Home » Жаңалықтар » БРИФИНГ ӨТТІ

БРИФИНГ ӨТТІ

СҚО әкімдігінің Білім басқармасының басшысы Кәрімова Гүлмира Раинбекқызы Facebook әлеуметтік желісінде «Ұстаз мәртебесі»  деген тақырыпта БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Мұғалім мамандығының және оқытушылық қызметтің беделін арттыру мақсатында осы жылдың қаңтар айынан бастап педагог мәртебесіне байланысты заң күшіне енді. Бүгінде білім беру саласында 16 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда үш мыңға жуық, орта білім ұйымдарында он бір жарым мың, колледждерде мың екі жүз жиырма және қосымша білім беру ұйымдарында үш жүз жиырма  сегіз педагог қызмет атқаратынын баса айтты.
Білім басқармасының басшысы заңның кейбір тұстарын түсіндіріп, мұғалімдердің өздеріне қатысы жоқ фунукциялардан қорғауды, оның кәсіби қызыметімен байланысты емес түрлі жұмыстарға тартуды, сондай-ақ білім туралы заңда көрсетілмеген түрлі есеп-қисап мәселесі бойынша нақтылап айтты. Мұғалімнің басты мақсаты балаларға білім беріп, тәрбиемен айналысуы керектігін тілге тиек етті.
Қазіргі күні мұғалімдердің материалдық жағдайы күннен-күнге жақсаруда.  Қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтерілген болатын. Бүгінгі таңда бірінші санаттағы ұстаздар барлық үстемелерді қосқанда 245000 жалақы алады. 2019 жылмен салыстырғанда жалақы мөлшерінің өскені байқалады. Ал жас мамандар мен  екі жылдық жұмыс өтілі бар ұстаздардың жалақысы 140000 (жүз қырық мыңнан) жоғары, дейді. Алдығы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы 100 пайызға көтерілетін болады.
Барлық білім беру мекемелерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, әдістемелік орталықтың әдіскерлерінің де жалақысы өсіп отыр.
Ұстаздардың біліктілігін арттырып, білім саласындағы құзырлы еңбектері де еленбей жүрген жоқ. Ы.Алтынсарин атындағы медаль, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы сияқты жоғары лауазымды марапаттармен де марапатталып отырады. Осы жылы Солтүстік Қазақстан облыс әкімінің  21 маусымындағы № 193 бұйрық шешімімен  бірінші рет Солтүстік Қазақстанның үздік ұстазы атағын және 300 айлық есесптік көрсеткіш бойынша сыйақы алды. Бірінші болып Қалалық классикалық гимназияның биалогия пәнінің мұғалімі Балабекова Клара «Үздік педагог-2020» марапатына ие болды. Сол сияқты Солтүстік Қазақстан облыс әкімінің шешімімен Солтүстік Қазақстан облысының Білім беру ісінің құрметті қызметкері атағына 4 ұстазды лайық деп таныды. Ал, Мағжан Жұмабаев төс белгісімен 8 мұғалім марапаттады.
Жыл сайын мұғалімдер күні қарсаңында «Үздік педагог» байқауының қорытындысы жарияланатынын айтып, өз қуанышымен бөлісті. Республикалық комиссияның шешімімен Солтүстік Қазақстан облысынан 4 педагогты үздік деп таныған. Олар: Арықбаева Гүлнара Арапқызы француз тілінің мұғалімі, Баязитова Айсұлу Аманкелдіқызы физика-математика пәнінің мұғалімі (Новойишим ОМ 2).
Сонымен қатар педагогтардың бес жыл сайын өтетін аттестациясына енгізілген өзгешеліктер туралы ақпараттарды да толықтырды. Мұғалімдер үшін болашақта жақсы жаңалықтар алдынан күліп тұратынын баса айтты.

«BILIM AINASY»
Көкбасқызы Жазира, СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.