Сәуір айының 19 күні Алматы қаласы, Медеу ауданы КМҚК
№107 бөбекжай-балабақшасында” “Бестемше ойынын үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктері” тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік, танымдық және зияткерлік дағдыларын бестемше ойыны арқылы дамыту. Семинарға басқа балабақшалардың дене шынықтыру нұсқаушылары, мектепалды топ тәрбиешілері, әдіскерлер мен меңгерушілер қатысты.
Семинар басында алғы сөзді мекеме басшысы А.С.Естенова алып, бағдарламамен таныстырды.
Ұлттық ойын бестемше туралы көлеңке театры көрсетілді. Келген қонақтар ерекше әсер алды. Балабақша әдіскері А.Б.Адильханова бестемше ойынының шығу тарихы мен қолданылуы туралы баяндама оқып, балалардың ойынын көрсетті. Жоспарға сәйкес келген қонақтармен бірге “Бестемше” кабинетінің ашылуы болды.
№124 көру және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым басшысы Ш.Ш.Иликбаева мен КМКҚ №126 бөбекжай-балабақша” меңгерушісі К.К.Кульпеисова қызыл лентаны қиып, жақсы тілектерін білдірді. Бестемше кабинетінде әр түрлі бестемше тақталарының көрмесі таныстырылды. “Бәйтерек” мектепалды тобында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді, тәрбиеленушілер бестемше ойнап, ұлттық тақырыпта шығармашылық тапсырмалар орындады.
Жоспардың келесі бөлігі бойынша музыка залында ата-аналар мен педагогтар арасында
“Алаңдағы бестемше” ойыны ұйымдастырылды. Алаңдағы бестемше туралы мағлұмат беріліп, қонақтармен ойын ойналды. Келген қонақтармен балабақша меңгерушісі А.С.Естенова “Ашық микрофон” әдісі арқылы кері байланыс жасады. Семинардың соңы өнерлі балалардың шағын концертімен аяқталды. Семинарға қатысқан қонақтар өте жоғары деген баға беріп, ризашылықтарын білдірді.
КМКК “№107 бөбекжай-балабақша меңгерушісі”
Естенова Альфия Сауытбековна