Home » Мақалалар » Қазіргі білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияландырудың маңыздылығы

Қазіргі білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияландырудың маңыздылығы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
 «Құрық орта мектеп-гимназиясы» КММ
информатика пәні мұғалімі
Досаева Дана Турахбайқызы

       Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына, адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш тек білімге ғана тән деп ойлаймын. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол.

Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ «Онлайн тәсіліне оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет»-деп атап көрсеткендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етуде.

Әрбіріміздің санамызда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дегеніміз не деген сұрақ туындайды? «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген елбасымыздың үндеуінде айтылып кеткендей, білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. Ақпараттық технологиялардың бірі-интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.

        Білім берудегі қәзіргі мәселеге тоқтала кетсек, Еліміздегі  пандемия кезіндегі төтенше жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-19-9/1238-И хатына сәйкес  білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін және оқу процесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын, қашықтан білім беруге көшу  бойынша шараларды жүзеге асырды. Осыған байланысты біздің де білім мекемеміз, білім алушылар мен ата-аналар үшін тиімді деп тапқан OK.EDUS,  BilimLand, Zoom әр түрлі платформада жұмыс жасауда, соның ішінде WhatsApp желісі арқылыда тығыз байланыс орнатып отыр. Бағдарламаларды меңгеріп, сапалы видео сабақтар, презентациялар жасауда. Үнемі ғаламторда отыруға мәжбүр. «Жақсы сөз, жарым ырыс» – деп бекер айтпаса керек ата-бабамыз, бәрінен жақсылық іздейтін халықпыз. Қашықтықтан оқыту жаңа дүниелерді меңгеруге, шығармашыл ізденіске шабыт, рухани баюға уақыт бергені анық. Қашықтықтан оқыту әрине білім алушылармен көзбе-көз ақпарат алмасуға, әркімнің көңіл күйін білуге мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ қашықтықтан оқыту үшін оқытушы, педагог компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі, ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет. Педагог ретінде айтарым «әр өзгерістің өзіндік жақсы жақтары бар». Қашықтықтан оқыту технологиясын сапалы жүзеге асыру мақсатында әр педагог шығармашылық ізденіс үстінде. Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша білімгерлерге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр.

Қорыта келгенде, оқытушы үшін нәтижеге жету білім алушысының білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала — ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс деп ойлаймын. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар берушіде – мұғалім. Білім алушыларда жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену үшін ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ескеруіміз керек.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.