Тулеутайкызы Улжан
КазГЮУ гуманитарлық-заң
колледжінің 2-курс студенті
Бұл өмірде адам үшін өміріңдегі ең маңызды құбылыс, ол — оның болашақ мамандығы. Өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Мамандық таңдау — сені үлкен өмірге жетелейтін баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық — болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.
Бүгінде мамандықтың түр-түрі бар. Оларды іріктеп, өз икеміме сай келетін мамандықты таңдап отырмын. Мен таңдаған мамандық – тәрбиеші мамандығы. Бала кезімнен балаларға өте жақынмын, олармен сөйлескенді, ойнағанды ұнатамын. Ал қазір өсе келе балалардың психалогиясын біліп, олардын не ойлайтыны, іштерінде не бар екенін білгім келеді.
Шынымды айтсам бәрінен де қызықты, қажет мамандық – тәрбиеші мамандығы деп ойлаймын. Әрине, тәрбиеші мамандығы қиынырақ-өйткені кіші ұрпаққа үлгі болу, тәлім- тәрбие беру, ақыл-кеңес үйрету біздің парызымыз. Бірақ ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
Тәрбиеші бейімділігі, дарындылығы көбінесе балалардың тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», – дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Менің мамандығым-тәрбиеші. Тәрбиеші жұмысы күрделі де, қызықты да, жауапты.
Ал ең қиын жұмысы – әрбір баланың жүрегіне жол табуында. Бала бойындағы қабілетті дамыту арқылы өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуге үйретеді.
Мен осы себептерден кейін тәрбиеші мамандығын таңдап алдым және осы мамандықты қатесіз таңдағаныма қуаныштымын. Осы мамандық жолында әрі қарай білім алуға, дамуға, әртүрлі қызықты жұмыс түрлерін үйренуге болады, қысқасы бір орында тұрып қалмаймын. Тәрбиеші мамандығына осы себептерден басымды ие отырып, ұлы ұстаздардың ұшан теңіз еңбектері мен тәжірибесіне басымды иемін.