Сейтжапбарова Кунсулу Абсаттаровна
Нұр-Сұлтан қаласы №88 мектеп-лицей
директорының орынбасары
Білім мазмұны оқыту әдістері, оқулық сапасы үнемі жаңарып отыратын құбылыс. Бұлай болуы заңды құбылыс деп ойлаймын. Замана ағымы өмір сүру ұдерісі сағат сайын өзгеруде.
ХХІ ғасыр- технологиялардың заманы. Дәл осы кезеңде білімін дамытып, санасын жетілдірмеген көш соңында қалары ақиқат.
Жалпы білім беретін мектептер немесе лицей, гимназиялар, тереңдетіп оқытатын мектептер болсын, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыруға, оны арттырудың жолдарын іздестіруге, қарастыруға мүдделі. Оқытудың тиімді технологияларын пайдалану, ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау, әр оқушыны тұлғаны тану, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру сияқты жұмыстардың барлығының түп мақсаты бір-ол білім сапасын арттырудың жолдарын іздестіру болып табылады. Соған қоса, мониторингтік зерттеуде білім беру ошақтарында соңғы жылдары енгізіліп, өзінің оң нәтижесін беріп келеді. Ең әуелі мониторинг сөзінің мазмұнын аша кетейін. Сөз ағылшынның «monitorinq» деген сөзі мен латынның «monitor» деген сөзінен шыққан халықаралық қолданысқа енген. Негізі білдіретін мағынасы «бақылау» деген ұғымды білдіреді. Әрине, бақылаудың мониторингтің түрлері жеткілікті, бізге керегі педагогикалық мониторинг. Педагогикалық мониторинг дегеніміз- «мұғалім-оқушы» шеңберінің оқушыларды дамытуда, белгілі бір мақсатты көздеген зерттеу мен бақылаудың бөлігі. Негізгі мақсаты-оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Немесе оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің нәтижесін талдау, сонымен қатар мектептің даму динамикасы мен бағыт-бағдарын, болашағын айқындауды қажет етеді.
Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылау түрлерін ала отырып, оқушының оқу деңгейі мен оқыту жағдайына үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін өзінің ұйымдастыру түрі, жинақтау, сақтау, мәліметтерді өңдеу мен тарату сияқты қызметтердің бәрін біріктіреді.
Педагогикалық мониторинг -бұл кешенді жүйе. педагогикалық мониторингтың төмендегідей негізгі бағыттарын ұсынамын:
1.Білім беру сапасының диагностикасы
2.Әлеуметтік жағдайларды бақылау мен талдау
3.Білім беру мазмұнын талдау
4.Психодиагностика
5.Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетіне талдау
6.Медициналық талдау
7.Мектеп бөлімдерінің әрекетін талдау
Осындай кешенді зерттеу мен талдау тұтас бір жүйе, ажырамайтын егіз ұғым. Оқушы-мұғалім бірлігі мен ішінара ата-аналар ұжымында қамтиды. Зерттеудің мақсаттарына сүйенсе, мониторингтің жетістікке жеткізетін оқу-тәрбие үрдісі мен құрылымының нәтижесін анықтауды ең маңызды бағыт дер едім.
Әдетте, диагностика жасауды мектеп басшылары,психолдог, мектептің медицина қызметкерлері мен тәжірибелі, озық технологияларды пайдалануда жетістікке жетіп, жүрген ұстаздар қауымы жүргізеді. Олар диагностика нәтижелерін талдау барысында жетістікке жол ашатын, оқу-тәрбие үрдісі мен құрылымының ең маңыздыларын таңдап алып, ондай олқылықтарды жоюдың кешенді шараларын да ұсына алады.
Диагностиканы жүргізетін топ — білім берудегі сұраныстарды анықтап, жұмыс жоспарын білім сапасын арттыруға бағыттайды.
Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие мүмкіндігін, оқушының дара тұлғасын, педагогикалық үрдістің бөліктері жағдайын зерттеу педагогикалық мониторингтің құрамдас бөлігі болып саналады.
Педагогикалық мониторингтің ең ұтымды жағы — оқу және оқыту, білімді игеру деңгейі, оқушының танымдық қызығушылығы, үлгермеуші оқушының дидактикалық себептерін анықтапумен бағаланады. Сол себепті де мониторингтік зерттеу өз алдына төмендегідей нақты міндеттерді қояды:
- Зерттелетін сала туралы нақты мәліметтер алу, бақылау;
- Мәліметтерді жүйелеу және талдау:
- Диагностикалық әдістерді ойластыру, пайдалану
- Мониторингтік зерттеу механизмін құру,
- Дер кезінде өзгерістерге әкелетін факторларды анықтау, олқылықтарды жою жолдарын ұсыну
Мониторингті сапалы жүргізу үшін кезеңдерін анықтап, әр кезеңге нақты мақсат қойған дұрыс.
1-кезең: Дайындық кезеңі. Мақсаттар қою, зерттеу обьектісін анықтау, зерттеу бағыттарына критерийлер таңдау;
2-кезең: Мәліметтер жинақтау кезеңі. Іс қағаздарын талдау.
