Home » Мақалалар » Мен жайлы

Мен жайлы

Мешін жылы ақпандатқан
Ақ түтекте туыппын
Ақ құндақта сезе қоймай
Не екенінде суықтың
Айтбай атам қуаныпты
Шаңырағына жайқалған
Шаншылатын болғанына
Үміт тірер уықтың
Әпкем меннен қос шешемнен
Кем көрмеппін әлпешті
Кекірейіп
Кезек кезек
Еміппін де ақ сүтті.
Қың деместен бесігімде
Өткізіппін бар кешті
Содан шығар зейіл зердем
Мінгені ұстап ұстамды
Содан шығар абыржусыз
Кешіп аттап қыстаңды
Сақтауымда сабыршылық
Байыздылық нұсқамды
Тептіргенім қызыл көзді
Мысық ниет мыстанды.

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі
5«Б» сынып оқушысы Айтбай Аружан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.