Home » Ашық сабақтар » «Грек палитрасы» әдісі. Кешкі пейзаж этюді.

«Грек палитрасы» әдісі. Кешкі пейзаж этюді.

Кожантаев Туленди Шакибаевич
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№1 өнер мектебі» МКҚК
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Сабақтың түрі: Кескіндеме. 1 курс

Сабақтың мақсаты: «Грек палитрасы» әдісімен танысу арқылы кескіндемедегі жылы колорит туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: — Алынған үш түсті бояу түрлерімен шектеулі түстік палитрада жылы колоритте жұмыс жасап жаттығу;

  • Акварель техникасын меңгеруге және түстік шешім арқылы кеңістікті көрсете білуге үйрену;
  • Кешкі пейзаж этюдін орындау.

Құралдар мен материалдар және көрнекіліктер: суретшілердің шығармаларынан репродукциялар; мұғалімнің шығармашылық жұмысынан көрнекілік суреттер; слайдтар; видео; пішімі А4 қағаздар; акварель бояулары; қылқаламдар; палитра және ыдыс; қағаз скотч; мольберттер және т.б.

Сабақтың құрылымы: 1. Кіріспе

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  2. Оқушылардың практикалық жұмысы
  3. Қорытынды: а) бағалау; б) үй тапсырмасы

Сабаққа кіріспе: Амандасу. Оқушылардың дайындығын тексеру.                    Бүгінгі кескіндеме сабағының тақырыбы: «Грек палитрасы» әдісі. Кешкі пейзаж этюді.

Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар: Кескіндемедегі түстер қандай түрлерге бөлінеді? Хроматикалық және ахроматикалық, негізгі және қосымша түстер, салқын және жылы түстер.

Жаңа тақырып: «Грек палитрасы» әдісі. Кешкі пейзаж этюді.

«Грек палитрасы» әдісінде түстердің шектеулі саны бар палитра түстерін пайдаланады. Мұндай шектеулі палитрада жұмыс жасау түстік реңдерді оңай сезуге үйретеді және жұмыстың орындалуын жеңілдетеді. Бұл жүйеде тек қара, сары, қызыл түстерді пайдалана отырып жылы колоритте этюд жазады және ақ түсті бояуды түстердің реңдерін өзгерту үшін қолданады. Ал, акварель бояуы мөлдір болғандықтан ақ түсті бояудың орнына  қағаздың өзінің ақ түсін пайдаланамыз. 

Бұл әдісті неге «Грек палитрасы» деп атайды, оның сыры неде? 

Ежелгі Грек философы Демокрит (шамамен б.з.д. 460 ж.ж.) өзінің «Түстер туралы» трактатында негізгі төрт түсті атап көрсетті: ақ, қара, қызыл, сарыш жасыл түс. Солардың өзара араласуынан қалған түстер пайда болады деді.

Ежелгі Грецияда сары түсті өте ұнататын болған. Олар сары түсті киімдерді мерекелік киімдер деп санаған.

«Грек палитрасы» деген атау осындай түсініктерден пайда болса керек…  Осындай қызыл, сары, ақ және қара жылы түстер гаммасынан құрылған шаршы «Ертедегі шеберлердің түстер шаршысы» деп аталады.

Пейзаж жанрында картиналар жазған суретшілер өте көп. Бүгінгі таңдағы  суретшілерден Болгарияның танымал акварельлист суретшісі Венета Дочеваның шығармашылығымен жақын танысайық. Суретшінің шығармашылығы акварель техникасының дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлерін аралас қолданып ерекше орындау тәсілдерімен тамсандырады.

Кешкі табиғат көрінісінің түстік реңдерін анықтасақ, түстер мен реңдердің контрастылығы басым болып келеді. Жылы түстер: сары, қызыл, қоңыр, түстерді құрайтынын ескеріп, оқушылардың өздері ойластырған композиция бойынша кешкі табиғат көрінісінің акварельмен қысқа мерзімдік этюдін орындаймыз. Табиғат көрінісіндегі кеңістікті көрсету үшін пландарға бөліп қарастырамыз: артқы планды бұлыңғыр, екінші пландағы заттарды анық және жарық-көлеңкелі етіп ал, алдыңғы пландағы заттарды анық әрі нақты детальды етіп бейнелеу қажет. Мұғалім оқушыларға қысқа мерзімді этюд жазып көрсетеді.

Оқушылардың практикалық жұмысы. Оқушылардың практикалық жұмысын ұйымдастыру және жұмыс барысын қадағалау. Этюд оқушылардың өздері кешкі табиғат көрінісі тақырыбына дайындап келген эскиздері бойынша пішімі А4 қағазға орындалады. Мұнда акварель техникасының дәстүрлі және дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерін қолдануға болады. Тұманды және артқы пландағы бұлыңғыр заттарды бейнелеу үшін акварельдегі дымқыл жазу техникасын қолданамыз. Өте жылдам орындалатын этюд «нашлёпка» деп аталады.

Этюдті орындау кезеңдері: 1. Қағаз бетіне суретті бірден қылқаламмен ақшыл реңді бояулармен  саламыз. 2. Артқы планнан бастап акварель бояуымен жаза бастаймыз. Қағаз бетін колориттік түстер мен реңдерді ескере отырып түгел бояу қабатымен жауып шығамыз. 3. Алдыңғы планды және композиция орталығын анықтап жазамыз.

Қорытынды: а) бағалау; б) үй тапсырмасы: «Грек палитрасы» әдісінде 3 заттан тұратын жылы түсті мата фонындағы натюрморт этюдін орындау.

«Ертедегі шеберлердің түстер шаршысы»

Суретшісі Венета Дочеваның туындылары

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Монастырская Е. Символика цвета [электронный ресурс]/ http://www.abris.tv/Monast.htm
  2. Источник: https://cvet-psy.ru/tsvet-v-antichnoj-kulture-drevnyaya-grets.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.