Home » Мақалалар » Т. Ізтілеуұлы шығармалары тіліндегі үнемдеу құбылысы

Т. Ізтілеуұлы шығармалары тіліндегі үнемдеу құбылысы

Омарова Жүпаркүл  Салыковна
Д.Қонаев атындағы колледждің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
жоғарғы санатты оқытушысы

Тiлiмiздегi фонетикалык ерекшелiктердiң iшiнде сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың түсіріліп айтылуы (редукция, элизия кұбылыстары), дауыссыздардын түсiп калу (аферезис, синкопа, диереза, апокопа кұбылыстары) фонетика саласындағы үнемдеу зандылығынан туындайтын құбылыстар екені белгiлi. Тіл-тілде сөздердiң жазылуда не айтылуда қысқарып кетуі, яғни оның ықшамдалып, жазуға да, айтуға да оңтайлы болып келуi тiлдiң артикуляциялық базасының ыңғайына қарай болып отыратын өзгерістер. Сөздiн неғұрлым жеңiл және үйлесімді болып айтылуы онын фонетикалык, грамматикалық кұрылымына өзгеріс әкеледі, яғни сөздегі дыбыстар, кейде буындар да, түсiп калады. Сөз жеңiл айтылып, тез түсiндiрiлетiн ықшамды қалыпқа түседі. Осындай дыбыстардың, буындардын кемiп калуын үнемдеу зандылығы немесе лингвистикалық үнемдеу («лингвистическая экономия») деп жүрмiз [1, 534 б.].

Бұл зандылық бойынша сөйлеп тұрған субъект өзiнiң күш-қуатын, сөйлеп тұрғандағы сөйлеу энергиясын үнемдеуге тырысады. Бұл әрекет тіл жүйесінің барлық деңгейінде — фонетика, лексика, морфология, синтаксисте, сөзжасамда кездесе береді. Ол туралы қазақ тіл білімінде ең алғаш пікір айткандардың бiрi — Б. Сағындықұлы. Ол: «Біздің байқауымызша, үнемдеу кұбылысы тілдің бүкіл жүйесін — фонетиканы да, лексиканы да, морфологияны да, синтаксистi де камтиды. Алайда, бұл зандылық тіл білімінде әртүрлі терминдермен аталып жүр. Мысалы, ол фонетикада «элизия», «апокопа», «гаплология» деп аталса, лексикада — «метонимия», морфологияда «сіңісу», «кіріккен сөздер», синтаксисте — «эллипсис», «толымсыз сөйлемдер» деп аталады. Түптеп келгенде, үнемдеу процесінде пайда болатын соңғы нәтиже — белгiлi бiр дыбыстың, буынның, сөздiң, тiптi сейлемнiң қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. Бiздiңше, бытырап жүрген терминдердiң барлығының басын қосып, үнемдеу заңы деп атаған дұрыс», — деп, осы құбылысқа анықтама берген десе де болады [2, 69 б.]

Осы үнемдеу заңдылығына бағынып, өзгеріске ұшыраған сөздердің әдеби нормаға еніп кеткендері бар да, әдеби нормаға енбегендері бар. Ал біз мысал келтіріп, талдау жасаған фонетикалық ерекшеліктер, түптеп келгенде, әдеби тіл нормасына жатпайтын сөздер болып табылады.  Академик Р. Сыздық тiлiмен айтқанда, бұл құбылыстарды «әдеби тілден ауытқу» деуге болады. Ол ауытқудың «уәжді ауытқу» және «уәжсіз ауытқу» деген түрлерін айтады 13, 210 б.]. Осы ауытқу түрлері жөнінде сөз қозғаған Б. Сағындықұлының айтуы бойынша, қазақ тіліндегі дыбыстардың өзара алмасу ерекшеліктерін өзара «тектес (сәйкес)» дыбыстардың алмасуы (бұларды уәждi ауытқу десе де болады) және «әр тектес», тектес емес (кездейсоқ) дыбыстардың алмасуы (уәжсiз ауытқу) деуге болады. Осы уәждi, уәжсiз нормадан ауытқыған сөздердің ақын шығармаларында көбіне әлдеқандай себептерге байланысты, негiзiнен экспрессивті (бейнелi) түрде айту үшін, кейбiр мақсаттарға (өлең жолдарында дыбыстар симметриясын сақтау, сөздің бейнелілік мағынасын арттыра түсу, сөздi түрлендіре түсу, т.т.) байланысты өзгертіліп, кұбылтып айтылатын да (әртүрлі сөз келбетiнiң белгiлi бiр жағдаятта өзiндiк айтылу түріне байланысты) жағдайлары кездесетінін көруге болады. Бiздiң негiзгi сөз еткелі отырған мәселемiз – үнемдеу құбылысының акын Тұрмағамбет шығармаларында қалай көрініс бергендігі жөнiнде болмақ.

