Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының баспасөз қызметі
Білім басқармасының ұйымдастыруымен 21-ші тамыз күні ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы «Мың бала» ұлттық зияткерлік республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі бастау алды.
Жалпы облысы бойынша олимпиаданың І кезеңіне 5-6 сыныптардан 28 507 оқушы қатысып, ІІ кезеңге 400 оқушы іріктеліп алынған болатын.
Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңі Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылды. Олимпиаданы өткізу барысында санитарлық нормалар сақталып, індетке қарсы шаралар күшейтілді.
«Мың бала» олимпиадасының ережесіне сәйкес ІІ кезеңнің қатысушылары компьютерлік тест тапсыруы тиіс. Бірінші күні, тестті 5-сынып оқушылары тапсырса, екінші күні, яғни 22 тамыз күні 6-сынып оқушылары сыннан өттетін болады. Ал облыс орталығынан шалғай орналасқан Меркі (Қордай ауданының қатысуымен), Мойынқұм, Шу аудандарында 21 тамыз күні аудан орталықтарында өтті.
Олимпиада нәтижесі 14 күннен соң белгілі болады.
Білім бәйгесіне қатысушыларға сәттілік тілейміз!