Алматы облысы ,Талдықорған қаласы
№28 ІТ мектеп-лицейінің
көркем еңбек пәнінің мұғалімі:
Ниязбеков Нұрбол Тәңірбергенұлы
Еліміз жаһандану заманында сан- қилы кезеңдерден өтті. Түрлі саланың өзгеруі ,жаңаруы бұл — қазақ халқының болашаққа деген көз-қарасын өзгертіп, кемелденген мемлекет болуы еді. Ертеден — ақ «білімсіз күнің жоқ» деп ата- бабаларымыз айтқандай қазіргі білім саласында біршама өзгерістің бары анық. Ол әрине жаңартылған білім мазмұны. Өз салама байланысты көркем еңбек пәнінің маңыздылығын жаңартылған білім бойынша тарқатқым келеді.
Білім саласындағы кез келген пән қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық.
Көркем еңбек пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай-ақ оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс-әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады.
Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық дамуын, өзіндік, кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.
Көркем еңбек пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім – тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым – қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті – еңбек екенін уақыт дәлелдеуде.
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу» бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену – Ы. Алтынсарин 1887 – 1888 жылдары орыс – қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған. Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс – әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Көркем еңбек сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз:
«Сөзден – іске көшу».Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.
Көркем еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі – мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.
Сабақ – оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация – оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу – оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту – оқушылардың туа біткен ақыл – ой қабілетінің жеке дамуының жан – жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
– оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану
– сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б.Көркем еңбек – пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі – қазіргі заманға сай ақпараттық – коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі.