Home » Мақалалар » Балалар туризмі туралы бір үзік сыр

Балалар туризмі туралы бір үзік сыр

Балалар туризмі – мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына, жергілікті мекенін танып-білуге, мектепте алған дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсартудағы білімін қолдану және одан әрі тереңдету мақсатында жүргізілетін саяхатшылық сапарлар.

Балалар туризмі өлкетанумен тығыз байланысты, оның мақсаты жаратылыстану ғылымдары саласындағы білімді кеңейту, денсаулықты нығайту, шынықтыру, белсенді демалыстың тиімді нысаны болып табылады, өмірлік маңызды қасиеттерді дамытады. Мектепке дейінгі білім беруде, мектептерде мемлекеттік білім беру стандартымен бекітілген міндеттердің бірі – балалардың физикалық және психикалық денсаулығын, оның ішінде эмоционалды саулығын сақтау және нығайту болып табылады.

Дегенмен, балалар туризмін дамыту қазіргі таңдағы ең басты мәселелердің бірі. Жалпы алғанда балалар туризмін дамытудың басты мақсаты – келешек ұрпақты жігерлі де қайсар, өз өлкесін шынайы сүйетін патриот, өз елінің дәстүрлері мен тарихын, мәдениетін құрметтейтін, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақты тәрбиелеп шығару. Балалар туризмі мақсатына қарай әртүрлі салаларға бөлінетін болса, соның бір түрі экскурсиялық туризм.

Экскурсиялық туризм – жеке тұлғаның немесе топтың уақытша болатын елдегі немесе жердегі туристтік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытта барып көру, танысу. Жалпы айтқанда туризмнің бұл түрі балалардың білімін тереңдететін, қазіргі таңдағы мүмкіншіліктерді толықтай қолдану арқылы одан әрі дамитын сала түрі. Экскурсиялық туризмді балалар арасында жергілікті табиғи нысандарды таныстыру арқылы бастаған жөн. Мектеп жасындағы балалар ең алдымен өз Отанының табиғи нысандарымен танысқаны, балалар туризмінің ең басты мақсатын орындайды. Өз өлкемізді мысалға алсақ, Жаңаөзен қаласының балаларына жас ерекшеліктеріне сай өлкеміздің небір түрлі әдемі жерлеріне апарып таныстырсақ болады. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларын Үстірт музейімен таныстырсақ, орта буын оқушыларын қалаға жақын таулы мекендерге барып таныстырса болады.

Міне балалар туризмінің қандай түрін болса да дамыту мақсатында осылай қызмет етсек, келешек ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға,  елдің экономикасын дамытуға, экологиясын, тарихы және табиғи ескерткіштерін қорғау жолында кешенді еңбек етуге баули аламыз деген  ойдамын. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Балаларға Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды да, жауапты, қадірменді парызы”, – деген аталы сөзі балалар туризімін дамыту бағытында ұстанар басты нысана болуға тиіс деп ойлаймын.

Жаңаөзен қаласы
8 жалпы білім беретін мектеп
Ағылшын тілі мұғалім
Көбейсінова Айгерім

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.