Халмуратова Жансара Абдиканиевна
Астана қаласы әкімдігінің
№75 «Балалық шақ» балабақшасы
мектепалды «Күншуақ» тобының тәрбиешісі
Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер үшінші мыңжылдықтың
білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың
жаңаша ойлауын, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа
деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру –
жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең
жауапты міндет – Тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын жас
ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында
адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра
алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы – оларды
адамгершілік – рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек. Сонда ғана нағыз
толыққанды тұлғаға айналады. Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға аралық
қатынасын дәріптеу, өз құрбы – құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым – қатынас
орната білу іс — әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға бере
алғанда оның болашағы биікте болмақ.
Рухани – адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана – баланы құрметтеу, ұлттық тәрбиені бойына сіңіре білсек болашағы жарқын боларына сену керек.
Олай дейтініміз ұлттық құндылық адамды тәрбиелеудегі
ең негізгі құрал. Сондықтанда болар бабаларымыз: Балаңды өз тәрбиеңмен
тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, — сонда ғана оның келешегі кемел
деген. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың жылдар жасап келеді, сәт сайын өзгеріп,
өрлей дамыған саналы тірлік жалғасуда. Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының
бағбаншысы – тәрбие. Тәрбие дегеніміз – аға буынның кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстар
озық тәжірибесі, үлгі — өнегесі, әдет – ғұрып, рухани байлығы болса, халық педагогикасы –
қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға қалдырған өлмес мұра.
Халық педагогикасына сүйенген ұлттық
тәрбиенің болашағы зор. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі. «Адамзат ұрпағымен мың
жасайды», — дегендей ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтық мәселе болған.
Сараптауым бойынша, бұрындары әкелер ұлдарын қастарына ертіп ел аралайды екен. Барған үйлерінің ылғи көрегенді шаңырақ екенін ақылгөйі бар ауыл екенін көрсетеді екен.
Мұндағы негізгі мәселе: балаға өзге шаңырықтағы ұлағатты істерді көрсету болған екен. Ал,
қазір ше?! Әкелер емес… Шешелер сөйлейтін заман болды. Халқымыздың болашағы –
ұрпақ тәрбиесінде екендігін кейбір шешелер біле ме екен?! Тәрбие жетілген сайын, халық
соғұрлым бақытты болатындығын адамзат тарихи дәлелдеген. «Тәрбие – халықтың
ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың
бойына сіңіру, дүние танымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын
қалыптастыру», — делінген тәлім – тәрбие тұжырымдамасында. Тәрбиенің ең маңызды
түрінің бірі – ең алдымен өз халқын, өз Отаннын сүюден басталуы да ерекше.
Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр балаға, әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да
жетеді, біреуіне ақыл жүрмейді, мінез – құлқына қарай басқа амал табу керек. Бала жүрегінің үніне үңіле білу керек. Өмірін осы қызметке арнаған адамды, өз өнерін, бойындағы барлық
қасиеттерін дарытқысы келетін адамды нағыз ұстаз деп атауға болады. Олай дейтінім
болашаққа ізгілік нұрын себушілер – олар. «Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз ғана
тәрбиелей алады». Өнегелі адамды тек өнегелі ұстаз ғана тәрбиелей алады. Сонда ғана,
жастар болашағының шоқтығы биік болмақ. Осы ұлы жолдағы әр әріптесіме шаршамайық, ізгілік
нұрын себуші, жол нұсқаушы бола білейік дегім келеді.
Керемет Жансара қаламың ұштала берсін .Шығармагшылық жетістікке жете бер
Отбасындағы тәрбие, үлкендердің әрбір сөзі, ісі, мерекелік рәсімдер, салт-дәстүрге байланысты ұйымдастырылған шаралар – баланың қоғамдағы өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпалы бар дұрыс айтасыз. Сондықтан Сіздің ұлыма тәрбиеші ретінде беріп жатқан тәрбиеңіз бен біліміңіз ұшан теңіз. Еңбегіңіз табыс тілеймін.
Өте керемет, жарайсыз, алға!?
Жансара апай саттилик тилеймиз, тек кана биіктігте корнетин болыңыз!
Жансара апай сизге алгысымыз шексиз сизге тек алга, саттилик!!!
Жансара апй жарайсыз теа қана алға
Керемет еңбегіңіз елене берсін??
Кушти Сизге Сенип бала тарбиесин беруге окинбейди ата-аналар ??
Керемет шыгарма! Жансара апай енбегиниз берекелі, табысты болсын!!!
Керемет осындай білімді ақшаға сату керек сәттілік серігің болсын Аллам өзі қолдасын
Жансара апай өте керемет мұғалім!Ақжантайды апайы ????
Жас ұрпаққа жан-жақтама тәлім тәрбие беру жолындағы мамандығыңның жетістігі мол болсын. Шығармашылық барысында қаламың шыңдала түссін! Жансара досым тек алға!
Жансара Апай, оте керемет адамсыз, сиздей устаздар коп болсын! Ар балага тил тауып, тарбие бересиз. Енбегиниз жемисти болсын! Тек биик шындардан корине бериниз!
Керемет!!!!
Жансара апа керемет?? Жұмысыңызға әрдайым табыс тілеймін?
Күшті керемет ?
Жансара жұмысына табыс тілеймін тек алға
Енбегіңіз жемісті болсын! Тек биік шыңдардан көріне беріңіз! Шығармашылық табыс тілеймін! 15 жыл бірге оқыған досым.
Жұмысыңыз алға баса берсін. ???
Жансара жарайсың,еңбегіңнің жемісін көр,әрдайым биіктерден көріне бер!!!
Керемет!Өз ісінің маманы !Жұмысыныздың жемісін көріңіз!
????күшті Биіктерден Көріне беріңіз
Жансара студенттік дәуірден ақ қайратты болатын. Менде дос көп болды, бірақ Жансарадай дос таба алмадым. Ол өз жазбасында өзінің неше жылдық педагогтық тәжірибесінен ой бөліскен. Жансарадан тәрбие алған бала тап өзіндей мейірімді болары сөзсіз.
Жарайсың Жансара еңбегіңнің жемісін көр биіктерден көріне бер !Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға деп шаршамай шалдықпай ,тәрбиелеген балаларың болашақта жетістіктерге жетсін!
Керемет!!!
Ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан үлкен еңбегіңіздің жемісін көріңіз.