Home » Жаңалықтар » Балғын чемпиондар

Балғын чемпиондар

Балғын чемпиондар

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған «Былғары доп – Балдәурен» турнирінде Орал қаласы мектептерінің қос командасы чемпион атанды.

25-29 мамыр аралығында Алматы қаласында 3-4 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған республикалық жарысқа Батыс Қазақстан облысынан үш команда аттанған болатын. Олар – Орал қаласындағы №17 ЖОББ мектебі мен №42 «Ақ ниет» гмназиясының және Теректі ауданы Подстепный қазақ мектебінің командалары.

Турнирде оралдық №17 ЖОББ мектептің 3-сынып қыздар командасы І орын алды. №42 «Ақ ниет» гимназиясының 3-сынып ұлдар командасы да қарсыластарынан озып, І орынды иеленді. Чемпион атанған қыздардың жетекшісі – Алексей Куденко, чемпион ұлдардың жаттықтырушысы – Руслан Темірболат.

Сондай-ақ осы жарыста Теректі ауданы Подстепный қазақ мектебінің 4-сынып ұлдар командасы да екінші орыннан көрінді. Жетекшілері – Қажет Жалитов.

Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметінен

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.