Home » Жаңалықтар » «ЗАМАНАУИ БІЛІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТЕРДІ АНЫҚТАДЫ

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТЕРДІ АНЫҚТАДЫ

28 маусым күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің, байланыс саласы мамандарының кәсіби мерекесіне арнап «Заманауи білім» тақырыбында республикалық конкурс өткізді.

Мерекелік шара Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180, Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойымын тұспа-тұс келіп түсті. Ыбырай Алтынсарин өзінің бар ғұмыры мен күш-қуатын қазақ халқын рухани ағартуға арнаған.  Осы ретте «Заманауи білім» тақырыбындағы конкурстың  мақсаты – қоғамда білім үстемдігін қамтамасыз ету және ағартушылық  идеясын насихаттау болды.

Алдымен Академия президенті Ғ. Бектайұлы мен ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп журналистер қауымының елімізде болып жатқан жаңалықтарды жеткізудегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы атқарылған жұмыстарды ақпараттандырудағы орнының ерекше екендігін айтып, журналистерді төл мерекесімен құттықтап,  журналистер арасындағы сайыс алғаш рет ұйымдастырылып отырғандығын жеткізді.

Конкурстық комиссияның құрамында ҚР Парламент Сенатының депутаты, журналист – Нұртөре Жүсіп, Академия президенті – Ғани Бейсембаев, Бас редакторлар клубының жетекшісі, журналист – Бибігүл Жексембай, «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының төрағасы,  тележурналист – Зейін Әліпбек, «Қазақ радиосының» директоры, SMM маман – Дулат Абибуллаев, «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінің бас редакторы – Қуантай Амантайұлы болды.

Аталмыш байқауға 4 номинация бойынша (Газеттер мен журналдардағы үздік мақала; Интернет басылымдағы үздік  жарияланым; Үздік радиоматериал; Үздік телевизиялық материал) 44 журналист қатысып, өз бақтарын сынады.

Әділқазылардың таңдауымен үздік деп табылған 12 адам жеңімпаз атанды:

  1. «Газеттер мен журналдардағы мақалалардың ең үздігі» (3 адам):

1 орында – Нұршеков Ерғазы Манапұлы, Нұр-Сұлтан қ., Білім беруді жаңғырту орталығының «Елордалық білім» газетінің тілшісі;

2 орында – Уәлибекова Ділда Жанатқызы; Нұр-Сұлтан қ. «Turkistan» халықаралық саяси апталығының тілшісі;

3 орында – Каратаев Абат Даулеткереевич, «Актобе Медиа» ЖШС,  «Актюбинский вестник» газетінің ақпарат бөлімінің меңгерушісі.

  1. Интернет басылымдағы үздік жарияланым бойынша (3 адам):

1 орынға ие болған – Құмарзақұлы Алтынбек, «Қазақпарат» ХАА» АҚ Қазақстан тарихы интернет-жобасының бас редакторы;

2 орынға – Мықтыбаев Нұрсұлтан Ертуғанұлы, «QazWeek.kz» ақпарат агенттігінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі;

3 орынға – Бейсенбаев Олжас Түсіпбекұлы, «ҚазАқпарат» ХАА» «strategy2050.kz» аналитикалық-шолу порталының сарапшысы.

  1. Үздік радиоматериал бойынша (3 адам):

1 орынға ие болған Доскеева Гүлнұр Омарханқызы, «QAZAQ  RADIOLARY» ЖШС  «Шалқар» радиосының редактор-жүргізушісі;

2 орынға – Сұлтан Толқын Дүйсенқызы, «QAZAQ  RADIOLARY» ЖШС  «Қазақ радиосы» радио-арнасының редактор-жүргізушісі;

3 орынға – Жұмакүлбаева Жадыра Серікбекқызы, «QAZAQ  RADIOLARY» ЖШС  бас директорының кеңесшісі, журналист.

  1. Үздік телевизиялық материал бойынша (3 адам):

1 орынға ие болған Байтарова Сәния Бақытқызы, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының редакторы;

2 орынға – Қызайбаева Гүлжан Ерікқызы, «Жетісу» телеарнасы, Арнайы жобалар жөніндегі продюсер, журналист;

3 орынға – Ақмұрзиев Абай Абылайұлы, Атырау облысы Білім беру  басқармасының баспасөз хатшысы.

Әр номинация бойынша үш орынға дипломдар мен арнайы сыйақы, алғыс хаттар берілді. Осы байқаудың өтуіне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы ат салысып, қаржылай қолдау көрсетті.

Мерекелік шара соңында Академия ұжымы барлық БАҚ қызметкерлерін төл мерекесі күнімен құттықтап, еліміздегі барша журналистерге шығармашылық табыс тіледі.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.