Home » Мақалалар » Оқуға құштар мектеп

Оқуға құштар мектеп

Кітап-адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы.Біліммен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін-тәрбие құралы.Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап — ақылына ақы сұрамаитын алтын қазына» десе,Абай атамыз «Танымның бар тамшысы-кітапта,оған қол жеткізу үшін кітапты оқуды жалықпа», «Артық ғылым кітапта,ерінбей оқып көруге»деп насихаттайды.Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.Соңғы уақытта Халқымыз осындай жан азығынан,рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан Мемлекет тарапынан дабылда қағылып жатыр.Президентіміз «Кітап оқу –рухани кемелденудің көзі.Қазіргі уақыт-секунд сайын жаңарған ақпарат заманы .Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн»-делінген.Соған орай , жас жеткіншектердің қызығып оқитын кітаптарын көптеп шығарып,алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңыздылығын ескере отырып,Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым Министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп жобасын қолға алды». «Оқуға құштар мектеп»жобасын еліміздегі мектеп кітапханраларының жұмысын дамыту арқылы жүзеге асыруды жоспарланған болатын.

Жоба аясында Қызылорда облысы Жанакорған ауданы №163 орта мектебінде кітап оқудағы ата-аналар белсенділігін артыру мақсатында: «Ата-аналар оқуы», «Отбасылық оқулар» ұйымдастырылды. Төменгі сынып оқушыларын кітап оқуға тартудың бірден бір әдісі ретінде «Ертегілер еліне саяхат»іс шарасы ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты : ертегі арқылы баланы тәрбиелеу .Аталған шараны жүзеге асыруды басты тұлға болып ата әжелері қамтылды. «Отбасы мен кітап оқимыз»отбасылық бірлікті ұрпаққа жалғастыруды насихаттау негізінде оқырман отбасының бенефисі өткізілді.Бұл іс-шара арқылы кейінгі жастарға отбасылық ынтымақ пен татулықты дәріптеу. Тақырыптық кештің мақсаты: отбасылық құндылықтарды насихаттап,кітап арқылы мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу.Жобаны насихаттау,көпшілікпен бөлісу мақсатында мектептің инста,фейзбук парақшаларына жүргізілген жұмыстар үздіксіз жарияланыпотырылады.Демалыс уақытында оқущылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін, «Менің сүйікті кітабым », «Менің сүйікті әдеби кейіпкерім»челендждері ұйымдастырып,Оқушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп,келесі оқырманға өздерінің оқыған кітаптарын жолдады.Кітапханада READx, BOOKTATIHK, BОKPOCIHK, COWORKING көрмелері үздіксіз ұйымдастырылып отыр.Сонымен қатар ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында :  “Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»атты,Ә.Әлімжановтың «Періштелер өлімі » А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет –Ұлт Ұстазы,»Ы.Алтынсарин «Кел,балалар оқылық» 20 минуттық оқу сағаты , Ұлы А.Құнанбаевтың 175жылдығына орай «Абай-дара Абай-дана қазақта», Президент күніне орай «Елін сүйген,Елі сүйген Ел басы»,Тәуелсіздігімізге отыз жыл толуына орай «Тәуелсіздікті ту еткен» сынды іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп,жоба бағыттары жүзеге асырылуда. Ұлы Заңғар жазушымыз М.Әуезов «Әрбір адамның ең жақын досы кітап болуы тиіс»деп айтқандай, «Оқуға құштар мектеп»жобасы сәтті жалғасын тапса,еліміздегі  ақын-жазушылардың кітаптары  көптеп басылып шығып,ел арасын кең тарайтын болады. Алдағы уақытта «Оқуға құштар мектеп»жобасы кітап құмар ұлт деген мәртебелі атымызды қайтаруға септігін тигізетін игі бастама екеніне кәміл сенеміз.

Юсупова Асемкул Нысанбайқызы
№163 орта мектеп аға кітапханашысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.