.
Балалар: Алма, банан, апельсинді салыстырып кем немесе тең екенін табады.
Сайқымазақ: Жарайсыңдар, өте ақылды балалар екенсіңдер. Қорабым ашылды алақай, алақай деп қуанады.
Тәрбиеші: Иә, ақылды балалар, тапсырманы тез әрі мұқият орындап шықтыңыздар. Сайқымазақтың қорабын ашып бердіңдер. Сайқымазақта көңілді рахмет балалар.
Қорытынды: Сұрақ-жауап.
— Сонымен, балалар, біз бүгін неше санымен таныстық?
— Заттарды немен сәйкестендірдіңдер?
— Қандай пішіндермен таныстыңыздар?
Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
- Не білдік, не үйрендік?
- Бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге.
Ал енді біз қонақтарымызды шығарып салайық.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Балалар санауды және цифрды.
Нені игереді: Сандарды ретімен орналастыруды.
Нені білді: Заттарды сандармен сәйкестендіруді.