Home » Мақалалар » «Қатыгездіксіз, зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

«Қатыгездіксіз, зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

№102 ЖББМ
Лауазымы: Информатика пәні мұғалімі
Еңбек өтілімі: 11 жыл
Біліктілігі: Педагог-зерттеуші
Нұрмұхамед Медет Нұрмұхамедұлы

Мақсаты:    Ата – аналар мен  оқушыларға   зорлық  — зомбылық ,  оның  адам  жаны  мен  тәніне  әкелетін  зардабы  туралы  түсіндіру.

Бақытты  бала- бақытты  отбасы-  бақыты  ел.   Балалардың   барлығы    бірдей,   әрі  тең.   Олар  ата-аналарынан  мейірімділікті,  сонымен  бірге   қатыгездікті  де   су  сорғыштай   сорып  алады.  Қоғам  үшін  ең  бастысы  —  тәуелсіздік,    ал  адам  үшін   бас  бостандығы  және    уайым  қайғысыз  өмір.  Тәуелсіздік  төрімізден  орын  алған  31  жылдағы  қоғамымыздың ең  басты  құндылығы  —  адам  бостандығы.   Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Адамның  және  адамзаттық  бас  бостандықтары мен  құқықтарын  қамтамасыз  ету  және  қорғау —  конституциялық   заңдылықтың  басты  талабы.   «Ата  көрген  оқ  жонар,  шеше  көрген  тон   пішер»  демекші  балаға  отбасы  тәрбиесінің  әсері  мол.    Отбасында  ата-ананың  мінезі  баланың   көз  алдындағы   үлгі-өнеге   алатын,  оған  қарап  өсетін  нысаны.     Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.   Зорлық  балалардың   денелік және  психологиялық  денсаулықтары  және  жан-жақты  дамулары   үшін  ауыр  машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және  оған бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылыққа  тартылатынын  да  білеміз.

Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады.

Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.

    1924 жылы –Ұлттар  лигасының Женевада  Бала құқықтары  туралы декларациясы   қабылданды.  

1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды.

1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды.

Қазақстан Үкіметі 1994 жылы Бала  құқықтары туралы  Конвенция ратификациялады

2004 жылы тамызда «Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды.
Міне  осы  заңдар  аясында  әрбір  бала  өзінің  даралығын  сақтауға,  өзінің  отбасында   тәрбиеленуге  құқығы  бар.  Оны  даралайтын  белгілері  аты,  тегі,   әкесінің  аты.   

 ( слайд )  Қазақ   халқы  балаға  есім  беруде  де  өте  мұқият  болғанын  білеміз.   Мысалы  қыз  балаға   ең  нәзік,  ең  әдемі,  айтуға  жеңіл  есімдер қойса,  ер  балаға  ат қою  басқаша  сипат  алған,  себебі өмір  ауыртпалықтары   ер  балалардың  мойнына  түсетіндіктен,  бірінгі  кезекте  туған  ошағы  мен  тегін  қорғаушы,  ал  бейбітшілік  кезінде  ел  құрметтеген   ардықты   адамдардай  болса  екен  деп  тіледі. Сондықтан  да  балаға  өзіне  қолайсыз ,  айналысынағы   адамдардың   күлкісіне  қалдыратын   есім  қоюға   жол  берілмеген .  Өйткені  есім  баланың   даралығын  білдіретін  алғашқы  белгісі.  Міне  осыдан бастап  мемлекетіміз   өз  құқықтары  мен  мүдделерін   қорғайтын  арнайы  заң  бекітіп  берді.   Баланың  құқықтарын   қорғауды   ата-аналары,   қорғаншылық  және қамқоршылық  органдары,   соттар  мен  прокурорлар  жүзеге  асырады.   Заң  балаларды   әр  түрлі  қол  сұғушылықтан,  оның   қадір  қасиетін  қорлаудан,  ата-анасы  тарапынан  болатын   қиянаттардан  қорғайды.      

Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Балаларға қатысты зорлық — зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру  мақсатындағы  бүгінгі  семинарымыздағы  өзекті  мәселе  де  осы  балаға   қиянат  жасалмауын,  оның  қатыгездіктен  қорғалуын  қолдау,  жүзеге  асыру.   Әрине  ешкім  де  өз  баласына  жамандық  ойламайды.  Дегенмен  де  зорлық  —  зомбылықтың  балаларға  қатысты   төмендегідей  түрлері  не тоқталып   өтсем : (слайд )
-Баланың  негізгі  мүдделері  мен  қажеттіліктерін  елемеу
-Физикалық  зорлық-зомбылық
Қасақана   денсаулыққа  зиян  келтіру,  денені  ауырту,   бас  бостандығынан,  үй,  тамақ,  киім   кешектен  жіне  басқа   қалыпты  өмір  жағдайынан  айыру,  сондай – ақ   баланың    денсаулығына  өміріне  қамқорлық  жасамау
-Психологиялық,  эмоционалдық  зорлық- зомбылық
  қорлау,  бопсалау,   балаларға  немесе  басқа  адамдарға  қатысты  бақылау  орнату,  меншік  заттарын  қирату  арқылы  қорқытып,  үркіту,  қарым  —  қатынас  шеңберін  бақылау.   Психологиялық  зорлық  зомбылық   ең  көп  тараған   түрінде,    бұл   көптеген  отбасында  болады.   Психологиялық  зорлық  зомбылықтың   нәтижесінде  созылмалы  аурудың   асқынуы,  тұрақты  қорқыныш  сезімі,  өз  — өзіне  қол  жұмсау  әрекеттері    болуы  мүмкін.  Қазіргі  мамандардың  пікірінше ,  үйдегі    псизхологиялық  зорлық-зомбылық  уайымы  көшедегі  бұзақының   шабуылынан  әлдеқайда  күрделі  болады.
Экономикалық  зорлық – зомбылық
бала  шағасынан  бас  тарту,  ата-ананың   табысын  жасырушылығы,  отбасы  табысын  дербес   жұмсау,   қаражатты  жұмсауда  дербес  шешім  қабылдау,  балаға  керек  заттарын  ескермеу,  осынығ  салдарынан  ол  өзінің  қажеттіліктерін  ала  алмауы,
-Балаға  ауырған кезде  медициналық көмектің  жеткіліксіздігі;
-Балаға  сүйіспеншіліктің  азық- түліктің,  дене  және  психологиялық   қауіпсіздігінің   жеткіліксіздігі;
— Отбасылық  қақтығыстың  балаға  эмоционалды  әсері;
— Аса  ауыр,  әлі  келмейтін  жұмысқа  тарту;
-Ата-аналардың  маскүнемдігі,  есірткі   пайдалануы;
      Зорлық  зомбылық  қалай  көрінеді :
1.  Қорқыту  және  үрей  туғызу,   Айқаймен,  мимикамен  үрей  туғызу,  милициямен,  арнайы  мектеппен,  құдаймен  қорқыту,
2.  Оқшаулау  —  кіммен  сөйлесетінін,  кіммен  кездесетінін  түрақты,  қатаң  бақылау,  көпшілік  орындарға  жібермеу,  тума-туыс,  жолдастарымен  араластырмау.
3. Физикалық зорлық- зомбылық,  шымшу,  соғып  қалу,   шаштан  тарту
4. Эмоционалдық  зорлық  зомбылық  ол  тек  қорқыту,  үрей  туғызу  емес,  сонымен  қатар  қадір-қасиетін,  сезімдерін  кемсіту,   сөзбен  қорлау,  қаттылық,  баласына  ең  нашар  бала  екендігін айтып  отыру;

Зорлық  зомбылықтың  сыртқы  себептері;
-Қоғамда  маскүнемдік  пен  нашақорлықты  тарату;
-мораль  дағдысы;
-Мәдениет  дағдысы;
-Баспасөзден,  теледидардан  көрсетілетін  террористік  актлер  көріністері,   зорлық- зомбылықтар,

Зорлық  зомбылықтың  жалпы  себептері;
— материалдық  қиыншылықтар;
-отбасы    жұмыссыздығы
— отбасы  мүшесінің  алкоголизм  мен  маскүнемдігі;
— отбасы  мүшесінің  нашарқор   болуы;
-толық  емес  отбасы;
-отбасындағы  өгей   әке  мен  өгей  шеше;
— мүгедек бала  денсаулыңының  нашарлығы;
-күтпеген  бала
-қиын  баланың  болуы;
-көптеген  моралдық  тиым   салудың   болмауы;
-отбасы  қақтығыстары;
-әлсіздер  есебінен  өзін  -өзі  көрсету;
-қоғамдағы  қатыгездікті  қаттылықты  насихаттау;
Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға-тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде,біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық- зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында , алдағы елу жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта, қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз. Олай болса, сол жастардың білім деңгейі, ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық, жан-жақты жауап беру әзірге қиындау, оған дәлел – бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күнен-күнге көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын емес. Әрине, қазіргі таңдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да бұған әсер етуде. Сонымен қатар тәрбие саласына аса мән беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз

Әбу Насыр әл Фараби:»Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»-деген болатын.
Балалар –еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра.

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз».
«Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» — дейді дана халқымыз.

Отбасындағы ата – ананың мінез- құлқы – баланың көз алдындағы үлгі — өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп, зорлық – зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасынын зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, зорлық зомбылықтан аулақ болу. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Сондықтан, жаман әдеттен аулақ болайық. Сонымен бірге әр баланың 10 түрлі кеңесті білгені жөн.

1) әрдайым дастархан басында ата-анаңмен бірге отыру

2) отбасы мүшелерінің арасында пікір алмасу;

3) отбасында назарды жақсы жаққа аудару;

4) қажет болған кезде қастарынан табылу;

5) ата-анамен үнемі жақсы қарым-қатынаста болу;

6) отбасы мүшелерінің арасында мақтаулы қошемет жасау;

7) отбасы мүшелеріне тосын сый жасау;

8) кешірімді болу;

9) өз қуанышың мен қайғыңда отбасыңмен бөлісу;

10) өмірлік мақсатты  еске сақтау. Осы кеңестерді ұстанған баланың болашағы зорлық-зомбылықсыз өтері хақ.  Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алуы ата-анаға байланысты, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі — мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі мен өзара тығыз қарым – қатынастың болуымен негізделеді.