Нақты мақсаттар қойып, ұжым мүшелерінің сабағына қатысу; білім мен білікті, дағды деңгейлеріне бақылау жасау (жазбаша бақылау жұмыстары, срездер алу).
Сырттай бақылау, бағдарламаға сай тесттер алу, өзін — өзі бағалау нәтижелерін жинақтау.
3-кезең: Алынған мәліметтерді жинақтау, жүйелеу, анализ жасау. Жасалған талдау мен анализдарға сүйене отырып қорытынды жасау. Ұсыныстар айту (ауызша, жазбаша)
Әрбір зерттелетін мәселе болғандықтан, бағалаудың болғаны да орынды. Өз тәжірибемде зерттеу мониторинг жұмысына мұғалімдерді қатыстырып бағалауды «0», «1», «2», «3» деген сандармен бағалау
«0» ұпай — көрсеткіш анықталмады
«1» ұпай — төмен деңгейде
«2» ұпай — орта деңгейде
«3» ұпай — жоғары деңгейде
Бағалау болған соң критерий қойылуы да міндетті. Мониторингтік зерттеуге қатысатын жұмыс тобының бірлескен отырысында критерийлер жасалып, еңбек ұжымы арасында талқыланып, бекітіп алса, жұмыс нәтижелі болары сөзсіз.
Жұмыс тобы бекіткен критерий төмендегідей бөлімдерді қамтиды.
Педагогтің кәсіптік қызметін анықтау кестесі
- Өз пәнін білуі, педагогикалық шеберлігі.
- Оқу жоспары, оқу мақсаттарын білуі
- Пәнді оқытуда тиімді технологияларды таңдауы
- Ақпарат құралдарын, ғылыми материалды таңдау алуы
- Жас ерекшелік, жеке оқушы, қарым-қатынас психологиясын білуі
- Қажетіне қарай орынды шешім қабылдап, әділ баға жүргізуі
- Белсенді әдіс-тәсілдерді игеруі
- Жағымды психологиялық ахуал туғыза алуы
- Өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра алуы
Бұл ұсынылып отырған критерийлер қатып қалған қатаң қағида емес, әрбір ұжым өз қажеттіліктеріне қарай өзгерте алады. «0» мен «3» аралығындағы ұпайлар қойылып, мұғалімнің жеке кәсіби қабілетін балдық жүйемен анықтауға таптырмайтын тәсіл.
Бұл диагностика мұғалімдермен қатар оқушыларға бөлек критерий қою арқылы жасалады. Жасалған диагностиканың артықшылығы білімдегі жетістік пен олқылықты анықтап, ары қарайғы жұмыс қадамдарын анықтауға септігін тигізеді.
Соңғы жылдары әлемдік және отандық педагогикада білім алушылардың білімін тексеріп бағалау рейтінгін тест жүйесі арқылы жүзеге асып келеді және өзінің толықтай оң нәтижесін де көрсетіп отыр. Оқушылар үшін:
- Оқушы, тұлға ретінде тану
- Ізгілендіру (гуманизация) қалыптасады
- Оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орта қалыптастыру
- Оқушының өзін-өзі бақылауына, бағалауына, жетілдіруіне мүмкіндік туады.
Ұстаз қызметінде:
- Білімдегі олқылықтарды анықтап, түзету жұмыстарын жүргізеді
- Әр оқушыны жеке танып, жеке жұмыс істеуге мүмкіндік туады
- Оқу қызметін әркімге қолжетімді принципінде ұйымдастыра алады.
Өз тәжірибемде рейтінгтік жүйеде оқушының оқу әрекетінің барлық түрінің бағаланылатынына, оқушының тапсырманы өз бетінше орындай алуға талпыныс жасайтынына көзім жетті. Аралық бақылау, қорытынды бақылау, рейтингтік жүйенің құрамдас бөлігі. Аралық бақылауда оқушылардың кейбір тақырыптарды меңгеру дәрежесіне шолу жасаймыз. Артықшылығы тест сұрақтарына қоса көркем шығармаларды талдау мазмұны бойынша ой бөлісу, сыни пікір жазу бірге атқарылады.
Ал қорытынды тест өткізу кезінде білім сайысы, интеллектуалдық ойын, викторина сұрақтарын бірге пайдалануға болады.
Білім бағалау кезінде білім алушының алған білімнің көлемі, алған білімді қаншалықты меңгергендігі, оны пайдалана білуі және ауызша да, жазбаша да баяндай білуі ескеріледі.
Қорыта келгенде, білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың ең тиімдісі — мониторингтік зерттеулер.
Әдебиеттер тізімі
- 12 жылдық білім беру проблемалары Республикалық ғылыми — практикалық орталығы ұсынған «Мектептегі психологиялық диагностика» әдістемелік құралы
- Севрук Л.И, Юнина Е.А «Мониторинг качество преподования в школе»
- Кобдикова Ж.У «Орта мектепте білім алуды технологияландыру»