Home » Мақалалар » Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа технологиялардың рөлі

Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа технологиялардың рөлі

Таштемирова Земфира Ахметқызы
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, «Қарлығаш»
балабақшасының орыс тілі пәні мұғалімі

Халықаралық білім беру кеңістігінде болып жатқан үдерістер қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, білім парадигмасын әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда.

Білім жүйесінде болып жатқан реформа  мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа тәсілдерді және оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа тиімді нысандарын іздестіруді талап етеді.

Балабақша — балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді. Осы орайда балабақшада заманауи технологияларды қолданудың маңызы ерекше.

Қазақстанда жаңа технологияларды мазмұны мен сипатына қарай жіктеген бірнеше ғалымдар бар. Оқушылардың шығармашылық дағдысын қалыптастырудағы технологиялардың мүмкіндіктері (Ж.А.Қараев, Б.А.Тұрғынбаева, Ә.Жүнісбек), педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен қолдану аспектісі (Қ.Қ.Қабдықайыров, Қ.М.Нағымжанова, М.М.Жанпейісова және т.б.).

Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру ұйымында жаңа технологияларды қолдану маңызды болып табылады. Соның бірі  арт — терапия. Арт-терапия балаға өзінінің шығармашылық қабілетін ашуға  мүмкіндік береді.  Арт — терапия бейнелеу, мүсіндеу, музыка өнерінің элементтерін қолдану  арқылы ұйымдастырылады.

Арт — терапия бейнелеу, мүсіндеу, музыка өнерінің элементтерін қолдану  арқылы ұйымдастырылады.

Арт — терапия баланың бойында төмендегі құзыреттіліктерді қалыптастырады:

  1. Шығармашылық
  2. Танымдық
  3. Интеллектуалдық
  4. Коммуникативтілік

Арт-терапияның көптеген түрлері қолданылады. Атап айтсақ, музыка терапиясы, құм терапиясы т.б. Бұл технологиялар баланың релаксациялық қасиеттерін дамытады. Мысалы, құм терапиясы арқылы бала өзінің қиялын, қол моторикасын дамытады. Құммен сурет салу бүгінгі білім беру жүйесінің инновациялық технологияларының бірі болып табылады. Құмды алақанымен  ұстаған кезде бала белгілі бір шексіздікті сезінеді. Р.В. Паранюшкиннің айтуы бойынша, құм адам бойындағы жағымсыз энергияны тазартады, адамға позитивті психологиялық ахуал сыйлайды. Креативті ойлау дағдысы арқылы баланың өзіне деген сенімі артады. Сурет салу бала қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Музыка терапиясы баланың зейінін бір нысанаға шоғырландыру үшін қолданылады. Музыка тыңдаған баланың әсемдікке, сұлулыққа деген сүйіспеншілігі оянады. Ырғақпен айтылған музыка әуені баланың ми қатпарларының дұрыс жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Баланың көңіл күйін көтереді, мотивациясын оятады. Бейнелеу өнері немесе сурет терапиясы. Баланың шығармашылық дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

Баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы бейнелеу өнері арқылы жүзеге асады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту құралы ретінде  сурет салу терапиясын қарастырып көрейік.  Суреттердің  тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін. Балалар өздері қызыққан суреттерді салады. Қоршаған ортаны, жекелеген заттарды, әдеби кейіпкерлерді және т.б.

Балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда ұлттық құндылықтар және баланың тұлғалық құзыреттілігін дамыту мәселесі негізге алынады. «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» атты білім беру бағыттарында инновациялық технологиялар мен ұлттық тәрбие үлгілері кіріктіріліп, заманауи талаптарға сай пайдаланылады. Заманауи тенологияларды пайдалану балалардың қызығушылығын оятады. Мысалы, «Шығармашылық» білім беру бағыты бойынша балалардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында белсенді әдістерді қолдануға болады. Атап айтсақ, миға шaбуыл, диaлoг, тoптық шығармашылық жұмыс, пaзл, cинквeйн т.б.

Ойын — мектепке дейінгі жастағы  бала қызметінің жетекші түрі, тиімді технологиясы. Баланың тілін дамытуда ойынның маңызы ерекше. Баланың қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.

