Home » Жаңалықтар » ИНКЛЮЗИЯНЫ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІМЕН ТАНЫСТы

ИНКЛЮЗИЯНЫ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІМЕН ТАНЫСТы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының баспасөз қызметі

     «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова Тараз қаласындағы №32 орта мектепте ашылған инклюзияны қолдау кабинетінде болып, аталған бағыттағы жұмыстармен танысты.

Аталған кабинетте аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар 7 мен 14 жас аралығындағы 10 балаға қолдау көрсетіледі. Онда бір мұғалім және 9 педагог-ассистент мамандар жұмыс жасайды.

   Бұл бастама – аутизм және басқа да ментальді ауытқушылықтарға шалдыққан балалардың үйден емес, білім ошақтарында қатарластарымен бірге оқуына және ортаға бейімделуіне жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып келеді.

Жалпы облыста 4 мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Онда 50 балаға қолдау көрсетіледі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.