NIS IQanat —қа қолдау білдіреді
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған IQanat hackathon воркшоптары өтуде. 4 күнге жоспарланған шараға Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан 90-нан астам шәкірт келді. Олар біздің ұстаздардан сандық және көшбасшылық дағдылар бойынша дәріс алатын болады.
— Алдымен біздің шәкірттердің тың тақырыптарда білім алуына мол мүмкіндік беріп отырған Назарбаев Зияткерлік мектептеріне үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Біз еліміздің әр өңіріндегі зияткерлік мектептермен тығыз қарым-қатынас жасаймыз. Өтіп жатқан тренинг барысында ауыл балалары оқуға ұсынылған бес білім беру бағдарламасының ішінен үш курсты таңдады. Барлық бағдарламалар оқушылардың IT-дағдыларын дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, SMM-ді нөлден бастап оқыту, WEB-бағдарламалау, мобильді қосымшаларды әзірлеу, mobilography (телефонға түсіру курсы), Python бағдарламалау тілі. Тренингке қатысушылар семейлік зияткер ұстаздардың көмегімен күзгі каникулдарын пайдалы өткізеді деген ойдамын, -дейді IQanat қорының өкілі Анара Матыбаева.
Тренинг оқушылардан бөлек, ауыл мұғалімдеріне де пайдалы өтуде. Өйткені, олар үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен кураторлары оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына оң әсер беретін желілік «Туған елге тағзым»,«Ұлы Дала ақындары», «100 кітап», «NIS talks», «Wikipedia» сынды жобалармен жақынырақ таныстыруда.
Жалпы еліміздің Ақтөбе, Орал, Семей, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы алты Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтіп жатқан IQanat hackathon воркшоптарына 643 оқушы мен 32 мұғалім келді.
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі
NIS поддерживает IQanat
В Назарбаев Интеллектуальной школе физико-математического направления г. Семей проходят воркшопы IQanat hackathon для учащихся 9 классов сельских школ. Мероприятие, запланированное на 4 дня, посетили более 90 учеников из области Абай, Восточно-Казахстанской и Павлодарской областей. Они будут обучатся у наших учителей цифровым и лидерским навыкам.
— Прежде всего, хочу выразить огромную благодарность Назарбаев Интеллектуальным школам, которые предоставляют нашим ученикам широкие возможности для обучения на новые темы. Мы тесно сотрудничаем с интеллектуальными школами в каждом регионе страны. В ходе проходящего тренинга сельские дети выбрали три курса из пяти предлагаемых к обучению образовательных программ. Все программы направлены на развитие IT-навыков учащихся. В частности, обучение SMM с нуля, WEB-программирование, разработка мобильных приложений, mobilography (курс съемки на телефон), язык программирования Python. Думаю, что участники тренинга с помощью семейских интеллектуалов с пользой проведут осенние каникулы, — говорит представитель Фонда IQanat Анара Матыбаева.
Тренинг проходит с пользой как для школьников, так и для сельских учителей. Ведь заместитель директора по воспитательной работе и кураторы школы знакомят их с такими сетевыми проектами, как «Туған елге тағзым»,«поэты Великой степи», «100 книг», «NIS talks», «Wikipedia», которые оказывают положительное влияние на становление личности учащегося.
В целом воркшопы IQanat hackathon, проходящие на базе шести Назарбаев Интеллектуальных школ в городах Актобе, Уральск, Семей, Шымкент, Караганды, посетили 643 учащихся и 32 учителя.
Пресс-служба НИШ ФМН г.Семей