Қорытынды: Ойланыңыздаршы, қай уақытта  отбасыларында зорлық зомбылық болады?
Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей үй қабырғасында зорлық көріп өскен балалар болашақта өз жанұяларында да соны істейді. Бұл тіпті отбасылық дәстүрге де айналып кетуі мүмкін. Яғни өз кезегінде тұқымқуалаушылық ауруға жалғасады.
Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алуы ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі — мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі мен өзара тығыз қарым – қатынастың болуымен негізделеді.

 

Кеңес беру
Зорлық – зомбылыққа душар болмау  жолдары:
Балаға  әркез  мынаны түсіндірген жөн:
— Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;

— Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
— Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
Сондықтан да құрметті  ата-аналар!
— Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;
— Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;
«Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар

Сондықтан, балаңыздың отбасындағы алатын алғашқы тәрбие үлгісі зорлық пен зомбылықсыз ортада орындалуы тиіс.

«Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала қандай ортада тәрбие көрсе, сондай ортаға үйренісіп, сіңісіп, өз дегенінде дәл ата – аналардың қателіктерін қайталайды, яғни келесі келер ұрпақ та зорлық – зомбылықты   ортада   қатыгездікке  тәрбиеленеді.
Ендеше, баланы сеніммен тәрбиелеу – зор нәтиже береді деп ойлаймын. Балаңмен дос, сырлас бола біл. Ешқашан қаталдықпен адамды адам ете алмайсың. Қатыгездік баланы ашындырады, жүрегіне өшпенділік тудырады. Содан сырттай бағынышты көрінгенімен, ішкі қарсылығы өсе береді. Қарсылық қарсылықты туғызады деген физиканың заңы бар ғой. Қай уақытта да жұмсақ қаттыны жеңеді. Су жұмсақ, тамшылап тұрып, тасты теседі. Әке-шеше ретінде қоқаңдап, өз ойыңды тықпалай берсең, баланың тұлғалық қасиеттері ашылмай қалады. Бетінен қақпа, бірақ белін буып жолға сал. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.

 

 Ата — аналарға ұсыныстар таратылады.
• Өз ұлыңызға, қызыңызға қуаныңыз.
• Баламен қамқоршы, құптаушы қалпында сөйлесіңіз
• Бала сізбен сөйлесіп жатқанда, оның сөзін бөлмей, зейін қойып тыңдаңыз
• Балаға нақты және белгілі бір талап орнатыңыз
• Баламен әңгімеде заттарды олардың белгілерін және олармен әрекетті көбірек айтыңыз
• Сіздің түсіндіргеніңіз қарапайым және түсінікті болуы керек.
• Ашық, нақты сөйлеңіз.
• Шыдамды болыңыз
• Бастапқыда «Не» деп содан соң, «Неге және не үшін» деп сұраңыз.
• Әр күн сайын балаға оқып беріңіз және оқылғанды талқылап отырыңыз.
• Баланың сұрақ қоюға талпынысын мадақтаңыз.
• Балаңыздың білім құмарлығын, қиялын мақтаңыз.
• Баланы жиі мақтаңыз.
• Басқа балалармен ойнағанын мадақтаңыз. Балада өзі айта алатындай жаңа әсердің бар болуын қадағалаңыз.
• Үйде сізбен бірге баланың бір нәрсе жасауына жағдай жасаңыз.

Олай  болса   құрметті  ата-аналар,  ұстаздар   және   қымбатты  шәкірттер!    Біз  —   көк  байрағы  желбіреген,   қыраны   көкте   самғаған,  әуені  аспанда  қалықтаған,   көреген   елбасы  бар,  көрікті   елі  бар   дербес,   тәуелсіз   Қазақстанда,  бейбіт  елде    өмір   сүрудеміз.  Біздің   ұстанымымыз  анық,  жолымыз ашық,  мақсатымыз  айқын.   Біз   зорлық –зомбылықты,  қатыгездікті   қолдамаймыз.  Біз  жарқын  әлемді   орнатамыз!

 

Сөзімді   аяқтай  келе  мен  былай  дегім  келеді:
Бақытты  жан   ретінде   мен
Ақ  жүрегіммен  сөз  беремін.
Өзіме,  жанымдағыларға
Күннің   шуағын,  гүлдің   нәзіктігін   сыйлаймын.

Қараңғыны   нұрландырамын,    суықты   жылытамын
Дәл   қазір  маған  қиын  болғанмен,  мен  жасымаймын.
Әр  күні  өзімнің   жан  дүниемді  тазартуға  тырысамын.
Менің   жүрегім  қуанышқа,  махаббатқа,  мейрімге  бөленеді.
келер  күннің  шұғылалы боларына  сенемін,
Өйткені  мен  зорлық-зомбылыққа  қарсымын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.