Ойын балалар үшін айналаны танып-білу тәсілі. Ойын кезінде бала өзін еркін ұстайды. Дидактикалық ойындар арқылы балалар қоршаған ортадағы заттармен танысып, қасиеті мен сапасын ажыратуға, әртүрлі құбылыстардың ерекшеліктерін білуге талпыныс жасайды, өзіне қажетті көптеген мәліметтер жинайды және олардың сөздік қорлары кеңейеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күні өзекті. Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді қалыптастыру маңызды және қиын міндет болып табылады. Бұл мәселені сәтті шешу балаларды алдағы мектепке дайындау үшін де, басқалармен ыңғайлы қарым-қатынас жасау үшін де қажет. Сондықтан әр түрлі инновациялық және дамытушылық технологияларды қолдана отырып, тәрбиешінің балалармен мақсатты жұмыс жасауы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысының қалыптасуына әсер етеді. Танымдық-сөйлеу дамуын қалыптастыру және жандандыру үшін келесі инновациялық әдістер қолданылады инновациялық технологиялар қолданылады:

  • Денсаулық сақтау технологиялары,
  • ТРИЗ-технологиялар,
  • жобалау әдісі,
  • модельдеу әдісі,
  • Акт-технологиялар,
  • мнемотаблица технологиясы,
  • педагогикалық арт-терапия;
  • синквейн

ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған технологиялардың бірі болып табылады. Басты мақсаты мектеп жасындағы балалардың шығармашылық ойлау әрекетін және сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Триз технологиясын пайдалану барысында балалардың тілді меңгеру дағдысы дамиды. Атап айтқанда, сөйлеу процесі арқылы сөздік құру; сөз бен сөзді байланыстыру; қарым-қатынасты жандандыру, диалогтік сөйлеуді дамыту; сұрақтар қою білігін арттыру; сөзжұмбақ шешу; жылдам оқуға машықтану. Баланың тілін дамыту барысында мнемотаблица технологиясы жиі қолданылады. Мнемоника-грек тілінен аударғанда – «есте сақтау өнері» — деген мағынаны білдіреді. Бұл технология берілген ақпаратты жылдам есте сақтау үшін қолданылады.  Оның  мақсаты-есте сақтауды, ойлауды, қиялды, зейінді, атап айтқанда психикалық процестерді дамыту, өйткені олар сөйлеудің толық дамуымен тығыз байланысты. Сонымен қатар балалардың тапқырлығын, байқағыштығын, салыстыру қабілетін, маңызды белгілерді анықтау мүмкіндігін ашады.

Монтессори әдістемесі бала-бақшаның педагогикалық процесінің маңызды бөлігіне айналды.

«Cиквeйн» технологиясын талдайтын болсақ, Тақырыптың соңынан  бес жoл өлeң құpacтыpaды.

  • зат есім – бүгiнгi тaқыpып aтaуы (тepeк)
  • етістік терекке қатысты қимыл-әрекет (Тepeк нe үшiн кepeк деген сұрақтың төңірегінде (көлeңкeлейді, aуa тaзapтaды, әдeмiлiк cыйлaйды т.б.)?
  • сын есім – Oл қaндaй aғaш (жacыл, биiк, әдемі т.б.)?
  • тepeктeн бacқa қaндaй aғaштapды көpдiңдep немесе білесіздер? (қapa aғaш, қapaғaй, eмeн, шырша т.б.)

Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру мазмұны аясында  белсенді әдістерді, дидактикалық принциптерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану мұғалім жұмысының жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Копытин А. И. Основы арттерапии. СПб., 1999. 4. Психотерапия / Под ред. Б. Д. Карвасарского. СПб., 2000
  2. Сидоренко М.Н. Возможности арт-терапии в развитии и коррекции эмоционально-поведенческой сферы детей дошкольного возраста // Интернет ресурс: http://sibac.info/index.php.
  3. Мардер Л.Д. Цветной мир. Групповая арт-терапевтическая работа с детьми дошкольного и младшего школьного возраста. – М.: Генезис, 2007. – 143с.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.