Home » Жаңалықтар » Әл-Фарабидің атындағы Қазақ ұлттық университетіне — 90 жыл

Әл-Фарабидің атындағы Қазақ ұлттық университетіне — 90 жыл

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
химия және химиялық технология факультетінің
қауымдастырылған профессорлары
О.А. Есимова, М.Ж. Керимкулова

 

Шығыстың ұлы ғалымы, «Әлемнің екінші ұстазы» Әбу Насыр Әл-Фарабидің есімін иеленген Қазақ ұлттық университетіне — 90 жыл. Тоқсан жылдық тарихы бар университет мемлекеттік басқаруға, ғылымды, білім беруді, мәдениетті дамытуға, заманауи биснес пен инновациялық экономиканы қалыптастыруға зияткерлік үлес қосатын мыңдаған маман иелерін даярлап шықты [farabi.university].  Бүгінгі таңда әкімшілік-басқару персоналы, оқу-көмекші персоналдар, қызмет көрсету персоналдары және 16 факультетте 3300 астам оқытушы-профессорлар құрамы тынбай еңбек етіп, көптеген жетістіктерге жетуде. Жетістіктер: QS Asia University Rankings 2023: Central Asia рейтингінде Орталық Азиядадағы бірінші жоғары оқу орны, QS Asia University Rankings рейтингінде 44-орында, Орталық Азиядағы QS Stars Rating System рейтингінде жоғары баға алған бірінші және жалғыз жоғары оқу орны және т.б.. Университет ұжымы мен түлектердің жетістіктерін тізіп жазуға бір мақала аздық ететіні анық. Соңғы 2-3 жылдың ішінде 2022 жылғы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көршілес елдерге жасаған іс-сапарларыніың аясында сол елдердің президентерімен жасаған келіссөздерінің негізінде «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті филиалы (Ресей), Бішкектегі филиалы, Ыстамбұлдағы фидиалы өз жұмыстарын бастап кетті.

Қазіргі таңда Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі» деген нақыл сөзін мақсатына айналдырып ұлттық кодты санасына сіндіріп, бәсекеге қабілетті ЖОО дейінгі білім беру (мектеп, колледж) бакалавриат, магистратура, докторантура, интернатура сатылары бойынша білім бағдарламалары, қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша 26 мыңнан астам студентке білім беріп отыр. Студенттердің әлеуметтік жағдайларында назардан тыс қалдырмауда. Қазақстандағы университеттердің алғашқылары болып жаңа жатақханалар тұрғызу жұмыстарын да бастап кетті. Шетелдік студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының да саны жыл сайын артып отыр. Тұрақты даму мақсаттарының аясында білім беруді өндіріспен байланыстыру жұмысын да іске асырып жатыр. Өндірістік тәжірибе өту базасы кеңейтілген. Сонымен қатар жұмыс берушілер тарапынан талапқа сай маман дайындау мақсатында оқу бағдарламаға өз ұсыныстарын беріп және оқытушылық қызметке де араласуда. Осының негізінде бәсекеге қабілетті, заман талабына сай мамандар дайындау мақсаты орындалып отыр.

Қазіргі таңда ҚазҰУ зерттеу университеті мәртебесіне ие. Стратегиялық негізгі ұстанымы – әлемдік деңгейде зерттеу университетіне айналу. Соған сәйкес даму бағдарламасы құрылып тоқсан жылдық тарихты жаңартып, тек алға қарай даму жолында еңбек ету мақсаты қойылған. Осы мақсатқа жету үшін университет ұжымы аянбай еңбек ететіні анық. Қазақстан бойынша «ЖОО үздік оқытушысы» гранттының иегерлерінің ең көп үлесі ҚазҰУ-ға тиеселі, Ғылыми-зерттеу жобалары, жас ғалымдардың жобалары т.б. білім, ғылым жолындағы барлық жобаларға қатысып, үздік атануда.

Қазақстан Республикасы танымал университеттерінің  2023жылғы тәуелсіз рейтингінің нәтижелері бойынша  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университетіміз  Қазақстандағы ең бірінші және үздік университеті болып танылды. Бұл 90-жылдық мерей тойына қарсы бізге үлкен мәртебе.

Қара шаңырағымыз ҚазҰУ-нің  «Тоқсан жылдық мерейтойы» құтты болсын. Еліміздің дамуына орасан зор үлес қоса отырып биік шыңдардан көрине берейік.

   

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.