Home » Балабақша » Ата-ана алғысы

Ата-ана алғысы

Қазақта «бала – бауыр етің» деген аталы сөз бар. Яғни бала – біздің өміріміздің жалғасы, болашақ ұрпақ. Ал, болашақтың жарқын болуы үшін біз балаларымызға салиқалы тәрбие, жауһар білім беруіміз керек. Бұл әрине алдымен ата-ананың, кейін қоғамның міндеті.    Бүгінгі заманда бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Иә, мұның барлығы отбасылық тәрбие мен білімге саяды.  Менің көкейімдегі түйінді түйткіл – жоғарыда атап өткен бала тәрбиесіндегі  қоғамның да міндеті деген ой-пікір еді.

Ежелден қазақ халқы бала тәрбиесіне бір ата-ана ғана емес, ата-әже, туған туыс, жекжат-жұрағат,  дос, бауырларымыздың барлығы дерлік ат салысқан. Оған дәлел халқымыздың әлеуметтік маңызы бар салт-дәстүрі, тәлім-тәрбиесі. Әсте «қызға қырық үйден тыйым» деген мақал осыдан шықса керекті.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі жаһандану заманында жас бала тұрмақ, үлкендеріміздің өздері батысқа еліктеп, қоғам өзгеруде. Дегенмен, біз ұлттығымызды сақтап қалу үшін ата-баба дәстүріндегі бала тәрбиесіне ерекше мән беруіміз қажет. Сондықтан әрбір бала тәрбиесіне қоғам болып, жұмылған жұдырықтай кіріссек, басты мақсатымызға жететіндігіміз аян. Жалпы, балабақшалардағы балалардың тәрбиесі мен білімі осы орайда маңызды фактор. Осы жерде Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №42 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы МКҚК ұжымының бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін ата-ана ретінде ерекше атап өткім келеді. Былтырғы жылы менің немерем Ахан Айсезімнің Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Жеті өнер» III Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль конкурсында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін GRAND PRIX жүлдесімен марапатталып отыр. Сонымен қатар, немере қызым Айсезім Тараз қаласындағы №42 бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері, «Көбелек» ортаңғы тобының жетекшілері ұйымдастырған түрлі байқауларда жоғары көрсеткіштерге жетуде. Мәселен, осы бақшада өткен би өнері жарысынан гран-при иегері атанып, ата-анасының алғысына бөленді. Сондықтан да, «бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, қызымыздың қабілетін байқап, оны ұштастырған би жетекшісі мен тәрбиешілеріне отбасымыздың атынан мың алғыс білдіреміз!

Осы орайда, аталмыш балабақшаның жетістіктері туралы айтар болсам, биылғы жылы 9 мамыр күніне орай ұйымдастырылған ертеңгіліктер, оның ішінде «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!», «9 мая – День Победы!» атты мерекелік іс-шаралар, Бауыржан Момшұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етуі балаларды жоғары патриоттық сезімге бөйлейтіндігі ақиқат.

    Қорыта айтсам, мұның барлығы Тараз қаласындағы №42 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Г.С.Иманбердиеваның, әдіскері К.Н.Бердигулованың және тәрбиешілер мен тәлімді педагогтардың ерен еңбегі деп білемін. Сондықтан да сіздерге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еңбектеріңіз елене бергей!            

 

Елеусінова Гаухар Жасұзаққызы,
 Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№42 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы
МКҚК-ның ата-анасы
Жамбыл облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.