Home » Мақалалар » Инклюзивті білім беру жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастыру

Инклюзивті білім беру жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастыру

Сахарбаева Марал Әділгерейқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Маңғыстау облысы бойынша
Кәсіби даму институтының
аға оқытушысы

Көптеген дамыған елдерде жалпыадами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деге ншешімге келген.

Қазақстан Республикасының білім беру аясындағы заңнамасында:

— барлық оқушылардың сапалы білім алу құқы бар;

— әр адамның интеллектуалдық дамуын, психо-физиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғындар үшін барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігі туралы айтылған  [5,1-тарау, 3-бап].

— баланың ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып ата-аналардың білім беру ұйымдарын таңдау және өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық – медициналық — педагогикалық кеңесінің көмегін алу құқығы [5, ];

— баланың, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың өз тұрғылықты жеріндегі мектепте білім алу құқығы [5, 5-т,].

— қызмет көрсететін ауданда тұратын балаға тиісті білім беру ұйымына қабылдануына тыйым салынбауы қажет.

— білім алудың жалпыға бірдей білім алу стандартының аясында білім беру ұйымының шешімі бойынша баланың жеке оқу жоспары немесе қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алу құқығы [5-т.];

— білім беру ұйымдарында ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғалардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша жергілікті атқарушы билік органдарының жауапкершілігі [5, 2 тарау,].

Осы заңнамалардың негізінде Қазақстан Республикасында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар)және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. ҚР-ның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары 1.1 тарауы «Қолжетімділік пен инклюзивті білім беру»төмендегі мақсаттарға жетуді болжайды:

-инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етуді, жұмыс біліктілігі бойынша сұранысқа ие арнайы кабинеттерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын құруды, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды;

-ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар үшін білім берудің барлық деңгейлеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, жанбасына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде қаржыландырудың жоғары нормативі қарастырылған, оларды оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылған.

Осы жауапкершілік шеңберінде елдің барлық аймақтарындағы жалпы білім беру мектептерінде психологиялық-педагогикалық (арнайы педагог, логопед, психолог, тәрбиеші) қолдау көрсететін мамандарға штаттық бірлік енгізіліп жатыр. Білім беру процесінде оқушыларға қолдау көрсету үшін қоғамдық қауымдастықпен жеке меншік қорлар көмегімен материалдық-техникалық жағдайлар құрылып жатыр.

Орта білім беру ұйымдар қызметінің типтік ережесі білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосудың нұсқаларын қарастырады: жалпы немесе арнайы сынып (ауытқушылық түріне қарай). Оқушылардың жалпы сыныпта оқуы жалпы білім беру немесе жекелік оқу бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады.

Арнайы сыныпта оқыту (психофизикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін) ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен тиісті типтегі арнайы оқу жоспары мен бағдарламалар негізінде жүргізіледі

Оқытудың нәтижесін бағалау критериалды бағалау негізінде жүзеге асырылады. Қысқартылған немесе жекелеген бағдарламаның мазмұнына бағдарлай отырып, яғни оқушының мүмкіндіктері ескеріле отырып, бағалау критерийлері өзгеруі мүмкін. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған немесе жекелеген тапсырмаларды қолдануға міндетті.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар мектепті тәмамдаған кезде мемлекеттік үлгідегі аттестатқа ие болады .

Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады.

Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға «денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар» жатады [5].

Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады.

Бұл оқушылардың сапалы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:

1-топ. психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс  аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.

2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар..

3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар.

ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы — психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды.

Сонымен инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балалардың психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне, ата-аналарының әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне, жеке ерекшеліктеріне қарамастан білім алуы мен нәтижелі табысқа жетуі үшін қажет жағдайлар жасау және білім берудің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ерекше балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып, жалпы білім беру үдерісіне енгізу.

Инклюзия – бұл ЕББҚ балаларды арнайы топтарда немесе арнайы сыныптарға оқыту емес, жалпы білім беретін мектептерде немесе балабақшаларда өзінің құрдастарымен бірге бір сыныпта, бір топта білім алуы.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері қандай?   Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:

♻️ Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

♻️ Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

♻️ Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

♻️ Барлық адам бір-біріне қажет.

♻️ Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

♻️ Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

♻️ Әрбір оқушы үшін жетістікке жету — өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

♻️ Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:

1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;

2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);

3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;

4) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;

5) оқыту формасын таңдау;

6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;

7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;

8) арнайы      психологиялық-педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагог-тың);

9) педагог-ассистентің көмегі;

10) әлеуметтік-педагогикалық көмек.

ПМПК қажеттілігін бағалау нәтижелері бойынша оқушыға логопед, психолог, дефектолог-мұғалімнің, ЕДШ маманының, мұғалім ассистентінің көмегін, білім алу нұсқаларын ұсынуы мүмкін: тұрғылықты жері бойынша; жалпы білім беру сыныбында; арнайы сыныпта, арнайы мектепте.

Дегенмен де «Білім туралы» ҚР Заңының 49 бабына сәйкес білім беру ұйымын таңдау оқушының ата-аналарына қалады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ерекшелігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Жалпы білім беретін мектептегі білім беру қажеттіліктері: әдістеме ұсыныстар/Елисеева И.Г., Ерсарина А.Қ. — Алматы: 2019

  1. ҚР инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. –
  2. «ҚР бала құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 ҚР Заңы.
  3. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы» 2002 жылғы 11 маусымдағы № 343 ҚР Заңы.
  4. ҚР инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015.
  5. «ҚР баланың құқықтары туралы» 2002 ж. 8 тамыздағы ҚР Заңы.
  6. «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV ҚР Заңы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.