Менің қасиетті туған өлкемде адамдардың есірткіге тәуелділігі күн сайын өршіп барады. Отбасымызбен күнделікті жаңалық тыңдағанда ішкі істер қызметкерлерінің қалтқысыз жұмысының нәтижесінен есірткімен айналысатын ұйым, жеке адам құрықталды дегенді естігенде денең тітіркеніп, түршігесің. «Есірткі» деген сөз естіген жанға естен айыру деген мағынаны берері даусыз. Естен айыру – адамзатты адал жолдан тайдыру, , ана тілін, туған жерін, ұлтын, салт-дәстүрін ұмыту. Адамзаттың бар байлығы тілі мен ділі екені ақиқат, сол байлық үшін күресе білу керек, ал оны ұмыту адам кейпін жоғалту, жер бетінен жоғалу деген сөз. Ал денсаулық ше, ол- өз алдына бір байлық. Есірткіге әуес болған адамның денсаулығы мүлдем болмайды. Уытқұмар жандардың сөзі де, ісі де, дені де сау болматыны әлеуметтік желелер мен телехабарламаларда, газет-журнал беттерінде ашық айтылып та, жазылып та жүр. Ата-бабадан мирас болған осынша байлыққа жанашырлық танытпайтындар – психикалық белсенді заттарды тұтынушылар.
Жан түршігерлік оқиғалардан өз бойыңды, өз отбасыңды аулақ ұстау адамзаттың перзенттік адал парызы. Нашақорлық бүгінгі күннің емес, ғасырдың дертіне айналып отыр. Сіз де отбасыңызды сол дерттен аулақ ұстаңыз. Есірткіге құмартқан жан ел болмайды. Дені сау,ұрпағы адал, болашағы зор ұлтқа айналуымыз үшін жұмыла кірісіп есірткімен күресейік. Есірткісіз болашаққа бірге қадам жасайық. Біздің отбасымыз- берік отбасы, өйткені біз спортпен шұғылданамыз, жаман қылықтан аулақпыз. Дені сау ұрпақ тәрбиелегіңіз келсе салауатты өмір салтын ұстаныңыз, отбасыңызға спортты серік етіңіз. Сіз де біз секілді салауатты өмір салтын ұстанған есірткіден алыс отбасы болыңыз! Қане, жақсылыққа жаны құмар жан, жарқын болашақ үшін бүгін қадам жасаңыз!
Қармақшы ауданы 121 орта мектеп
Зинабдиндер отбасы