Home » Жаңалықтар » «Қоянды» балабақшаларының жәй күйі қалай?

«Қоянды» балабақшаларының жәй күйі қалай?

       Бүгін, қала іргесіндегі «Қоянды» ауылының бала бақшаларының тыныс тіршілігімен танысуға жолға шықтық.
Әуелі табан тіреген жеріміз «Аялы-Ай» мемлекеттік балабақшасы болды. Бізді балабақша меңгерушісі Ахмет Алтын Қорғанқызы қарсы алды. Кездесу барысында балабақша жұмысымен таныстық.
«Қоянды»  сапары барысында жеке меншік «Айбала»  балабақшасына бас сұқтық. Балабақша жұмысымен меңгеруші Шынар Қарақатқызы егжей-тегжейлі таныстырды. Бүгінгі таңда бөбектер ордасында тоғыз тәрбиеленуші топ бар. Негізінен балабақша «балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс жасауда. Таныстыру барысында әр топтың жұмысына жеке жеке куә болдық. Әсіресе тәрбиеші Еркегүл Бахытқызының жұмысын ерекше атап өтуге болады. Тәрбиешінің әр баламен жеке жұмыс жасауы, жеке дара портфолия дайындауы кәсібилігі мен еңбекқорлығының бір көрінісі. Біз кірген бойда Апликация сабағын өтіп жатқан .Еркегүл Бахытқызы қосымша саусақ моторикасының маңызын түсіндіріп өтті. Бөбектердің жәй күйімен танысып жүріп, патриоттық әуендерді орындаған бүлдіршіндерді көргенде көңілге қуаныш сыйлағаны рас. Балабақша меңгерушісі бөбектердің жетістіктерін тілге тиек етуді де ұмытпады. Әсіресе «Балапан» би тобының өнеріне ерекше тоқталды.  Бүлдіршіндер түрлі республикалық,  халықаралық байқауларда жүлдегер атанып, ата аналары мен ауылдастарының мақтаныштарына айналып отыр.
Сөз реті келгенде «Шашу» оқу-танымдық кешенінің авторы Қуантай Амантайұлы ол кісілердің еңбектеріне жеміс тіледі. Қандай бағдарламалармен жұмыс жасап жатқандарын көре отырып «Шашу» оқу танымдық, авторлық жоба жайында: 1) ұсақ моторикалық қылыпты дамыту;  2) баланы тиянақтылыққа баулу; 3) әр түрлі түстерді тану; 4) жан-жақты даму-таным; 5) қазақ тілін үйренуге бастау; 6) орыс, ағылшын тілдеріне баспалдақ жасау; 7) тырнақ алды отандық өнімдерің бірегейі; 8) білім министрлігі мақұлдаған осы 8 артықшылыққа ие жобаны таныстыру жасалды.
Қоянды сапарының қортындысы Балабақша ұжымының білек сыбана еңбек еткеніне дән риза болып, еңбектеріне табыс тілеп, қоштасыстық.

Нұрбол АРНАБЕК
BILIM AINASY
Ақмола облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.