Home » Жаңалықтар » Семейлік зияткерлер авторлық құқыққа ие болды

Семейлік зияткерлер авторлық құқыққа ие болды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  9 сынып оқушылары кезекті авторлық құқыққа қол жеткізді. Авторлық құқық иелері Мирас Айтбек пен Даниял Молдыбеков бірлесе еңбектенулерінің арқасында  Абай өңірінің мәдени-тарихи мұрасы бойынша интерактивті карта әзірледі. Аталған карта арқылы саяхатшылар қасиетті өлкенің тарихи орындары арқылы 3 тілде ақпарат ала алады.

   — Картамыз әзірге макет түрінде жасалды. Дегенмен, саяхатшыға қажетті ақпараттың барлығын қамтыдық деп айта аламын. Неге десеңіз, Семей –Қарауыл күре жолынан бастау алатын  карта маршрутында Күшікбай асуынан Бөрілідегі М.Әуезов мұражай-үйі, Қасқабұлақ, Ойқұдық, Еңлік-Кебек үңгірі, Ералы жазығы, Әйгерім қыстауы, Жидебайдағы мемориалды кешенге  дейінгі  тарихи-мәдени орындар жайлы мол мағлұмат береді.  Біздің картамыздың артықшылығы – саяхатшыға ыңғайлы болу үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпараттар жүктелді.  Ал осы ақпараттарды оқымай, тыңдағысы келетіндер үшін аудио жазба енгіздік. Демек, өзіне керекті ақпаратты әртүрлі әлеуметтік желіден іздеудің қажеті жоқ. Барлығы бір жерге топтастырылған біздің картаны пайдаланса болғаны, -дейді жоба авторларының бірі Мирас Айтбек.

Шәкірттеріміздің ғылыми жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Мақсат Құдагелдиннің сөзіне сүйенсек, жас зерттеушілер жобамен біраздан бері айналысып келетін көрінеді.

— Ұстаз болған соң шәкірттеріміздің осындай бастамаларына, ізденістеріне үнемі қолдау білдіріп отырған дұрыс. Біз бағыттаушымыз. Қажет болған жағдайда тиісті көмектерімізді көрсетеміз. Енді біздің алдымызда жобаны жетілдіру жұмыстары тұр. Ендігі мақсатымыз – карта макетін толыққанды сайтқа айналдырып, оның ғаламторсыз жұмыс жасауына жағдай тудыру, — дейді ғылыми жетекші.

Жас зерттеушілер интерактивті карта  жасаудың идеясы өлкеміздің облыс мәртебесін алуына байланысты туындағанын айтып, жаңа жобаны сол қуанышқа қосқан сыйымыз деп отыр.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

 Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

 

Семейские интеллектуалы получили авторские права

Очередное авторское право получили учащиеся 9 класса Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления г. Семей. Благодаря совместному труду правообладателей Мираса Айтбека и Данияла Молдыбекова разработана интерактивная карта по культурно-историческому наследию Абайского региона. С помощью данной карты путешественники могут получить информацию на 3 языках по историческим местам края.

— Наша карта пока в виде макета. Тем не менее, я могу сказать, что имеется вся необходимая информация. В частности, указан маршрут по пути следования Семей-Карауыл (перевал Кушикбай, дом-музей М. Ауэзова в Борили, Каскабулак, Ойкудук, пещера Енлик-Кебек, долина Ералы, зимовка Айгерим, историко-культурные достопримечательности Жидебая) до мемориального комплекса и дает много информации об историко-культурных местах. Преимущество нашей карты в том, что для удобства туриста была загружена информация на казахском, русском и английском языках. Также мы приготовили не только текстовый материал, но и аудиозапись, — говорит один из авторов проекта Мирас Айтбек.

По словам научного руководителя, учителя истории Максата Кудагельдина, юные исследователи давно занимаются проектом.

— Всегда лучше поддерживать такие инициативы, поиски наших учеников. Мы педагоги — путеводители. При необходимости оказываем соответствующую помощь. Теперь перед нами работа по совершенствованию проекта. Теперь наша цель — превратить макет карты в полноценный сайт и создать условия для его работы без интернета, — говорит научный руководитель.

Молодые исследователи отмечают, что идея создания интерактивной карты возникла в связи с приобретением нашим краем статуса области и наличием огромного количества исторических достопримечательностей.

Пресс-служба НИШ ФМН г.Семей

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.