Home » Мақалалар » Оқушылардың шығармашылық ойлауын  шыңдау –  жаңа заман талабы.

Оқушылардың шығармашылық ойлауын  шыңдау –  жаңа заман талабы.

Ә.А. Данияр
Нұр-Сұлтан қ.
№3 мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,
вожатый

Қазіргі таңда білім алушының жалпы білімі мен оқу деңгейімен қатар сыни және шығармашылық о йлау қабілеттері алдыңғы орында болып отыр. Шетелде, әсіресе АҚШ-та «критикалық (сыни) және шығармашылық ойлау» түсінігі бұрыннан қалыптасып, оқушылар мен студенттердің практикалық, әрі теориялық білімінде қолданыс тауып жүр. Соның ішінде біздің елімізде оқушылардың шығармашылық ойлауы ерекше назар аударуды талап етеді.

Австралиялық оқу бағдарламасы оқушылардың шығармашылық ойлауын «белгілі бір контексте жаңа идеяларды құру және қолдану, орын алып жатқан жағдайларға жаңа көзқараспен қарау, балама түсіндірмелер табу және оң нәтижеге әкелетін жаңа қарым-қатынас пен байланыстарды көру немесе құру»  қабілеті ретінде анықтайды.
Шығармашылық ойлау-бұл студенттердің жаңа немесе өзгеретін жағдайларда оқу және кейіннен жұмыс істеу қабілеті мен өзіне деген сенімін дамыту үшін ашық және маңызды дағдылар жиынтығы.

Шығармашылық ойлау – бұл оқу процесін ұйымдастыру және психологиялық-педагогикалық қолдау үшін үлкен маңызы бар құбылыс. Қазіргі кезеңде шығармашылық ойлауды ойлау түрі ретінде емес, оның ең жоғарғы формасы, ең жоғарғы сатысы, даму деңгейі ретінде түсіндіру тиімдірек.

Мектеп жағдайында шығармашылық ойлауды қалыптастыру туралы сөз ететін болсақ, біз мектеп оқушыларына шығармашылық мәселелерді шешу дағдыларын үйретуді ғана емес, сонымен бірге олардың шығармашылық тұлғасын дамытуды да алға қоямыз. Сол себептен жас ерекшеліктерін ескеруге, шығармашылық ойлауды іс-әрекет ретінде және оның іс-әрекетте дамуы ретінде түсінуге,  оған қоса оның мәдени-тарихи контекстін ескеруге қатысты аталған принциптер  оларға тән даму бағдарламаларының тұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.

Шығармашылық ойлауды қалай үйрету керек? Мектептегі білім берудің оқу бағдарламасы негізінде сыни және шығармашылық ойлауды ортақ қабілет ретінде қарастыру қажет. Бұл сыни және шығармашылық ойлау оқытудың барлық сегіз негізгі саласында – тіл, математика, жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, өнер, технологиялар, денсаулық сақтау және дене тәрбиесі үшін маңызды дағдылар екенін білдіреді.

Қазіргі кезде заман талабына сай түрлі өнер ордалары мен зияткерлік үйірмелер жұмыс жасауда. Әр оқушы  икемі мен қабілетіне қарай өзіне қажеттісін таңдай алады. Бұл жерде мұғалімнің жол сілтеуші, жетекші ретіндегі міндеті – оқушылардың жеке басының дамуына, олардың шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету және бағыт беру.

Білім алушылармен шынайы қарым-қатынас ынтымақтастық және бірлескен шығармашылық ұйымдасуы негізінде құрылады. Мектеп оқушылары да, студенттер де оқу орындарында өзара пікір алмасып, қарым-қатынас ортасын құрып, әр түрлі қоғамдық-шығармашылық, ғылыми және т.б. жұмыстармен айналысса, сондай-ақ түрлі формадағы байқау, олимпиада мен жобаларға қатысып, кең көлемде өзінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады. Сол орайда,  шығармашылық ойлаудың арқасында білім алушылардың көпшілігі жан-жақтылыққа, ашық болуға, өз ойын еркін жеткізе алатын, айқын өмірлік позицияға ие еліміздің дарынды, әрі саналы жастар қатарын көбейтуге үлесін қосып, тұлға ретінде қалыптастаса бастайды.

Мектептегі арнайы жауапты тұлғалар, мұғалімдер мен тәлімгерлер балалармен сабақтан тыс та әрдайым коммуникативтік байланыста болуы керек. Әртүрлі байқау, жарыстар мен жобалар, сайыстар сынды т.б. мәдени іс-шаралар жөнінде оқушыларды хабардар етіп, оларды қазіргі кезде де, келешекте де қоғамдық-белсенді және шығармашылық жұмыстарға деген қызығушылығын оятуға септігімізді тигіземіз. Әсіресе қазіргі кезде оқушылардың үй жағдайында шығармашылыққа баулу мақсатында төмендегі бірнеше ұсыныстарды келтірейін (1-кесте):

One comment

  1. Жарайсыз, тек алға!👍

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.