Home » Жаңалықтар » Әділет министрі Марат Бекетаев Ақмола облысында жаңа әкімшілік сотының дайындығымен танысты

Әділет министрі Марат Бекетаев Ақмола облысында жаңа әкімшілік сотының дайындығымен танысты

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына келді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір және Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек министрді жаңа соттың жабдықталуы мен жұмысқа дайындығымен таныстырды.

Министрмен кездесуде облыстық соттың төрағасы Д.Әмір жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және жаңа соттың қызметі туралы халық арасында түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы жөнінде айтып өтті.

Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сапарбек министрге 1 шілдесінен жұмысты бастауға дайын дыбыс бейнені тіркеу құрылғыларымен жабдықталған сот отырыс залдарын, судьялар мен сот кеңсесі қызметкерлерінің кабинеттерін көрсетті.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (Ақмола облысының МАӘС) жұмыс істей бастайды, ал Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты деп қайта аталады.

Жаңа сот азамат пен әкімшілік (мемлекеттік) орган арасындағы жария-құқықтық дауларды қарайтын болады.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (Ақмола облысының МАӘС) Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 46А-үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.