Home » Мақалалар » «Үздік педагог-2022» байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті

«Үздік педагог-2022» байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті

Педагогтің мәртебесін арттыру басты мақсатының бірі болып отырған «Үздік педагог — 2022» Республикалық байқауының Алматы қаласы Білім басқарамасының Түрксіб ауданы бойынша аудандық кезеңі аяқталып, байқау жеңімпаздары анықталды.

Байқаудың аудандық кезеңін ұйымдастырушы комиссия байқауға қатысуға келіп түскен өтініштер бойынша барлық қатысушыларға «Үздік педагог» атағын беру қағидалары мен ережелерін таныстырып, түсіндіру жұмыстарын уақытылы жүргізіп отырды. Биылғы ерекшелік байқаудың ашықтығн танытып отырған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің автоматтандырылған сайтына Түрксіб ауданынан 23 тіркеліп, оның ішінде 11 педагогтің құжаты байқаудың қағидаттарына сәйкес жүктелген.

Педагогтің білім беру қызметіндегі жеке және кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін анықтау бойынша аудандық сараптау комиссиясы құрылып, байғауға келіп түскен құжаттары толығымен сараптамадан өткізді.

Сараптама қорытындысы бойынша, нәтиже төмендегідей:

I орын иегері – Торғанбеков Асан Ержанұлы – Түрксіб ауданы, №59 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ІІ орын иегерлері – Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы – «С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Токанова Баршагуль Нургалыковна – «№83 гимназия» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ІІІ орын иегерлері – Исламова Айгерим Токтаржановна –  «№84 жалпы білім беретін мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Тойчина Жанна Омарзаковна – «№85 жалпы білім беретін мектеп» КММ, физика пәні мұғалімі; Нысанова Жанар Сейдазовна – «№198 жалпы білім беретін мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Байқау ережелеріне сәйкес, бағалау көрсеткіші бойынша алғашқы жоғары балл иеленген 4 педагог: №59 МГ-Торғанбеков А.Е., №74 ЖББМ – Зәкариянова С.З., №83Г – Токанова Б.Н., №84 ЖББМ – Исламова А.Т. байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алып, өз бақтарын сынамақ. Жүзден жүйрік атанған педагогтер республиканы бағындырып, ауданымыздың намысын қорғайды деген сенім білдіреміз.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық білім бөлімі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.