Home » Жаңалықтар » Қияға қанат қаққандар

Қияға қанат қаққандар

  «Астана Халықаралық университеті Педагогикалық колледжі» – бәсекеге  қабілетті мамандар даярлауда өзіндік даңғыл жолы бар, өзіндік мектебі қалыптасқан  іргелі оқу орындарының бірі. Білімді де, білікті мамандық иелерін даярлайтын қара шаңырақ түлектері бүгінде еліміздің  әр өңірінде  еңбектерін жасап, несібесін теруде.

Бүгінгі күні колледж қабырғасын «Музыкалық білім беру»  мамандығы бойынша оқып, бітіріп  шыққан түлектер, қаламыздағы және іргелес шағын аудандарда  орта білім беру  және мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасап жүрген жас мамандар бас қосты. Кездесуді колледждің музыкалық білім беру оқытушылары  Жұмабаева Ғалия Аронқызы   және Досымова Алмагул Жарасқызы  ұйымдастырды.  Келген жас мамандар өз таланттарын ашып, қандай жетістіктерге жеткендерімен бөлісті. Сонымен қатар еңбек жолдарында  кездескен қиындықтарды жеңе білгендерін ең бастысы баланың көңіліне жол табуда бар шеберліктерін жұмсағандарын ортаға салды.  Арнайы келгенде өз шығармашылықтарын да көрсетіп    өлең оқып, ән салып  көрерменді сусындатты.  Көрермендер келген қонақтарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып тартымды жауаптарын да  алды. Студенттердің бұл кездесуден алар ұғымдары мол болды. Кездесу соңында бітіріп кеткен түлектердің пікірінде тыңдадық. Шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятқан оқытушыларға дән ризамын.  Осы оқу ордасында алған білімім кейінгі болашақтағы  орнымды табуға үлес қосты және  сүт бетіндегі қаймақтай  іріктеп, шыңырау көкке  шығаруда, солай  болса да  алатын асуларым таусылар емес…. Осы коллледждегі алған білімім үшін, берген орасан зор мүмкіндіктері үшін мыңда бір алғысым шексіз! Жасай бер, жайнай бер колледжім,- дейді  казіргі уакытта  «Қадыр» балабақшасының музыка жетекшісі  болып жұмыс жасап жүрген Аида Нургалиева.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен екені анық. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.  Колледж ұстаздары  келген түлектерге алғыстарын білдіріп, ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында десек, бүгінгі  жастар – еліміздің ертеңгі болашағы үшін  жан-жақты бәсекеге қабылетті, саналы, білімді  ұрпақты тәрбиелеудегі   күш қайраттарың таусылмай, алар  жетістіктеріңіз көбейе берсін деп тілек айтты.

Ерназарова Айгуль Сахабеденовна
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Музыкалық білім беру оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.