Аккереева Светлана Насимуллиевна
БҚО. Орал қаласы, №18 «Балдырған» бөбекжайы
І санатты тәрбиеші.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ата-аналар балалар! Сіздерді жаңа жыл мерекелерізңбен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл әр біріңіздің
Отбасына жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке,қуаныш пен мереке алып келсін.
«Жаңа жылдық ойыншықтар» әні (хоровод)
Жаңа жылым мол болсын, Нұрай
Басқан қадам мол болсын.
Төрлет, төрлет, жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Шырша жыры
Дала аппақ, Айзере
Жаппалақтап,
Қар жауып тұр тынбастан.
Қалың орман
Қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
О алақай, Әлімжан
Аяз атай
Келе жатыр алыста!
Кәне достым,
Әнге қосыл,
Әнеге қосыл қалыспа!
Здравствуй , здравствуй, елочка, Амира
Здравствуй, Новый год!
Каждый пусть у елочки
Спляшет и споет.
Всем нам очень хорошо Настя
Весело сегодня,
Потому что к нам пришел
Праздник новогодний.
Тамаша , тамаша
Шыршамыз тұр жараса, Әли
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды ,қараса.
Ән «Шыршы»
Жүргізуші:
Келіңдер балалар
Ертегімді тыңдаңдар
Ертегімде сан қилы
Қызық- қызық сырлар бар.
Ертегі басталады.
Өйткені, бізге тағы да сиқырлы қыс келді.
Залға Ақшақар кіреді
Сәлематсыздар ме балалар,Жаңа жылдарың құтты болсын !
Сүйсіндіріп маңайды!
Ақшқармын арайлы
Жал –жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақар. Жаңа Жыл Құтты Болсын, Нағыз сиқыр! Нағыз ертегі басталады!
Дин-дон! Дин-дон! Дин-дон! Сиқырлы қоңырау әуенімен ертегі үйге кіреді !
Қызыл телпек кіреді.
Қандай ғажап қар жауды!
Орман өте керемет!
Мереке қарсанында әжеме
Мен бәліш алып барамын.
Орманның соқпақпағымен қасқырдан қорықпай барамын.
Өзімнін сүйікті әнімді шырқаймын
(Қызыл телпен әуенмен бір айналып шығады)
Қасқыр кіреді
Қасқыр. Менің жолыммен кім жүрді? Бұл жерде бәліштерді кім алып бара жатыр? Менімен бөліспей, мені қатты ашуландырып.
- Сен қайда бара жатырсың? Себетінде не бар?
Қызыл телпек.
Мен қамыс тоғанына барамын, сол жерде әжем тұрады.
Қасқыр. Ал, себете не бар?
Қызыл телпек. Сары май және бәліш, әжеме сыйға алып бара жатырмын.
(қызыл телпек әуенмен айналып кетіп қалады)
Қасқыр.
Мен де әжеге барайын
Үшінші күн – қарыным аш.
Қысқы орманның әуенін естиді.
Қызыл телпек.
Қыста орман әдемі!
Жылда осылай келеді
Көп қуаныш береді
Шырша ойыншықтармен безендірілген.
Жүргізуші: бұл жай ғана ойыншықтар емес ,бұл сиқырлы ойыншықтар. Қызыл телпек бұл сиқырлы ойыншықтардың қалай билейтінін тамашала.
Балалар «Ақжелкен» (петрушки) биін орындайды (с погремушками)
Жүргізуші. Бүлдіршіндердің өнері көңілді, күлкі сыйлады.
(Қызыл телпен әуенмен бір айналып шығады)
Қызыл телпек. Мен адасып кеттім.Жол таба алмаймын
Мен әжеме қалай жетемін? (Отырады, жылайды.)
Ақшақар. Мен сиқырлы қонырау соғып қолдарындағы шамдары бар Гномдарды шақырайын. Олар саған көмектеседі.
Би «Гномдар»
Гном. Қызыл телпеп, шамды алыңыз.Ол сізге жолды табуға көмектеседі.
Қызыл телпек. Қараңғы, солай болсын, бірақ мен шамды алып жолымды жарқыратамын.Әжемнің үйін табамын.
(шамды ұстап айналып шыршаның артына кетеді)
Жүргізуші. Ойнаймыз, ән шырқайыз.
Балалар шырша туралы ән айтады (хоровод)
Музыкалық ойын (барбарил
Қасқыр қызыл қалпақ киіп келеді. (айналып шығады)
Қасқыр. Ахххх! Міне, әжейдің үйі. (Тықылдап).
Әже. Бұл есікті кім қағып жатыр?
Құс та емес, аң да емес.
Менің немерем емес пе?
Қасқыр. Әрине, бұл менмін.
Әже. Жіпті тартсан, есік жеңіл ашылады.
Әже.Қалайсың, немерем Кіре ғой. Бәліштерді маған алып келдін бе?
Қасқыр. Жаңа жыл құтты болсын, әже (әжесінің қолын алады)..
Әже. Жаңа жыл құтты болсын, немерем.
Бұл сенсің бе, немерем? Бұл кімнін қолы? (қасқырдын қолдарын қарайды)
Қасқыр. Бұл иттің жүнінен тоқылған қолғаптар, өте жылы. Оны шешпеймін.
Әже. Сенін құлағына не болған?
Қасқыр. Сұрақтар жеткілікті!
Мен сені жеп қоямын!
Аяз ата мен кішкентай Қызыл телпектін дауысы естіледі.
Аяз ата (есік сыртында). Ооо!
Жел, мен боранды ұстап аламын!Мен қасқырды қуып жіберемін!Мен оны мұздатамын!
Қасқыр (қашады). УУУУ- табаным қатып, мұрным қатып қалады. Қашып кетсем болмайды.
Әже. Қош келдін, Аяз Ата! Сәлем менің немерем!
Қызыл телпек. Мен орманда адасып қалдым.
Аяз ата, көмектесіп, жол көрсетті. Тікелей сіздің үйінізге алып келді.
Әже. О, рахмет, Аяз ата, немеремді әкелгенін үшін және зұлым қасқырды қуып шықтын!
Аяз ата. Мен ормандағы әр жолды білемін, бәріне көмектесемін.
Жаңа жыл құтты болсын!
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Құрметті қонақтар бірге ән шырқайық
Ән «Жаңа жыл» (хоровод)
Аяз ата: Ал қазір балалар ойнайтын кез келді
Аяз атамен ойын
Жүргізуші. Аяз-ата балалардың саған арнап жаттаған тақпақтарын қабыл ал.
Ақшақар: Аяз ата балалармен ойнаймын деп терлеп кеткен боларсыз, дем алыңыз, мен кішкентай ақшақарларыммен би билеп сізді салқындатайық.
Би: «Ақшақарлар»
Менің әсем ұлпаларым
Маған ұшып келеді
Таң қалдырып өнеріне,
Бәрі билеп береді.
Жүргізуші.Аяз-ата, сенін балаларға арналған сыйлығын қайда?
Аяз ата. Мерекеде балаларға сыйлықтар беру уақыты келді. (Ол қапшыққа қарап, тек ірімшік табады) Бұл не сұмдық? Кәне, біз оны түзетейк. Енді мен сиқырды көрсетемін. Бір, екі, үш ірімшік сыйлықтарға айналсын!
Кәне, қарайын,міне, сыйлықтар!
Аяз-ата балаларға сыйлықтар береді, барлығын Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды.
Ата-аналармен хоровод