Home » Жаңалықтар » Біз шырқаған және балаларымыз шырқайтын әндер

Біз шырқаған және балаларымыз шырқайтын әндер

   Ән… Тарих кезеңдерінен келе жатқан рухани құндылықтарымыздың бірі, бұл — өнері.  Адамның рухын көтеретін де, көңілін құлазытатын да және жайнатып жадырататын да ән. Нұр – Сұлтан қаласындағы Шейх Халифа Бен Заид Әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінде халқымыздың белгілі сазгерлерінің әндерін орындау және шығу тарихын білу арқылы оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке елжандылыққа тәрбиелеу; ата – аналарымыздың орындауындағы әндер арқылы жасөспірімдерге әннің құдіретін, тәрбиелік мәнін түсініп, ұғынуына және сахнада өздерін еркін көрсетуіне ықпал жасау мақсатында осымен үшінші жыл «Біз шырқаған әндер және балаларымыз шырқайтын әндер!» жобасы іске асырылып келеді. Іс-шара 2 рет оффлайн , бір рет онлайн форматта ұйымдастырылды.

Жоба негізінде ата-аналар ғасырлар тоғысындағы әр жылдардың әндерін орындар алдында, сол әннің тарихымен таныстырп, мазмұнына шолу жасайды. Әннің тарихын тыңдаған оқушы, оны үлкен сүйіспеншілікпен, қызығушылықпен тыңдайтыны сөзсіз.

Жасыратыны жоқ, соңғы кездерде саны бар, сапасы жоқ әндер көбейіп кеткені сөзсіз. Мағынасы жоқ, жеңіл билерге құрылған әндердің тәрбиеге тигізер әсері  болмайтыны анық. Бұл жағдайды оқушы санасымен түйсіну керек. Мектеп оқушылары осы жобада қазіргі заманауи әндерді шырқап, оны өткен ғасырлардағы композиторлардың әндерімен, халық әндерімен салыстырып, өз ойларын ортаға салады.

Бұл жоба – ата-аналар мен оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Іс-шара алдағы уақыттарда да өз жалғасын таба бермек.

Қалтаева Гүлшат Заитқызы
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасына
қарасты Шейх Халифа Бен Заид
Әл-Нахаян атындағы
№84 мектеп-лицей директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.