Қазіргі таңдағы ең басты мәселе «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыланып отыр. Егер осы заң қабылданса нұр үстіне нұр болар еді. Педагог мәртебесін арқыла жаңашыл ұстаздарымызды қалыптастыратын едік.
Заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім» десек , тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы — мектеп. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана — ең мықты білім , рухани ұлттың тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана — болашақты гүлдендіріп ,тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Бұл ұлттық мектептің аса маңызды міндеті деп білемін.
Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс.
Қазіргі уақытта ең басты мәселе педагог мәртебесін көтеру болып тұрғаны баршамызға аян. Осы мәселеге байланысты көптеген өзекті мәселелер көтерілуде. Түптеп келген де бұл мәселенің ең басты күре тамыры ол әрине біздің ұстаздарымыз жайлы. Ұстаз мәртебесін көтеру ол мемілекеттік іс,ал оған бір адамдай атсалысу бәріміздің міндетіміз екені даусыз.
Тәуелсіз еліміздің тірегі- білімді ұрпақ десек, ал жаңа дәуірдегі өзекті мәселе білім беру мен ғылымды дамыту. Осы орай да мектепті білім ордасы десек ,сол білім ордасындаңы ұстаз қандай болу керек деген сұрақ туындайды. Менің ойымша жаңашыл мұғалім кез-келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болуы керек. Ол тек ұстаз болып шектеліп қалмауы керек әрқашанда әмбебап болуы қажет . Оқушыға білім мен тәрбиені қатар бере отырып дос бола да білу керек. Рухани бай болуы шарт деп білемін сонымен қатар жаңа технологияны меңгерген яғни сегіз қырлы бір сырлы болу керек. Менің көзқарасым бойынша түйгенім мұғалім мектептің жүрегі . Алдында өсіп келе жатқан шәкірттер ең бірінші мектеп ұстаздарына қарап бой түзейді, үлкен өмірге қадам басқанша оқушының үлгі тұтары мұғалім екені баршамызға аян сондықтанда біз шәкірттерімізге интелигент болуымыз керек деп ойлаймын.
Әр ұстаздың білім беруде алдыға қойған мақсаты болады деп білемін. Мысалы менің басты мақсатым білім алушыларымның пәнге деген қызығушылығын артыра отырып сапалы білім беру. Міне осы қасиеттерді өз бойына жиыстыра білген ұстазды қазіргі жаңашыл мұғалімді деп айтқым келеді.
Ұлт болам десен , ұрпағынды ойла демейме. Біздің жарқын болашағымыз ұрпағымыз ал ұрпағымызды тәрбиелитін ол әрине ұстаз. Педагог мәртебесі -жаңашыл мұғалімді қалыптастыру
Ұстаз үшін бақыт – алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәті. Ендеше, бүгінгі білім мен білік, бәсекелес заманында ұландардың биіктен көрінуіне күнделікті істегі жаңашылдық пен жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізейік
Педагог мәртебесі жобасы іске асып қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, психологиялық диогностиканы қабылдай алатын , педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжіртбелік іс -әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолы бар, шығармашыл, ізденімпаз жаңашыл ұстаздарымыз көбейе берсін дегім келеді.
Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі
«Х.Санбаев атындағы орта мектебі » КММ
Мақы Ләззат Тынышбайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Қоғамымызда ұстаздар еңбегі зор?
Оте жаксы мугалым
Өте керемет жан,ана,апа!
Алға!???
Құдаша сәттілік, ?
Әрқашанда еңбегіңізді бағалап биіктен көрінетін білімді шәкірттеріңіз көп болсын. Ұстаздық жолыңызда жасаған еңбегіңіздің жемісін көріп, шығармашылық табыстарға жете беріңіз???
Саттилик тилеймин! Енбегиннин жемисин кор курдасым????
Шәкірт тәрбиесіндегі еңбегіңіз жана берсін. Білім нәрімен сусындаған әр бір шәкіртіңіздің туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыра беріңіз
Саттилик???
Лəззат əрқашан жаналықтың жаршысы бол бер!!!
Сәттілік!!!
Жарайсың! Алға!
Алға, әрдайым шығармашылық табыстарың көп болып, өрлей бер!
Сәттілік! Шығармашылық табыстар тілеймін, еңбегіңіз елене берсін!
Жарайсын? Енбегиниздин жемисин кориниз! Бииктерден корине бериниз! Шыгармашылык табыстар тилеймин! Алга карай орлей бериниз! Саттилик тилеймин ?