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (1882-1939 ж.) — дуниежүзі халықтарының әдеби мұраларына енген Фирдоусидің атақты «Шаһнамасын» алғаш рет қазақ тiлiнде сөйлетіп берген дарынды тұлға, талантты ақын. «Шығыс тілдерінің тiрi сөздiгi» атанған Тұрмағамбет шығармаларындағы негiзгi ерекшеліктер, әрине, кірме сөздерді қолданғанда кездесетiн ерекшеліктер болмақ. Оның ішінде, кірме сөздердің тiлiмiзде фонетикалық жақтан игерiлуiнен туындағандары. Бұл жөнiнде ғалым С. Мырзабеков: «Қазақтың қара тiлi — жат сөздердi жұмсартып, жуасытудын хас шебері. Сол қара тiлдiң диірменiне түскен кірме сөздің құрамында титтей де селкеулік, мүлт кету мүлде болмайды», — деп көрсеткен [4, 14 б.]. Тұрмағамбет шығармалары тiлiнен де бiз тап осы «қазақтың қара тілі» зандылықтарының беріктігін аңғарамыз.

Мысал келтірсек:

Балларым:

Апарып балларына бердi бұны,

Андардай үстінде бар шыққан жүні [5, 13 б.].

«Жақсылық балларыма еткен болса,

Ойланып, бағайын, деп, мұнын өзiн» [5, 25 б.].

Ақын шығармаларында осы сөздiң балдарым, балаларым нұсқалары да өте көп кездеседі. Тіпті бір беттiң өзiнде бiрнеше рет түрлі нұсқалардың қатар қолданылып отырғанын да байқауға болады. Жалпы осы редукция құбылысына ұшыраған төменде келтiрiлiп отырған басқа да сөздердiң сингармониялық варианттары қатар қолданылып, жарыса жұмсалған.

Жұмла:

Айыруға адамдықтан жұмламызды

Самсап жүр сыртымыздан саны жоқ жау [6, 179 б.].

Жұмыла:

Жоқтан бар жұмыла жанды кылып қойған,

Есiме ендi түстi егелi едiм [6, 20 б.].

Келтiрiлген мысалдардан өзге де жартылай редукция, толық редукция құбылыстарына ұшыраған, яғни сөз iшiндегi дауысты дыбыстардың сандық, сапалық жақтарынан әлсiреп, көмескіленуі (автор қолданысында айтылу нұсқасымен жазылған) немесе мүлде түсiп қалуы да жиі ұшырап отырады.   Ақын тiлiнде сөз ортасындағы кейбiр дыбыстардың түсiрiлiп айтылуы да кездеседі. Бұл құбылыста сөйлеу барысында сөз iшiндегi бiр дыбыс қана емес, кейде бiр не екі буын да түсіп қалып отырады.

Анай (арнайы):

Уәзірі Аржасыптың келiп анай,

Көрсетті қазынаны жатқан талай [5, 517 б.].

Арттырды арнап анай Кәштасыпқа,

Көрмеген көп нәрсені сыйлау кылып [5, 444 б.].

Р дауыссызының кейде түсiрiлiп айтылуы туралы ғалымдар жалпы түркi тiлдерiндегi үндi дауыссыздарының тұрақсыздығына сайып, бұл құбылыстың оғыз тiлдерiнен гөрi қыпшақ тобындағы тілдерде басым болатындығын айтады [7. 45 6]. Қазақ тілінде үнді дауыссыздардың ғана емес, ұяң, қатаң дауыссыздарының да түсіріліп айтылатынына ақын шығармаларындағы кейбiр сөздердiң қолданылысынан байқаймыз:

Бiзiн (бiздiң):

Сенiкi және-дағы үлкен қызым,

Кермеген көңілі ауып жанның жүзiн.

Билiктiң барлығын да өзiн алып,

Боласың өмiрiнше қолда бiзiң [5, 489 б.].

Ұcay (ұқсау):

Сияғы Суһрапка ұқсаған соң,

«Барармыз, жүре бер», — деп, жұбауратты [5, 148 б.].

Мысалдардан көріп отырғандай, ақын бұл сынды үнемдеу құбылыстарын өлең бунақтарының құбылысын «өз пайдасына карай» икемдеп отырған. Мысалы, ақынның бiздiң деген сөздi бiзiң деп қолдануы алдыңғы жолдардағы қызым, жүзін сөздерімен ұйқасып тұру үшін болса, қаһар сөзін кәр деп  қолдануы, біріншіден, өлең жолдарындағы дауысты/дауыссыз дыбыстар симметриясын сақтау мақсатында болса, екiншiден, өлеңнiң әуездiлiгiне өте қатты мән бергендiгiнен хабар береді.

