Ихсанова Жанар Мухтаровна
БҚО,Орал қаласы №18 «Балдырған»
бөбекжайының ІІ санатты тәрбиешісі
Жауапты: МКҚК №18 «Балдырған» бөбекжайының ІІ санатты тәрбиешісі Ихсанова Жанар Мухтаровна.
Тақырыбы: «Балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық ойындар арқылы қалыптастыру»
Мақсаты: балаларының ойын арқылы заттар, табиғат, адамдар әлеміне экологиялық көз қарасын қалыптастру, болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
Қоршаған ортаның нашарлануына байланысты туындаған өзекті мәселелерді шешу педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда ғана мүмкін екендігін ұғынудың нәтижесінде өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға байланысты экологиялық тәрбие берудің алатын орны көптеген педагог-ғалымдардың ғылыми еңбектерінде педагогикалық тұрғыдан негізделіп, оқу-тәрбие үрдісі арқылы шешімін табуда.
Бөбекжайда экологиялық мәдениеті қалыптастыру жұмысы ойын арқылы жүргізіледі. Мысалы: «Немен қоректенеді? » ойыны арқылы балалар жануарлардың немен қоректенетінін біліп, оларды тамақтандыру кезінде қамқорлыққа үйренеді. «Теңіз зерттеушілері!» дидактикалық ойыны арқылы балалар теңізде де жәндіктер тіршілік ететінін біліп, оларға да қамқор болуды үйренеді. «Жәндіктер бақылаушылары!» дидактикалық ойыны арқылы балалар жәндіктердің түрлері және зиянкес жәндіктер болатынын танып, атауларын үйренеді. Сонымен қатар мен өз тәжірибемде балаларға экологиялық тәрбие беруде «Лэпбук» кітаптарын көптеп қолданамын. Лэпбукты Америкада ойлап тапқан, қазақ тіліне аударғанда «Lap»сөзі «Тізе» ,«Book»сөзі «Кітап» деген сөз, яғни «Тізе кітабы» деген деген мағынаны білдіреді. Мен «Құстар», «Мамандықтар», «Жыл мезгілдері» және «Көктем» тақырыптарындағы лэпбук кітапшаларын жасадым.
Қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі денсаулық сақтау және қоршаған ортаны сақтау. Табиғи, экологиялық тұрғыда таза өнімдерді: көкініс, жеміс- жидек, азық-түлік және жуғыш жаттарды қолдану. Өз қолдарыңызбен жасаған өнімдер әрдайым сіздің ағзаңызға пайда алып келеді және таза табиғи өнім.
Бүгін мен тәрбиешілерге таза табиғи химиялық қоспалары жоқ сабын жасау әдісін көрсеткім келеді.
Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және шығармашылық процесс. Себебі, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады. Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай бересіз. Ал сабын қайнату процесі әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз.
Сабын жасау үшін:
Дүкенде сатылатын арнайы сабынды негіз, сабынға арналған қалыптар, Сонымен қатар, сізге сабынға арналған әр түрлі табиғи қоспалар қажет болады, өзіңізге ұнайтын иіс сулар немесе түрлі ароматизаторлар,табиғи бояғыш заттар.Егер какао немесе кофе ұнтағын қосатын болсаңыз скраб сабын болып шығады.
Сабынды негізді ыдысқа салып отқа қоямыз, еріген соң оған дайындап қойған өзімізге ұнайтын қоспаларымызды қосамыз. Қалыптарға құйып суытамыз. 10-15 минут өткен соң сабынымыз қатады, қалыптан шығарып алып қолдана беруге болады.Сабынды түрлі түсті, түрлі қоспалармен, түрлі иістермен жасауға болады.Ол өзіңіздің шеберлігіңізге байланысты.
Байқағаныңыздай, сабын дайындау соншалықты қиын емес. Бірнеше рет жасап көргеннен кейін, сіз табиғи сабынның түр-түрін шебер жасай аласыз. Мысалы, түрлі-түсті, қосқабатты, аралас сабындар жасауға болады.