Home » Мақалалар » «Әбіш – патриот өлкетанушы»

«Әбіш – патриот өлкетанушы»

Отегенова Акмарал Бердибековна
Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылы, Достық №4
№ 6 жалпы білім беретін орта мектебі,
география пәні мұғалімі

Әбіш Кекілбаев – қазақ елінің басына туған бағы, заманының заңғар шебері, ойы озық ойшыл, халқы мен елін сүйсен кемеңгер,  егеменді елдің мүддесін жоғары қойған нағыз патриот, туған өлкесін аса шеберлікпен суреттей білген суреткер.

Әбекең – сан қырлы тұлға, оның өзі бір әлем. Ол – сыншы, публицист, тарихшы, саясаткер, мемлекет және қоғам қайреткері. Жердегі алып аты мен заты өшпейтін мәңгі жұлдыз.

Сұрапыл соғыстың әлегенінен әкесінен ерте айырылған Әбіш жас бала сықылды ойынға емес, ауылдың үлкен кісілердің әңгімелерін тыңдап, сусындап өсті. Балалар асық ойнап, ләңгі тепсе, Әбіш іргеде отырып кітап оқыған. Тұңғиық терең ой мен саналы ерекше шешен болған. Қазақ тіл мен орыс тілін көсіле сөйлеген жас баланы Маңғыстау жеріне келген геологтарды таң қалдырып, кіндік қаны тамған жерін таныстырған. Әбіш баланың арманы – геолог болу еді.     Әбіш Кекілбайұлы университет қабырғасында жүріп, ғұлама жазушы М. Әуезовтың дәрістерінен нәр алып, сусындап өсті. Хаты әлемге танылған  М. Әуезовтың ізін жалғастырушы, соңғы күре тамыры.

Аты алты алашқа танылған данышпан XX ғасырда «Әлемнің ең үздік жүз жазушысы» қатарына қосылғандығы тарих беттерінен көрінеді. Оның «Дала балладалары» атты шығармасын шетелдіктер аударып оқыған. Қазақ прозасында «Бір шөкім бұлт», «Күй», «Шыңырау», «Ханша Дария», «Бәсеке» атты поэмалары өскелең ұрпаққа қалдырған бай мұрасы.

Әбіш Кекілбаев – санаулы, ғибратты ғұмырында Тәуелсіздіктің қарсаңында елім деп, жерім деп еренбей еңбек етіп, аянбай тер төркен. Әбіш атамыз бір сөзінде: «Ел туралы армандаған кезде – Қазақстанның үлкен алып территориясына лайық өзінің халқы болғанды жақсы көрем, осы – ата-бабамыздан қалған кең байтақ жерде толтырып жататындай қазақ болғанын жақсы көрем. Менің ең үлкен арманым сол. Қазір қазақтың статистикалық орталықтың есебімен алғанда қазақтың территориясы қазақтың санынан бес есе кіші болып тұр. Сол – менің жаныма батады»-, деп көсілген еді.

Қара сөздің зергері, көркем әдебиеттің майталманы – Әбіш. Әбіш Кекілбайұлы еліне елеулі, халқына қалаулы, абыройлы болсада ешқашан көкірегін көкке көрген емес. Адами қасиеті қарапайым, адам баласына арамдығы мен шіренуі, тәкаппарлығы мен менмендігі Әбекеңнің бойында бұндай жағымсыз қасиеттер болған емес. Шөл мен апатқа сыр бермес төзімшілдігі мен даналығы бойын айшықтап тұрды.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Әбіш Кекілбаев туралы ойы: «Біз бүгін рухын ұлықтап отырған Әбіш Кекілбаев – адамзаттық болмыстың жоғары көтерілген біртуар тұлға. Қазақ халқының перзенті».

Әбекең – Ұлы дала кемеңгері, сан қырлы тұлға. Әбіштің өзін үлкен  терең теңіз десек,  теңіздің толқындары Әбіштің ұлағатты артына қалғырған ісі, жағалаудағы тастары қай қырынан болмасын сусындыруда.    Көркем әдебиетке жай келе солған жоқ, нық қадам мен үлкен дайындықпен келген жазушы. Ол көзі жетпеген дүниені жазабаған, сол жерлерді аралап, қаламы мен зерек ойының арқасында туындылары жарық көрді. Қара сөзді хас шеберлік пен аса терең ойлы туындылары оқырманның жүрегінен жол тапты. Әбіш шығармалары барлық дерлік қазақ жерінің тарихына арналған.

