Home » Мақалалар » Айбынды жастар – ертеңгі ел қорғаны

Айбынды жастар – ертеңгі ел қорғаны

Нұр-Сұлтан  қаласы
«М.Мақатаев атындағы №74мектеп-гимназия»
директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Рахымжан Бағдагүл Рахымжанқызы

 Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы- Мен жастарға сенемін» дегендей, бүгінгі қоғам, қазіргі нарық бәсеке заманын талап етіп отыр. Мектептердегі әскери-патриоттық тәрбие берудің рөлін күшейту туралы Елбасы Жолдауында айтылған талаптарды іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының бастамасымен 2016 жылы мектеп-гимназиямызда  10 сыныптар арасында «Астана ұландары»кадет сыныбы ашылды. Кадет сыныбын ашудағы мақсат оқушыларды Қазақстан Республикасын Қорғаудағы азаматтардың Конституциялық құқықтарын меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу мақсаты мен сипатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныс негіздерін ұғынуға, қажетті білім мен практикалық дағдыға ие болған болашақ ұрпақты өз елінің патриоты мен  ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 «Жас сарбаз» құрылғанға дейін де еліміздің мектептерінде әртүрлі атаумен, бірнеше бағытта жұмыс істеп келе жатқан 3 мыңнан астам кадет сыныптары бар еді. Он мыңға жуық бала әскери-патриоттық білім алды. «Жас сарбаз» қозғалысымен барлық мектептердегі жұмыс бір жүйеге түсті. Жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу бойынша әртүрлі жұмыстар атқарып келеді. Құрылғандарына  көп уақыт болмаса да, Нұр-Сұлтан қаласындағы жас сарбаздықтардың қатары 7 мыңға жетті.

Мектеп-гимназиямызда ашылған «Астана ұландары» жас сарбаз сыныптарында әскери тәртіпке бет бұрған жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдап, артылған сенімді ақтап шығуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Мектепте жас сарбаз сыныбына іріктеу 9,10 сынып оқушылары арасында жүргізіліп, арнайы мамандандырылған топта білім алуға құлшынысы бар  оқушылар алынды. Жас сарбаз сыныбын оқытудың жоспарын таныстырылады.

Жас сарбаз сынып оқушылары үшін мектептің жалпы білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізілмейді. Оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беруге көп мән береді. Алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша қосымша сабақтар және физикалық тұрғыдан дайындық, құқықтық тәрбие, эстетика сабақтары мен медициналық көмек көрсету дағдысынан өтеді.  Жас сарбаз сыныбын ашу кезде оқушылардың жасы, сабақпен қамтылуы, оқыту тәсілі, үйрету жолдары және пәндерді оқытушылардың ерекшелігі ескерусіз қалмады. Қосымша сабақтарды заңдық білімі бар тәжірибелі педагогтар жүргізеді. Жас сарбаз сыныбында оқитын оқушылардың барлығы арнайы киім үлгісін киеді. Бұл тәртіпке бағыну мен құрдастарына үлгі болуға септігін тигізеді. Ал ант берген оқушылар жауапкершілігі мол міндет атқарып жүргенін түсінеді. Жас сарбаз  сыныбы балаларға тәрбие беруге ықпал ететін құралдардың бірі. Бала кішкентай кезінен бастап адамгершіліктің, қоғам мүшелеріне көмектесу мен қолғабыс етудің, істеген ісің үшін жауап беру керектігін сезініп өседі. Осылайша жас өрендер мектебінің ішкі тәртібіне қанықты.

Оқушы-жас сарбаздар әскери танымдарын кеңейтті, тек қана теориялық білім мен қатар практикалық сабақтар қатар жүргізілді. Темірдей тәртіпті талап еткен саланың қыры мен сырына қаныққан оқушылардың ішінде — әскер сапында жұмыс істегісі келетіндер көп. Мәселен, осы сыныпты тәмамдаған оқушылары әскери оқу орындарына оқуға түсті. Қалалық, республикалық іс-шараларда белсенділік танытып, конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алып отырды.

Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген еді. Сондықтан да қазіргі «Жас сарбаз»

алдағы 30 жылдың ішіндегі тәуелсіздікті одан әрі нығайту үшін еліміздің туын жоғары ұстап, нағыз патриот тұлғаға айналады деген сеніміміз мол

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.