Сөз бен сөздің өзара байланысқа түсiп, тiркесiп келу тiзбегi де тиiстi бiр дәрежеде сол сөздердiң морфологиялық тұлғасына әсер етеді. Ондай жағдайда үнемдеу зандылығы бойынша белгiлi бiр фонетикалық не болмаса грамматикалық өзгерістерге ұшырау мүмкіндігі туады. Бұл iспеттес сөздерді профессор А. Ысқақов «күрделі сөздер» деп атайды. Олардың қатарына бiрiккен сөздер мен кiрiккен сөздер және қосарланған сөздер мен тiркескен сөздер (құрама) сөздер жатады [8, 102-6.]. Автор осы сөздердің  морфологиялық құрамында болып тұратын езгешеліктерді (фонетикалық фактор, лексика-семантикалық фактор бойынша) айтып өткен. Ал біздіңше, бұл жерде де үнемдеу заңдылығы назар аударуды қажет етеді. Бұнда бір бунақпен айтылатын екі сөз арасындағы қатар келетін екі дауысты дыбыстың біреуі түсіп қалады. Жалпы түркi тiлдерiнде негiзгi етiстiк пен көмекші етістік тіркесiнiң осындай элизия құбылысына ұшырауы сирек құбылыс емес екені белгiлi [9, 46 б.]. Мұндай құбылыс қазiргi қазақ тiлiнде де жиi көрiнiс бередi, акын тiлiнде де осы құбылыс ара-тұра кезiгiп отырады:

Куалмай:

Қанатын қарбаң-қарбаң қаққан болып,

Жоп-жорға құс қуалмай қалды сасып [5, 29 б.].

Келалмай:

Отырды аза тұтып алты ай жылап,

Келе алмай жүрдi Рүстем сырттан сұрап [5, 159 б.].

Көрсетiлген мысалдарда екі сөздiң арасында келген дауыстылардың алдынғыларына (қысаң дауыстыларға) соңғылары (ашық дауыстылар) ықпал етiп (кейiндi ықпал), алдыңғы қысаң дауыстылар түсіп қалған.

Баратса:

Келмесiн бiлмедiң бе маған күшiң?

Баратса әкең үшін күйіп ішің [5, 145 б.].

Келатканда:

Самұрық келатқанда бір күн ұшып,

Қалып ед бір қауырсын Шынға түсіп  (5, 25 б.].

Ал, мына мысалдарда, керісінше, ілгерінді ықпал әсерiн байқауға болады. Бұл келтiрiлген мысалдардан сөздерден екі түрлi кұбылыс: екпiнсiз буынның түсiп қалуы мен жеке сөздiң (көмекші етiстiк) грамматикалық формантқа айналуы байқалады. Сонда бұл құбылыстың тiлдiк дамудағы атқаратын қызметі де айқындала бастайды: фонетикалық құбылыстың морфологиялық жүйеге әсер ету қабілетін көрсетеді. Сөйлеуші дыбыстау органдарына күш түсірілмеуiн көздеуi салдарынан дыбыстарды ғана емес, буындарды да түсіріп айтады. Бұл факті әсіресе ауызекi тiлiмiзде елеулі орын алады: «болып-боп», «қалып-қап», «келіп-кеп», «барамын-барам», «көремін-көрем» т.б. Бұл келтірілген мысалдардағы сөздердiң бәрi бiр принцип- үнемдеу заңы арқылы жасалғандықтан, олардың да күндердің күні әдеби тіл нормасына көтеріліп кетуі де ғажап емес. Себебі, орта ғасырлардың атақты ғалымы Махмұд Қашқари айткандай, «… түркі тілінде сездiң айтқанда қатты, жазғанда қысқа болғаны жақсы» екенi құптарлық ой. Себебi баска түркi тiлдерi өз алдына, қазiргi қыпшақ тілдерiне, оның iшiнде біздің қазақ тілімізге осы қағиданың жат еместігі де анық. Бұл қазақ тіл білімінде үнемдеу зандылығы мәселесінің алдағы уақыттарда да күрделі мәселелердің бірі болып қалатындығынан хабар береді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. -Алматы: Санат, 1994ж.
  2. Мырзабеков С. Қазақ тілінің айтылым сөздігі. -Алматы, Сөздік-Словарь, 2001ж.
  3. Ізтлеуов Т. Рүстем-Дастан. -Алматы:жазушы, 1961ж.
  4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. -Алматы: Мектеп, 1981ж.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.