Әбіш атамыздың ұлы туындыларын жиылған бидай секілді, ал ендігі бізге қалғаны бидайдың сабандарын жинау қалғандай.

Жазушы, ұстаз, әдебиет зерттеушісі – Зейнолла Қабдолов былай деген: «Мен Әбішті оқыттым деп айтуға бата алмай тұрмын, ойпырай, бұл не деген білім?» — , деп таңырқаған.

Әбіш – ғылым мен білімді, өнер мен мәдениетті тоғыстыра білді. Қызыл тілді қаламгер қоғамға және басшыларға сөзі өтетіндіктен жоғары қызметке шақырды.

Кезінде қазақ жері Ресейдің қарамағында күнелтіп жүргенде, үкіметтің қатал заңы «әулие, діни – наным, салт – дәстүрге» қарсы болатын. Бұл құбылысты Әбіш атамыз құптамағанын, өзінің ізгі істерінен көре аламыз. Жоғары қызметте жүргенде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенісін реставрация жұмыстарын жасауына септігі тиген.

Әбіш Кекілбаев – патриот өлкетану. Масаты Маңғыстаудың табиғатын теңдесі мен құны жоқ жауһарға теңіді. «Сыр десе 1 том замана дидары» атты кітабында  «Маңғыстау…Тарих пен табиғаттың бірге толғаған тамаша дастаны, бірге салған таңғажайып суреті, бірге шерткен тағылымды шежіресі. Оны таңданбай көріп, тамсанбай түйсінуің мүмкін емес» -, деген еді. Маңғыстау жерін сондай құдіретті және киелі екенін айта кеткен. «Бұл жерде бүкіл әлемнің барлық кереметі топтасқанын, бүкіл дүниенің сырын білгендейсің» -,  деп хас шеберлікпен суреттеген.

Әбіш атаның туындысын оқысаң «Ойырай, керемет жазған» -, деп тәтті жеміс жеп отырқандай  күй кешесің. Ол Шерқала тауын мергенді көзі шалып селт етіп, көз шалып қалған арыстанға теңеді.

Маңғыстауымның түйесін аса шеберлікпен кескіндегенін мына шығарма үзіндісінен түсінуге болады:                                                                               «Анау айқай жолдың қапталында мойын шудасын теңізден ескен өкпек желге таратып, маңдайын құбыладан ескен қызыл жалынға жалатып, қос бүйірін қос қапталдан ескен өкпек желге кездіріп, ботасын сағынып, өрісінен оралған ақ аруанадай алшайып, ақар-шақар аппақ тау- Ақмая тұр аңқиып.

Сонау жорғалаған жыланның бауыры, құлдыраған құланның сауыры күйіп, зымыраған тұлпардың тұяғы балқитын жапан түзде жалғыз жайылып, жер бетіне желімше жабысып тырбық өскен ащы отына тойып, жетім қыздың көз жасындай жылымшылап шыққан кермек суына қанып, кебіріне аунап, керіле шөккен қақпыш борша қара сеңгер – Қарамая жатыр шалжиып». (Сыр десте 1 том 484 бет).

Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы Әбіш Кекілбаев туралы озық ойы:«Әбекең – әлемдік өркениеттің ортақ қазынасына олжа салған суреткер. Көркем ойдың, көркем әдебиеттің көсемсөзге жол берген тұсында ол ел-жұртына үлгі беретін үрдіске қол артып, уақыт мінберіне көтерілді. Ағынан жарылды, адалынан сөйледі. Әлі де қоғам мен қауымды толғандырған келелі мәселелерде кең толғар пайым қажет болғанда, қаламына қайраткер сөз ұштап, шынайы пікірі мен шырайлы бәтуасын жайып салады. Жұрттың мүддесі үшін жазары таусылмаған жазушы болу да бір бақыт қой. Шіркін – ай осындай қазақ көбірек болса екен деп тілеймін!»

Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Әбіш Кекілбаев туралы ойы «Біз бүгін рухын ұлықтап отырған Әбіш Кекілбаев – адамзаттық болмыстың жоғары көтерілген біртуар тұлға. Қазақ халқының перзенті».

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.