Home » Мақалалар » «Педагог» кәсіби стандартын ақпараттық-түсіндіру

«Педагог» кәсіби стандартын ақпараттық-түсіндіру

Талдықорған қаласындағы №25 мектеп-гимназия базасында Жетісу өңірі бойынша біліктілік арттыру курсынан өтіп жатқан барлық пән мұғалімдеріне «Педагог» кәсіби стандартын ақпараттық-түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырылды.

Семинарды «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор М.К.Бисенбаева жүргізіп, жаңа стандарттың артықшылығы мен маңызына тоқталып, білім сапасына, педагогке әсері қандай деген сұрақтардың төңірегінде мағлұматтармен бөлісті. Стандарттың педагог біліктілігін арттыру мен үздіксіз кәсіби дайындық мүмкіндіктеріне тоқталды.  Семинар барысында мектеп мұғалімдері өз пікірлерімен бөлісіп, жарыссөз орын алды. Институт тренерлері Т.М.Умирзаков, К.Кылышбекова, Г.Жарылғамысовалар қатысып, пікірлерін ортаға салды.

Кәсіби құзырлы болу үшін педагогтың жеке тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар, ол мұғалім тұлғасының ішкі және сыртқы әлеуетінің толықтығы оның қоршаған ортаға деген көзқарасына тікелей байланысты. Мұғалім тұлғасында түбірінде педагогикалық іс-әрекетке деген қажеттілік бар кәсіби бағыттылық маңызды орын алады, ол: балаларға деген сүйіспеншілік пен қызығушылық; педагогикалық жұмысқа деген ынта-әуес; психологиялық-педагогикалық байқампаздық пен зеректік; педагогикалық әдеп; ұйымдастырушылық қабілет, дұрыс  қарым-қатынас орната білу, интеллектуалды белсенділік; педагогикалық өзіндік білімденуге дайын болу.

Сондықтан да  кәсіби стандарттың мазмұны жаңа буын ұстаздарына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Бисенбаева Меруерт Кенжеғұлқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.