Home » Мақалалар » Мәтінмен жұмысты дұрыс ұйымдастыру

Мәтінмен жұмысты дұрыс ұйымдастыру

Асаубаева Гульнур Мураткановна

Халқымыздың  жылдар бойы  аңсаған егемендігіне қол
жеткізгенімізге 30 жылдан  астам уақыт өтті. Тәуелсіздігіміздің
басты  жетістігі –ана тіліміздің мемлекеттік  тіл мәртебесін алуы.
Елбасы-Н.Ә.Назарбаевтың бір сөзінде:  «Дүниеде қазақ деген ел
барда қазақ тілі мәңгі жасай береді»,-деген болатын.  Сол мәңгілік
елдің  болашағын жарқын  ететін ол — бүгінгі жас жеткіншектер.
Алайда, балабақшадағы бүлдіршіндеріміз болсын, мектеп

қабырғасында жүрген балдырғандарымыз болсын бастары қосыла қалса орысша шүлдірлейтінін айтпасақ та білеміз. Тілін жетік білмейтін бала ана тілінде білім алып, ойын толық жеткізуі екіталай.

Осы  орайда алдындағы оқушының  тілге деген қызығушылығын  оятып   сөйлеу  тілін дамыту, түрлі тапсырмалар арқылы  сөздік қорын  молайтып, мәтінмен жүргізілетін   жұмыстарды сапалы ұйымдастыру  әр ұстаздың  құзіреттілігінде.

Мәтін дегеніміз не?  Мәтін- белгілі тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастыққа тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды  сөйлемдердің тізбегі. Мәтінмен жұмыс барысында оқушылар қосымша ақпарат  алады.  Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді. Сондықтан мәтінге берілген тапсырмаларды түрлендіріп, қызықты етіп дайындау аса маңызды. Бастауыш сынып оқушыларының көру арқылы қабылдауы  жақсы дамығандықтан  мәтіндегі жаңа ақпаратты, әсіресе, жаңа  сөздерді меңгеру  оңай болу үшін суретпен жұмыс көбірек берілу керек.

Мысал ретінде «Кебеже» мәтініне (2-сынып) арналып жасалған  тапсырмаға тоқтала кетсем.

Кебеже.
Айтуар ағаш шебері. Оның түрлі саймандары бар. Ол ағаштан кебеже жасады. Кебеже әдемі болып шықты. Кебеженің ішіне сүр ет, құрт, ірімшік, май салып қояды. Кебежеге салған тамақ бұзылмайды.

Тапсырма: 1.Суреттерді сөздермен сәйкестендір (5):

кебеже
сүр ет
ірімшік

                  2.Мәтінде неше сөйлем бар?(1)

                  3.Шебері, ағаштан, әдемі  сөздерін буынға бөл (3).

                  4.Әріп пен дыбыс саны тең болмай тұрған сөзді тап (1).

 

Мәтінмен жұмысты ұйымдастыру  үлкен  еңбек пен шығармашылықты талап етеді.  Бірақ, алдымыздағы шәкірттеріміздің  бойында ана тіліне деген қызығушылығын оятып,  сөздік қорларын «толтырып», дұрыс  сөйлеу дағдыларын қалыптастыра алсақ  ойын еркін жеткізе алатын , еліміздің дамуына үлесін  қосатын білімді ұрпақ,  ұлт  жанашырларын тәрбиелейтініміз сөзсіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.