Home » Білім және тұлға » «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері»  республикалық конкурстың қорытындысы

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері»  республикалық конкурстың қорытындысы

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері»  республикалық конкурстың қорытындысы

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» конкурсының республикалық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты: кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты әдіскерлерді анықтау, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес кәсіби имиджді қалыптастыру.

Республикалық кезеңге конкурс Ережесінің талаптарына сәйкес іріктеуден өткен 14 өңірден облыстық тур жеңімпаздарының материалдары келіп түсті.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:

Бас жүлде

Баймбетова Айгерим Жумабековна, Алматы қаласы, Алатау ауданы №37 бөбекжай-балабақшасының әдіскері

I орын

Умирәлиева Салтанат Жұмабековна, «Н. Назарбаев білім қоры» Қоғамдық Қоры, Атырау қалалық филиалының «Мирас» бөбекжайы

Рамазанова Дарига Шамилевна, Тараз қаласы №39 «Балдәурен» бөбекжайының әдіскері

II орын

Атаманова Эльмира Ыкыласовна, Талдықорған қаласы, №7 бөбекжай-балабақшасының әдіскері

Саматов Абзал Серикович, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжай-бақшасының әдіскері

III орын

Каримова Айжан Куанышбековна, Нұр-Сұлтан қаласы, №66 «Толағай» балабақшасының әдіскері

Бритвина Елена Владимировна, Қостанай облысы, Лисаковск қ. «Улыбка» бөбекжай-бақшасының әдіскері

Сыздыкова Калимаш Сагындыковна, Павлодар облысы, Ақсу қаласының №18 бөбекжай-балабақшасының әдіскері

Байқаудың келесі қатысушылары мына номинациялардың  иегерлері атанды:

«Үздік әдіскер»

Джанадилова Инабат Аскаровна, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласының № 7 «Еркетай» бөбекжайы

Абдинова Үміт Даутқызы, Павлодар облысының, Екібастұз қаласының 23 мектепке дейінгі гимназия

«Іскер әдіскер»

Серикпаева Асемгуль Дастановна, Ақмола облысы, Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы

«Өнерлі әдіскер»

Кенжина Маржангул Толеубековна, №8 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы

Басыгарина Айгуль Нурмагамбетовна, «М. Ахметбеков атындағы орта мектеп» КММ жанындағы «Балауса» шағын орталығы, Солтүстік Қазақстан облысы

«Жаңашыл әдіскер»

Балюк Оксана Сергеевна, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының «Березка» бөбекжайы

Басынбекова Латифа Умиртаевна, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, №6 «Ата-Мекен» балабақшасы.

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздары ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының  дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздардың байқауға ұсынылған қорытындысы мен материалдары сайтта жарияланатын болады www.rc-dd.kz және біздің әлеуметтік желілер беттерінде.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Бұл жетістік одан әрі кәсіби өсуге серпін беретініне сенеміз.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.