Home » Мақалалар » БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ КАДРЛАР ДАЙЫНДАУ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ КАДРЛАР ДАЙЫНДАУ

Жамиев Шакизада Сейлханович,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің
шеберхана меңгерушісі, Тараз қаласы

Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Сол тірек нық та берік, сенімді болуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алуы керек. Сондықтан да оның іргетасын, ондағы мұғалімдердің білім деңгейінің жоғары болуын қадағалау және арттыруымыз аса қажет. Өркениетті елдер арасындағы экономикалық бәсекелестік білім деңгейімен айқындалмақ. Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатыны риясыз шындық. ХХІ ғасыр білімнің жаңа философиясын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологияларды талап етеді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі алдында заманның жоғары технологияларының талаптарына сай келетін біліктілігі жоғары мамандарды даярлаудың міндеттері туралы әсіресе, мектеп жасына дейінгі, білімнің жоғары кәсіби білімге дейінгі білім проблемаларының кең спектрі Білім сапасын тәуелсіз сырттай бағалау, материалдық-техникалық базаға, жоғары оқу орындарына ғылыми-педагогикалық құрамына арналған талаптардың күшеюі қазақстандық жастарға лайықты білім алуға кепілдік береді. Жақсы педагог-оқытушы – қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімк. Махмұд Қашқаридың өзі: “Құттылықтың негізі – білік” демеп пе еді?

Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып, мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдерін қолдануымыз көңілге қуаныш ұялатады. Өйткені қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –шәкірттің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Осыған орай мемлекеттік білім беру саясатының бағытында мектеп баланың дамуын жүзеге асырып, тұлғаның қабілеттілігін ескеріп, бір қалыпта қалыптасуын қамтамасыз етуі керек.

Адам баласына шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиет: жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы және сезім дарқандығы қажет. Әрбір білім алушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру да өз шешімін табады. Қарапайымдылықтан күрделілікке ұмтылатын болсақ, онда жеке тұлғаның талпынысын оятып, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтуға болады. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Сондықтан әр педогог әрбір шәкіртінің ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Оның рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын ұстаз ғана бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, саналы,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Өйткені ұстаз мұғалім жақсы шәкірт тәрбиелейді. Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруде көзделіп отырған мақсаттардың ең негізгісі – әрбір жеке тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу. Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта оқушыны білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін,тәсілін,жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады. Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:

1.Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;

  1. Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру;
  2. Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау;
  3. Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау;
  4. Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау.

Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды. Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы — білім екенін көрсету жолында еш аянбау керек.

Қазіргі шапшаң жүріп жатқан жахандану үдерісі әлемдік бәсекелестікті күшейтуде.
21 ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, кәсіби мәдениеттілік, терең білім мен ізденісті талап ететін дәуір. Бәсекеге қабілетті жастар дегеніміз кімдер, оларды тәрбиелеу үшін не керек? Қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында мемлекет бәсекеге қабілетті экономика моделіне индустриалдық-инновациялық даму, білім және ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпараттық технологиялар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау және басқа да салаларағы мамандарға тұрақты өсіп келе жатқан қажеттілікпен Қазақстан үшін басымды салалардың тұрақты өсуіне негізделген даму жолын таңдаған. Осы айтылғандарды ескере отырып бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу үшін біріншіден сапалы білім керек. Ақпараттық қоғамның негізгі мақсаты студенттерге ақпараттың білім беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамыту, технологиялық заманға бейімдеу болып саналады. Білім көгжиегінде кеңінен қолданылып жүрген құралдар: интерактивті тақта, мультимедия интернет кеңістігі, электронды оқулықтар. Бұлар білім берудің тиімділігін қамтамасыз етеді. Елімізде Жоғарғы оқу орындары мен орта арнаулы білім мекемелері көптеп саналады. Сол мекемелердің ішінде студенттерге мол білім беріп бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеп отырған Жамбыл политехникалық жоғары колледжі. Өздерінің тынбай еңбектерінің және ұжым арасындағы сыйластық арқасында біздің түлектеріміз Қазақстанның барлық аймақтарында өте танымал. Оқу орны еліміздің кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі өзінің өмір сүру уақытының барлық кезеңдерінде де заманының талабына сай маман даярлау жұмысымен шұғылданып келеді. Егеменді ел атанып, нарықтық экономика жүйесіне көшкеннен бері білім беру жүйесінің бұл саласы нарық сұранысына жауап бере алатын, жаңа технологияларды меңгерген, білікті маман даярлау ісін қолға алып қызмет етуде. Болашақта өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Біздің болашағымыз білікті де білімді жастардың қолында десек, сол жастарды колледжде  дайындау – біздің қолымызда. Себебі  ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.