Home » Мақалалар » Ерекше білімді қажет ететін балалардың ұсақ моторикасын дамыту  жолдары.

Ерекше білімді қажет ететін балалардың ұсақ моторикасын дамыту  жолдары.

 Досаманова Эльмира Мұратбекқызы

Нұр-Сұлтан қаласы

№53 «Мерей» балабақшасы МКҚК

Дефектолог-мұғалімі

Ерекше білімді қажет ететін балалардың ұсақ моторикасын дамыту  жолдары.

Жалпы, ұсақ моториканы дамытудың баланың дамуында  да алатын өзіндік орны ерекше. Әйгілі кеңес педагог- новаторы, жазушы В.А.Сухомлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты мықты, епті болса соншалықты ойлауы да сөйлеуі де жақсы дамиды, яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе ақылы да сондай жақсы өседі. Бұны физиялогиялық тұрғыдан айтқанда ол қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы. Сондай-ақ «қол мен көздің» тепе-теңдігін ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады. Бала қоршаған ортадағы заттарды қозғалыс арқылы танып –білу барысында қалыптасады. Жалпы адам миы сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз.

Яғни ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемділігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Сөйтіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан баланы мәжбүрлеуге болмайды. Қолдың саусақтарымен білезігінің  ұсақ моторикасын дамыту мен жетілдіру орталық жүйке жүйесін, барлық психологиялық процестерін, сөйлеуді дамытудың басты ынталандыру болып табылады.Атақты орыс  профессоры  Марионилла Максимовна Кольцованың зерттеу жұмыстарында  ең алғаш қол

саусақтарының қимылы дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын көрсеткен. Сондай-ақ ұсақ моториканы дамыту –бұл тану қызметін жүзеге асырудың басты шарты болып табылады. Қазіргі таңда өкінішке орай көп ата-аналар қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек балабақшаға барғанда көбіне 3-6 жас аралықтарында байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк болып табылады, жаңа хабарларды қабылдауы мен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен ұсақ ойыншықтар мен ойнап, қарындашпен бояп, сызып, жазып үйренуі керек. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, үлкен мәні бар әжелеріміздің ескі үні бар мәдени шығармашылық-саусақ ойыны. Бұл саусақ ойынын ойната отырып, балаға қоршаған заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды , ағаштарды сондай-ақ көптеген бейнелерді бейнелей алады. Енді сабақ барысында және үй жағдайында орындауға болатын бір-екі ойынға тоқталып  өтейін, осы жаттығулар ұсақ моториканы дамытуға бағытталған және оны  жасап көрсеңіздер болады.

«МОНШАҚТАР» жаттығуы

Екі қолдың да бағдарлауын арттыра отырып, балаға тізуге арналған  бау және әр түрлі теңдіктегі , әр түрлі диаметрлі моншақтар беріледі. Бұл ойын баланың «Көз –қол» бағдарлауын жетілдіріп қана қоймай сенсорлық(түс,көлем,пішін) қабілеттері де дамиды.

«ҚЫСҚЫШТАР» жаттығуы

Қысқыштармен ойналатын ойындар өте нәтижелі.Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді. Түрлі –түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқышатрды қыстырса ,гүлдер пайда болады.

Сонымен қатар арнайы түзете-дамыту сабақтарында «СУ-ДЖОК» терапиясында  қолданған жөн. Бұл терапияны шағын таныстыра кетейін жалпы «СУ-ДЖОК» әдісінің авторы Сеул халық университетінің профессоры  Пак Чже Ву өзінің 30 жылдық медицинасын  зерттеу жұмысы барысында жаңалық ретінде осы «СУ-джок» әдісін жария еткен. «СУ-джок» әдісі (корей тілінен аударғанда «су»-алақан, «джок»-табан) деп аталады. Сонда, бұл әдістеме негізінде алақан мен табанның бүкіл ағза мүшелерімен сәйкестігі және ұқсастығын алып тұр деген мағына береді дептіміз. Түзете дамыту сабақтарында сөйлеу тілін жетілдіру, тіл мүкстігін алдын –алу, бала тілін және ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында су-джок шарын массаж ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, Су-джок шарымен ойын жаттығуларын өткізуге оңай әрі қол жетімді қауіпсіз әдіс.Баланың сөйлеу тілін де түзету жұмыстарында қолдануға өте тиімді.

«Су-джок» шары арқылы саусақ моторикасына арналған 1-2 ойын жаттығуларына тоқталып өтсем. Сонау біздің әжелерімізде бұл ұсақ саусақ,қол моторикасында ойлап кеткені-ау шамасы.

«ҚУЫРМАШ» ойыны

Қуыр –қуыр қуырмаш,

Балаларға бидай шаш.

Бас бармақ,(Екінші қолмен шарды бармақтарға тигізу)

Балан үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Сен тұр-қойыңа бар!(Су-джок шарды әр бір саусақтарға домалатып отырамыз)

Сен тұр-жылқыңа бар!

Сен тұр-ешкіңе бар!

Сен тұр-сиырыңа бар!

Сен тұр-түйеңе бар!

Ал сен алаңдамай,(Алақанда шарды шеңбер бойымен домалату)

Қазан түбін жалап, үйде жат.

Мына жерде құрт бар, (Су-джок шарын саусақтардың ұшына тигізу)

Мына жерде май бар.

Мына жерде қатық бар,

Мына жерде қант бар.

Мына жерде түлкі бар,

Мына жерде күлкі бар.

Қытық,Қытық!

«КІРПІ» ойыны(массаж шарды екіге бөліп саусақтарын үстіне қойып кірпінің жүрісін сал)

Момақанмын,алайда,

Тікенімкөп,абайла

Кіріп кетсе қолыңа

Өкпелеме, жарай ма?

Сонымен қатар «Су-джок» терапиясының практикадағы пайдалы  қасиеттері:

 

  • Алақандағы нүктелер арқылы ми дамуын жылдамдатады;
  • Баланың бұлшық ет тонусын ретке келтіреді;
  • Су-джок шарымен ойнаған баланың ойлау қабілеті де ертерек дамиды;
  • Баланың сөйлеуіне ықпал етеді;
  • Сезімталдықты оятады;

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Кольцова М.М. Двигательная активность и развитие функций мозга ребенка.-М.Просвщение,1973.
  2. Пак Чже Ву. Су Джок для всех-М. СуДжок Академия,1999

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.