Кенесова Айнур Махсеткызы
Алматы облысы Жамбыл ауданы
«Т.Рысқұлов атындағы орта
мектебі және МЖИ»КММ
биология пәні мұғалімі
Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», — деген сөзіні мағынасына терең үңіле карайтын болсақ, кез келген елдің мәдени дамуының деңгейі, рухани дамуы мен өркениетінің негізгі көрсеткіші білім берудегі жүйелілік екенін аңғаруға болады. Еліміздің болашағы көркейіп, дамыған, өркениетті елдердің қатарында көрінуі өсіп келе жатқан бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқытудың, яғни әр баланың бойындағы табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, баланы жан-жақты дамыту қазіргі заманғы мұғалімдердің басты міндетіне айналды. Ал оқушылардың білім сапасы – ұстаздардың сол қабілеттті аша отырып, шығармашылыққа, нәтижеге бағытталған еңбегінің жемісі болмақ. Ғылым мен техника қарқынды дамыған заманда бүгінгі күннің оқушыларының даралық қасиеттерін ескеріп, жеке мүмкіншіліктерін ашу, сонымен қатар оның бойында ұлттық болмысты, жалпыазаматтық құндылықтарды сіңіру, жаһандық өркениеттің бағалы ой-пікірлерін насихаттау, сондай-ақ білім алушыға эстетикалық тәрбие беруде биология сабақтарында шығармашылық қабілетті дамыту басты назарға алынып отырған мәселе ретінде карастыра аламыз. Аталған қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мен өз сабақтарымда жеңілден күрделіге қарай бағыттау арқылы өз бетімен жұмыс жүргізуде әртүрлі платформалар арқылы тапсырма орындауын қадағалай отырып өз ойының жүйелігіне көңіл бөлемін.
Шығармашылық сөзінің мағынасы — «шығару», «іздену», «ойлап табу» сөздерімен сәйкес келеді, яғни тәжірибе барысында жаңа нәрсе ойлап табу, жаңа жетістікке қол жеткізумен сипатталады. Биология сабағында оқушылардың білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін жеткізу мақсатындағы іс-әрекеттің бірі – шығармашылық тапсырмалар ұсыну. Қазір «АКТ заманы» деп айтып жатамыз ғойғ сол сияқты биология сабағында компьютер мен ұялы телефондарды пайдалану оқытуды ұйымдастыруда мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты айқындай отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды. Мысалы, Google презентация, Google тест, Jamboard, Wordwall, Learningapps сияқты платформалармен әртүрлі тапсырмаларды оқушыларға ұсыну арқылы білім алушылардың ақпаратты өз бетінше танып білу дағдыларын жетілдірумен қатар, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді құрастырып тұжырымдауға жетелеймін. Сондай-ақ осы аталған платформалар арқылы кейде оқушылар өздері әртүрлі форматтағы тапсырмаларды құрастырады. Бұл шығармашыл ой-өрісі дамыған оқушыны тәрбиелеудің алғышарты деп ойлаймын. Олай ойлауымның негізгі себебі бор мен тақтаға жазған кесінді мен экранда бала назарын аударатын түрлі-түсті, айқын, ұқыпты сызылған кесіндімен салыстыра алмаймыз. Себебі, тақта және бордың көмегімен әртүрлі қосымшалары бар жұмыстарды түсіндіру қиынға соғады. Әртүрлі платформалар көмегімен кез келген кездескен кемшіліктер мен жіберілген қателерді тез арада түзетуге мүмкіндік жасайды. Сабақтың өнімділігі артары сөзсіз және басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы оның сабақты түрлендіріп, оқушыны әртүрлі интербелсенді әдістерді заман талабына сай ұялы телефон көмегімен платформалар арқылы тапсырма ұсынумен білім алушыларды жаңашылдыққа қызықтырады. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы керек.
Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында Google жүйeсіндегі бірнеше платформаны сабақ өту барысында қолдандым. Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің 9 «В» сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытып кана қоймай ойлау дағдысымен қатар функционалды сауатты болуға дағдыландырады. Сабақ өту барысында «Екі жақты күнделік», «Фраер», «Флеш карталар», «Сәйкестендіру», «Пирамида», сияқты интербелсенді әдіс-тәсілдерді Google презентация платформасы арқылы балаларға ұсынып, тапсырма орындаттым.
«Асқорыту үдерісі және ферменттердің рөлі» тақырыбында «Флеш карталар», «Фраер» әдістерін Google презентация платформасын бойынша тапсырма орындады. Бірінші тапсырма «Флеш карталар» әдісі бойынша орындалды. Балалар өздеріне берілген сілтеме арқылы платформаға өтіп, ұялы телефондарында көрсетілген флеш карталардағы ас қорыту мүшесінің құрылысы мен қызметі туралы өздері білетін деректерді енгізеді (1-сурет). Бұл әдіс арқылы бала белгілі бір мәселеге сырттай қарай отырып, оқиғаның сюжеті арқылы баланың өз ойын не пікірін білдіруге машықтанады.
1 сурет — «Флеш карталар» әдісі арқылы
Сонымен қатар, білім алушылардың зейінін күшейту мақсатында қолдануға жақсы мүмкіндік береді. Баланың жазылым дағдысын қалыптастырады, ой-өрісі мен логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ал логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған бала әрқашанда шығармашыл бала бола білетіні сөзсіз. Әрбір баланың оқу мақсатына жетуіне ықпал жасайтын тапсырма «Фраер» әдісі арқылы орындады. Бұл тапсырма аясында білім алушылар ас қорыту мүшелерін ретімен жазып, оларда болатын үдерістерді сипаттай отырып, бөлінетін ферменттерді анықтау, сол ферменттердің қызметін анықтауы қажет.
Оқушылар берілген әр сұраққа саты бойынша жауап беріп, қойылған оқу мақсатына жетуге ұмтылады, ішкі ойын нақты дәлемдермен көрсетуге мүмкіндік жасайды. Бұл саралау тапсырмасы болып табылады, себебі сыныпта отырған барлық баланың қажеттіліктерін ескере отырып, құрастырылған. Тапсырманы орындап болған оқушылардың жұмысын оқытушы кез келген уақытта тексеріп, оқушыларға кері байланыс ретінде коментарий бөліміне өз ой-пікірін қалдыра алады. Берілген дескрипторға сәйкес білім алушы тапсырманы толық қанды орындаған болса балаға әрбір дұрыс жауабы үшін 1 балл беріледі. Осылайша сабақ соңында тапсырманы толық орындаған оқушы 10 баллға ие болады.
Қорыта келе, білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіске қабілеттерін қалыптастырып бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтке естен шығармағанымыз жөн. Бұның бәрі мұғалімнің үздіксіз ізденуі мен шыңдалуы, шығармашылықпен айналысу, білімін жетілдірумен көрініс табады.
Қолданылған әдебиетттер тізімі:
- Бордовская Н.В., «Современные образовательные технологии», Кнорус, – 269 с. — 2011.
- «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы», әдістемелік-нұсқау хат, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, — Астана, — 2017.