Home » Мақалалар » Мұғалім-мәртебелі мамандық

Мұғалім-мәртебелі мамандық

Алматы қаласы
Алатау ауданы
183 бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Сагындыкова Куралай Даулетбаевна

    Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық,өйткені мұғалім мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин

Оқушы ойына арман мен мақсатты орындауға жол көрсетіп,білгенін біліммен ұштастырып,тардай боп кірген мекеннен таудай боп шығуға талпындыратын ең ұлы істің артында осы ҰСТАЗ  тұр.

Ұстаз-өне бойы ақылға ,сөздік қоры том-том көнерген кітапты оқып тауысқан өжеттілік пен парасаттылықтың бейнесі.

Қиындығы да, қызығы да мол, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт тағдыры үшін маңызы зор, жауапты да абыройлы қызмет. Әрбір ұлағатты ұстаз өзінің шәкірттерінің бойына білім нәрін құюмен бірге, жүрек жылуын да таратады.

Оқушылар мұғалімдерді үш топқа жататын қасиеттері бойынша сипаттайды: қарым-қатынасқа байланысты,сыртқы қасиеттерге және мінез құлық мәнері мен оқыту процесіне байланысты қасиеттер. Мұғалім оқушылардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырушы. Мұғалім оқушылардың өзара қарыс-қатынастары ересек адамдардың тәрбие ықпалының маңызды жолдарының бірі.

Мұғалім қандай болуы керек?Менің түсінімдегі Мұғалім-ең үлкен парасат иесі.Аузын ашқанда-ақ мәдениет ошағының мүшесі екені білініп тұруы керек. Ол алдындағы әрбір балаға екінші ана.Себебі,кейбір оқушылар  білім берушісінен үйіндегі анасының бойындағы қасиеттерді іздейді.Ал талап қою,қаталдық көрсету қазіргі күні қарым-қатынасқа кері әсер етеді.Сондықтан мейлінше,бұл нәрседен аулақ болатын болсаң,соғұрлым білімгер үшін сүйікті ұстазға айналуың ғажап емес.Баламен сөйлесу үшін оның жасымен,түсінігінде болуың керек.Яғни тіл табысу бізбен сіз ойлағандай өте жеңіл емес.  Онымен дос болу,көңілін аулау сияқты амалдарды қолдану арқылы ғана баламен ара-қатынасты нығайтуға болады.Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдау керек. Өз ісін жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Менің мамандығым-мұғалім.Үлкен өмірдің алғашқы есігі ретінде игілікті істердің бастамасы десем дұрыс айтқаным.

«Бала жүрегі-кішкентай ғана күй сандық.Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек-деп», М.Шаханов ағамыз айтпақшы, балдырғ андардыңжүрегіне жол табу,бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.Менің мақсатым- жас ұрпаққа саналы білім беру.

Мамандық таңдау мүмкіндігін қайта берілсе еш ойланбастан осы мамандықты таңдар едім. Себебі, мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікті ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.