Home » Білім » 12 жылдық білім алушының құзіреттілігі: шетел тәжірибесі негізінде

12 жылдық білім алушының құзіреттілігі: шетел тәжірибесі негізінде

Әлемдік білім беру кеңістігінде 12 жылдық орта білім басым (Еуропа Кеңесінің декларациясына сәйкес – 197 елде, 1992 жылдан іске асырылды), оның ішінде дамыған елдерде: Финляндия, Сингапур, АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т.б. ТМД елдерінен Латвия, Литва, Эстония, Армения, Грузия, Тәжікстан, Өзбекстан 12 жылдық оқыту моделіне көшті.

Финляндиядағы оқыту моделі: 6+3+3. Финляндия міңдетті білім жүйесі 7-16 жастағы балаларға арналған 9 жылдық жалпы білім беретін мектептен құралған («peruskoulu»). Білім алушының ниетіне байланысты жоғарғы мектепке дайындалу үшін қосымша 10-сыныпқа қалуға құқылы. Негізгі мектепте оқу барлығына міндетті. 2016 жылдан бастап фин мектептерінде «phenomenon based learning» «феномен», «құбылысқа» негізделген оқыту жүйесі енгізіліп жатыр. Іс-жүзінде бұл дәстүрлі пәндердің орнына тақырыптар біріледі. Финляднияда жоғарғы мектеп 10-12 сыныптарды қамтиды. Жоғарғы мектеп гимназия (жалпы) және кәсіби мектеп болып екі бағытқа бөлінеді. Гимназияларда академиялық білім алады. 2 жылдан соң академиялық университетке қабылдау емтиханың тапсыру арқылы түсуге құқылы. Кәсіби мектептер жұмысқа бағдарланған. Оқыту процесі өндірісік практикамен тікелей байланысты. Кәсібі мектепті тәмамдаған білім алушы құзыреттілігіне негізделген керекті біліктілігін алып қолданбалы ғылымдар университетіне түсе алады.

Сингапурдағы оқыту моделі: 6+5+3. Орта білім беру жүйесі: бастауыш (6-12 жас аралығы), орта мектеп (12-17 жас аралығы) және университет алды(17-20 жас) бөлімнен тұрады.  Бастауыш білім беру жүйесі 3 кезеңге бөлінген. «Фундаменталдық дайындық» кезеңінде білім алушы 4 жылда ана тілі (қытай, мали немесе тамиль), ағылшын тілі, логикалық ойлауды дамытуға үшін математиканын бастапқы курсымен танысады. Сонымен қатар мектеп бағдаламасына этика, еңбек, музыка және дене шыңықтыру кіреді. Келесі «Арнайы дайындық» кезеңінде білім алушылар топтарға бөлініп біліктілігіне сай ана тілін, ағылышын тілін және математиканы тереңдетіп оқиды. «Қортыңды емтихан» кезенінде білім алушылар (Primary School Leaving Examination, PSLE)  емтиханын тапсырады. Емтихан қорытындысы бойынша орта білім бағыты  анықталады. Сингапурда орта мектептері: «Экспресс», «Арнайы», «Стандартты (техникалық)» және «Стандартты (академиялық)» 4 бағытқа бөлінген. «Экспресс» және «Арнайы» бағыттарында оқыту ұзақтығы 4 жыл. Оқыту соңында О-деңгейі бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады. «Арнайы» бағыттың «Экспресстен» бір ғана ерекшелігі ана тілін тереңдетіп оқыту. «Стандартты (техникалық)» бағыт техникалық пәндерді тереңдетіліп оқытумен ерекшеленеді.

Америка Құрама Штаттарындағы оқыту моделі: 6+3+3. Бастауыш сынып 1-6 сыныптарды құрайды. Орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші мектеп (7-9 сыныптар) және жоғары мектеп (10-12 сыныптар). Кіші орта мектеп 7-9 сыныптар жалпыға бірдей оқу бағдарламамен оқиды. Жоғары орта мектеп 10–12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пәндері және практикалық, академиялық бағыттағы бейіндік пәндер берілген.

Жапониядағы оқыту моделі: 6+3+3. Бастауыш сынып – чугакко 1-6 сыныптарды құрайды. Орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші мектеп – чугако (7-9 сыныптар) және жоғары мектеп – като-гакко (10-12 сыныптар). 10-12 сыныптарда 5 түрлі техникалық, сауда, ауыл шаруашылық, флоттық, қосымша  мектептер болып құрылған.

Германиядағы оқыту моделі мектептердің түрлеріне қарай 4+5+4 және 6+4+3. Біріншім модель бойынша бастауыш мектепте 1-4 сыныптар, негізгі мектепте 5-9 сыныптар оқиды. 9-сыныптан кейін жұмысшы мамандықтарын таңдап, оқуды колледждерде жалғастырады. Бұл модель бойынша оқуды бітірген түлектерге жоғары оқу орындарына түсуге шектеу қойылған. Екінші модель бойынша бастауыш мектепте 1-6 сыныптар, негізгі мектепте 7-10 сыныптар, бейіндік мектепте 11-12 немесе 11-13 сыныптар. Мұнда ЖОО-ына 12-сыныптан кейін де түсуге немесе дайындық курсы ретінде 13-сыныпта да білім алуға болады.

Норвегиядағы оқыту моделі: 7+3+3. Білім беру жүйесі 3 кезеннен: бастауыш мектеп 1-7 сыныптар, толық емес орта мектеп 8-10 сыныптар және гимназия 11-13 сыныптардан тұрады. Бастауыш мектепте білім алушылар көп уақытын, әліппе, базалық қосу мен азайту, білім беру ойындары және ағылшын тілінің базалық ұғымдарын оқу үстінде өткізеді. Жоғарғы мектеп «Жалпы» және «Кәсіби» болып бөлінеді. Өздігінен әрбір жоғарғы мектеп бірнеше бағытқа бөлінеді. «Жалпы» жоғарғы мектептер «Оқыту мамандығы», «Ән-күй, драма және би», «БАҚ және коммуникация», «Спорт және дене тәрбиесі», «Өнер, дизайн және сурет» бағыттарға, ал «Кәсіби» мектептер «Денсаулық сақтау, ерте балалық шақ және жастарды дамыту», «Ауылшаруашылық, балық және аң шаруашылығы», «Мейрамхана және тамақ өнеркәсібі», «Қызмет және транспорт», «Техникалық және өнеркәсіптік өндіріс», «Құрылыс», «Дизайн, өнер және қол өнер» және «Электротехника».

Шолпан Шуиншина

Орта білім институтының директоры

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.